0 дауыс
11.8k көрілді
Үй жұмысына шешендік сөздерге үлес қосқан билер туралы мәлімет берді!!!!! өтінем,көмектеңісші!!!!!! 5 сынып

1 жауап

0 дауыс
Қазақтың ұлттық шешендік өнері.

Бізге жеткен деректерге сүйене отырып, қазақтың шешендік өнерінің атасы- Жиренше деп айтуғ,а болады. (ХІУ-ХУ ғ.)Әз Жәнібек хан мен Асан қайғыныің тұстасы ретінде айтылады.Майқы би, Аяз би (ХІІ-ХІІІ ғ.)

Қазақ шешендік өнерінің биіктеген кезеңі ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар. Демосфен, Цицерон адвокат әрі парламент мүшесі болған. Ал қазақтың аты аңызға айналған шешендері – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер. Би- халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы.Би- табиғи дарын, асылтекті ақыл, алыстан болжайтын көсем, тілінен бал тамған шешен.

Шешендік сөздің дамуына үлес қосқан Бұқар, Мұрат, Дулат,Шөже,Шернияз, Шал, Қазтуған сынды ақын- жыраулардың шығармаларында кестелі сөз, оралымды ой мол кездеседі.

Қазақ шешендік өнерін үш кезеңге бөліп қарауға болады:

1. ХІ-ХІІІ ғ.-Майқы, Аяз би.

2. ХІУ-ХУІ ғ.- Асан қайғы, Жиренше.

3. ХУІІІ ғ.- Төле, Қазыбек, Әйтеке билер.

Қазақтың шешендік өнері туралы пікір айтқандар – Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаевтар. Шешендік сөздің табиғаты турыл еңбек жазғандар- А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин,

М. Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Ә.Мәметова, Х.Досмағамбетовтер.

Ал соңғы кезде шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқандар- Б.Адамбаев, С.Садырбаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев, С.Негімовтер.

Әбіш Кекілбаев : “Бірі бастап берген әңгімені екіншісі қостай жөнелгенде, тоты құстың қауырсынындай құлпырып, аяқ астынан ажарланып жүре беруші еді. Сол үшеуінің аузының дуасындай бірлік бергенде, қазақтың жұлдызы қалай- қалай жарқырар еді. Қандай қиын түйінде де Әйтеке бауыздап, Қазыбек ұшалап, Төле мүшелеп берер еді. Қандай қиқар даукесің де Әйтеке айтқанда құлақ аспасқа, Қазыбек айтқанда қоштамасқа, Төле айтқанда “ төресі осы” деп жығыла кетпеске жағдайы жоқ-ты.

Әйтеке жарып, Қазыбек қазып, Төле тауып айтады” деген сөз осыдан қалған екен.Үш арысты қазақ сөйлетіп қойып, қақаған қаңтарда арқар сорпасын ішкендей бусанып, тал бойы түгел еріп, балбырап отырар еді-ау? “

Шешендік сөздің түрлері.

Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай беске бөлінеді:

1. Әлеуметтік- саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптағы баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, съезд, сессиялардағы сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси- әлеуметтік шолулар жатады.

2. Академиялық шешендік. Бұған жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар жатады.

3. Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздар. Прокурордың айыптау сөзі, әлекметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың, айыпкердің сөзі жатады.

4. Әлеуметтік- тұрмыстық шешендік сөздер. Мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында, қабір басында, көпшіліктің алдында айтылатын сөздер жатады.

5. Діни қызметте қолданылатын шешендік сөздер (уағыз). Уағыздау, иман сөздері жатады. Таным мен білім, рухани дүниені дамыту, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда, адамзатты ізгілікке, қайырымдылыққа үндеуде тәрбиенің құралы ретінде шешендік сөздер тарихымыздың, қоғам мен мәдениетіміздің айнасы болмақ.

Шешендік сөздің түрлері.

 



Шешендік сөздің тектері

Шешендік сөздің түрлері

Стильде-

рі

Негізгі тілдік құралдар

1.

Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер

Баяндамалар, мәжіліс, митинг, конферен-

циядағы сөздер, үгіт- насихаттық шолу, дипломатиялық сөз.

Публистикалық,рес-ми, ғылы-

ми

Афоризмдер, терминдер, фактілер, сілтемелер, қаратпа, қыстырма сөздер.

2.

Академиялық шешендік сөз.

Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы лекция, баяндама, шолу, хабарлама.

Ғылыми, ресми, публистикалық

Фактілер, терминдер, салыстырмалар.

3.

Әлеуметтік- тұрмыстық шешендік сөздер.

Салтанаттарда, мерей

тойларда, дастарқанда, қабір басындағы сөздер.

Көркем әдеби, публистикалық

Мақал-мәтелдер, афоризмдер,тұрақты сөз тіркестері,

Оқшау сөздер, сөз айшықтары

4.

Сот ісінде қолданылатын сөз.

Прокурордың айыптау, адвокаттың қорғау, айыпкедің қорғану сөздері.

Ресми, сөйлеу, публистикалық

Іскерлік қатынас тілі, мақал-мәтел,риторикалық сұрау

5.

Діни қызметтегі шешендік сөздер.

Уағыз. Иман сөздері.

Сөйлеу тілі, публистикалық

Діни терминдер, имандылыққа үндейтін сөз орамдары.

 

Шешендік сөз сапалары.

Шешендік шығармашылық биікке көтерілген кезде көрінеді. Шешендік сөзде сөйлеу айшықтары мол болады. Сөйлеу айшықтары дегеніміз- тыңдаушыға әсерлі, сөйлеудің мәлерлілігін, экспрессивті мәнін күшейтетін синтаксистік құрылымдардың ерекшеленген формалары, оған шендестіру, градация, қайталау, риторикалық сұрау т.б. жатады. Шешендік сөздерде бейнелі эпитеттер, образды теңеулер, аллитерация, ассонанстар мол қолданылады.

Шешендік сөздерде мақал- мәтелдермен қатар өзгенің сөзінен келтірілген дәйексөз орын алады.Қыстырма, қаратпа сөздерді қолдану,тыңдаушы мен айтушыны жалғастыратын иә, жоқ, ал, керек, сияқты сөздері де кездеседі.

Шешендік сөздің сырты қандай сұлу болса, іші де сондай мазмұнды, терең мағыналы, “тыңдаушысын бордай езілтуі” негізгі шарт түрінде қала бермек.

Шешенге қойылатын талаптар.

Шешендік- ұлы күш. Шешен- ділмар, тапқыр, ресми жиындарда шығып сөйлеуші.

Қойылатын талаптар:

1. Тілдлік қабілеті мол, сөздің табиғатын түсіне білуі.

2. Білімді, үнемі ізденіп, жан-жақты жетілуі.

3. Шыншыл, шындық негіздеріне сүйену.

4. Нақты, деректі сөйлеуі.Білмейтін нәрсені айтпауы.

5. Жинақылық, киімі, өзін ұстауы, қол қимылдары сөз мазмұнымен үйлесуі.

6. Аңғарымпаздық, тыңдаушысын бақылап, көңіл күйді ажырата білуі, адамгершілігінің жоғары болуы.
...