+3 дауыс
605 көрілді
Сыр бөлісер ешкімімде жоқ. Бәрі тек ішімде. Бір күні шыдамай қалатын болармын. Мені мазалап жүрген ата -анамның жиі ұрысып қалуы. Әкем анама орынсыз қол көтереді. Мен қатты шаршадым. Екеуінің арасында түсем деп шаршадым. Екеуі тек ұрыспаса екен деймін. Алладан бар тілерім отбасымның амандығы . Кеше де сондай ұрыс болды. Әкем анама қол көтерді. Ал мен араларында жылап қана отырам. Әкем маған жылап жатырау деп назар аудармайды. Не істесем болады достар.. намазға жығыламба деген ой бар.

4 жауап

+4 дауыс
ондай жағдай бәріндеде болады, қол көтерген өз алдына,тамақта ішпей,сабақта оқымай, талай сыртта түнеп тее жүрдікко.Сіздің жағдайыңызды өте жақсы түсінемін.Тіті дәрменім қалмағасын өз өзіме өлім тілеп жүрдім,қайтейін балалыққо.Құдайға шүкір әкем арақты қойды.Бұрын жек көретінмін,біреу тиісседе қайғырмайтынмын.Ал қазір әкем ауырып қалса,немесе біреу ұрысса жаным шығып кете жаздайды.Главный шыдамды болу керек екен.Шыдамды болуды үйрендім.Сізде Шыдамды болыңыз,тек шыдамды,ал намазға жығылу өз еркіңізде артық етпейді.Мүмкін кім біледі жеңілдеп қаларсыз.
Әкем арақ ішпейді...... кеңесіне көп рахмет
0 дауыс
Қиын жағдай екен. Адамның мінезі оның тәрбиесіне байланысты ғой. Қазір әйелдерді зорлық-зомбылықтан құтқару орталықтары бар. Олар әкеңмен сөйлеседі. Болмаса полицияға арыз жаз. Олар арнайы "орындау қағазы" деген құжат толтырып, әкеңе ескерту жасайды. Қайталанса, 10-15 күге әкімшілік қамауға алып кетеді.
0 дауыс
Мен оқуда болғанда ата-анам ылғи сөйтіп ұрсысатын. Қарындасым мен інім , анам үнемі жылап, көңіл-күйлері төмен болып жүретін.

Анам ажырасып кетті ақыры.Сот арқылы.
+1 дауыс
Өмірде бұдан өткен тозақ жоқ шығар деп ойлаймын. Сен өмірден түңілме, анаңмен бірігіп, одан кетіп қалыңдар. Қазір ана мен баланың құқығы деген бар. Барлық жерде ол әрекет етеді. Ең бастысы анаңа көмекші бол. Әйелге қол көтерген нағыз қорқақ адам, басқа жерде ол өзін көрсете алмайды, ал үйде солай күш көрсетеді. Одан сөз ұқпаса, кету керек. Өзің мықты бол , айналайын. Саған жақсылық тілеймін, өзің аңсаған жақсы күндер тез келсе екен, саған!
...