Сабырлық
Сабыр- әдептілік- инабаттылықтың рухани тірегі. Сабырлы адам басқа түскен ауыртпашылықты мәрттікпен қабыл алады да, жеңіл, ұшқалақ кісі күйіп- піседі, өзін демде отқа бір, суға бір тастайды, қайғы- мұңға салынып, ұнжырғасы онай түседі. Бейкүнә жандардың жанын жабырқатып, әдепсіздік жасайды.
Адам өмірде қандай күйде болмайды. Кейбір кезде қуанышы қойнына симай, шаттанса, тағы бірде күллі әлем көзіне қара түнек болып көрінеді. Мұндай ретте, әсіресе әлі тәжірибесіз, буыны қатпаған дастар тығырыққа тіреліп, шарасыздыққа ұшырап, торығады.
Әрине, адам үнемі бірқалапты әрі көніл қалағандай күйде ғұмыр кешпейді. Сондықтан ренішті де қуанышты, бейнетті де рақат күндер алма кезек келіп отыратынын жадында ұстап, соған орай сабырлы болу, шүкіршілік ету мәнді қасиет болып табылады.
Сабарға құранда да зор мән берілген. Онда сабырлы кіыілерді өте тамаша адамдар деп атаған. Олар бұл дүниеде де, о дүниеде де Алла тағаланың айрықша сүйішпеншілігіне ие болады деп көрсетілген.
Адам әрдайым тілек- үмітпен ғұмыр кешеді. Қандай ауыр жағдайда да адамнаң кеудесінен үміт отының өшпеуі, ең алдымен сол сабырға байланысты. Қанағат та, нысыпта сол сабырдан тірек табады. Сондықтан да, Ислам дінінде сабырды барлық үлгілі қасиеттердің қайнар бұлағына балайды.
А.С Макаренконың " Ұстамдылығы немесе сабыры жоқ адам- тежегіші жоқ машина сияқты", — деген сөзі бұл мінезді жақсы сипаттайды.
Сабырлылық — адам мінез-құлқына тән байыптылық пен ұстамдылықты білдіретін асыл қасиет.
“Сабыр түбі — сары алтын”, “Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа” деген халық даналығында сабырлылық адамды жамандықтан сақтап, жақсылыққа бастайтын ізгі қасиет ретінде айқындалады. Сабырлылық қажыр-қайратпен ұштасып, ер бойындағы ар, ұждан, ынсап сияқты қасиеттерге негіз болады. Сабырлылық әрбір істің ақырын ниет ақтығына табан тіреп, әділеттілікке сенімін жоғалтпай күтіп, байсалды әрекет жасаудан көрінеді. Сабырлылық өз ісінің ақтығына сенімді, ниет-тілеуі түзу, тағдырдың бір құдайдан екендігіне сенетін, әрбір қиындыққа сынақ ретінде қарап, мойымайтын адамға тән. Сабырлылықтың қажыр-қайратпен оның адам бойындағы бойкүйездік, немқұрайдылық, еріншектік сияқты жаман қасиеттермен ымыраласпайтындығының негізгі белгісі. Себебі аталмыш жаман қасиеттер үмітсіздіктен, торығудан, жасып, жабығудан, тоғышарлықтан туындайды. Сабырлылыққа қарама-қарсы тағы бір ұғым орынсыз ашушаңдық болса, ол адамның ақылға жүгінбей, шолақ ойлар байыпсыздығының, салмақсыздығының көрінісі. Сондықтан да сабырлылық адами кемелдіктің белгісі ретінде ақылды — азық, қайратты — қару, иманды — серік еткен ер бойынан байыптылық, ар-ұят, ынсап ретінде табылатын асыл қасиет.
“Ас-сабур” — Құран Кәрімде Құдайдың көркем есімдерінің бірінен аталып, оны Алланының ізгі сипаты деп біледі. Құдайға тән “сабыр” сипаты адам ақылынан тыс екені белгілі. Себебі ол уақыт пен мекенге тәуелді емес. Ал уақыт пен мекенге және өзінің пенделік әлсіздігіне байлаулы адам үшін, “Иеңдей болам деме, иеңе ұқса” деген аталар өсиетіне лайық, ниетін түзеп, ізгілікке ұмтылуы, сабырмен серік болуы рухани дамудың жолы.
Сабырлық туралы мақал-мәтелдер:
Сабы бос шотпен отын жарма,
Сабырсыз доспен жауға барма.
Сабын кірді ашады,
Сабырсыз сырды ашады.
Сабыр — ақыл серігі (Майлықожа).
Сабыр — күн түсірмейтін сая,
Асығыс — аунатып кететін мая.
Сабырлы адам сақтанып сөйлер,
Сабырсыз адам мақтанып сөйлер, сапырыстырып, ақтарып сөйлер.
Сабырлының бағына алма бітер,
Сабырсыздың бағына қауа бітер.
Сабырсыз бақсы жолда отырып бал ашар.
Сабырсыз балық сағасынан ілінеді.
Сабырсыз қалар ұятқа.
Сабыр тасты да талқандайды.
Сабыр түбі сары алтын:
сарғайған жетер мұратқа,
сабырсыз қалар ұятқа.
Сайлау жердің ағашы,
сабырсыз ердің сазасы.