0 дауыс
7.9k көрілді
Баскетболды кім ойлап тапқан?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі - пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады. Баскетболдың негізін 19 ғ. кейбір мемлекеттерде кең таралған «құз басындағы үйрек» ойынымен байланыстырады. Бұл ойынның шартын Джеймс Нейсмит (1861–1939) жақсы білетін. Ойын шарты бойынша: ойыншы кішкентай тасты одан үлкен тастың үстіне лақтыру арқылы дәл ортасына орнатуға тиісті. Нейсмиттің жеке биографтарының айтуы бойынша, «құз басындағы үйректі» ойнаған кезінде жас Джеймстің басында баскетбол ойынының жалпы түсініктері қалыптасады. Бұл идея Джеймс Спрингфилд қалашығында орналасқан Халықаралық жастар жаттығу колледжінде анатомия мен дене шынықтыру пәнін жүргізген кезде пісіп жетіледі. Нейсмиттің байқағаны бойынша жастар қысқы гимнастикамен айналысуға ынта білдірмейтін. Содан Джеймс ойынды кішкентай спорт залда жүргізуге болатындай студенттерді ептілік пен координацияға үйрететін ойынға қатыстыру керек деген ойға келеді. Спорт залдың екі шетінде орналасқан балконға екі жеміс-жидек себеттерін бекітеді. Еденнен балконға дейінгі биіктік 3м 5 см құрайтын (қазіргі кезде бүкіл дүниежүзі ұстанатын стандартқа сай). Студенттердің басты мақсаты себетке доп кіргізу болатын. Осылайша баскетбол пайда болған. Алғашқы ресми тіркелген баскетбол ойыны 1891 жылдың желтоқсанында болған. Сол кездесу біз білетін баскетбол ойынынан сәл ерекшеленді. Нейсмит құрған командаларда 9 ойыншыдан болған (ол студенттер тобын тең екіге бөлген) ойынды футбол добымен ойнаған. Жаңа спорттық ойын туралы хабар бүкіл Америка жеріне жайылып, Нейсмиттің жұмыс істейтін жеріне көптеп хат келген. Хат авторлары жаңа ойынның шартын жазып беруді өтінген. 1892 жылы баскетбол ережелері жайлы алғашқы жарық көрген кітап 13 тарауды қамтитын, тараулардың көбісі күні бүгінге дейін күшін жоғалтпаған. Бірақ, Нейсмит ұсынған ойын ережелері бүгінгілерден ерекшеленеді. Мысалы, ойын ұзақтықтығы 15 минут болатын екі таймнан тұрады. Командадағы ойыншылар саны еріксіз бірақ, екеуінде де тең болуы керек еді. Добы бар ойыншыға шабуыл жасау тыйым салынатын – оған тек кедергі келтіруге болатын. Бұл ережені бұзған жағдайда, техникалық фол белгіленген. Егер фол екінші рет қайталанса, ереже бұзған ойыншы келесі гол соққанға дейін алаңнан қуылатын. Егер бір команда фолды үш рет қайталаса, оның себетіне гол соғылды деген ереже орын алады. Осы ереже жүзеге асу үшін тек бір ғана шарт қойылатын: қарсылас тарапынан бірде- бір фол болмау керек. Бір кезде команданың құрамында, себетті қорғайтын қақпашы да болған. Сол кездегі себеттерде бізге үйреншікті қалқан болмайтын. Ойын тез арада көптеген адамдарға мәлім болған. 19 ғ аяғына таман студенттік кампустар мен әр түрлі қалалардан келген командалардың арасындағы баскетболдық кездесулер жиі өткізілген. Әуесқой лигалары пайда болды. 1896 жылы Американың Трентон қаласында ұйымдастырылған баскетболдық кездесуде, жеңіске жеткен команда сыйақыға ие болған. Осылайша, 20 ғасырдың феномены – кәсіпқойлық баскетбол пайда болды.
+2 дауыс

Джеймс Нейсмит - жұбайымен бірге баскетболды ойлап тапқан!

0 дауыс
Александр папов
...