+2 дауыс
6.9k көрілді
Қазақстандағы ауасы таза және лас қалалар ?

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан қалаларының ішінде ауасы ең таза қала - Орал, ал Алматы ең лас қала атанып отыр. Мұндай тұжырымды Уральская неделя басылымы "Қазгидрометтің" 2013 жылғы мәліметіне сүйене отырып жасады. Республикалық кәсіпорынның мәліметінше, Оралда ауаның ластану индексі нөлге тең, ал Алматы қаласында - 11,5 пункт. Басылым жарияланған инфографикадағы мәлімет бойынша, Екібастұз (1,8), Қостанай (2.0), Павлодар (2,4), Астана және Балқаш (2,9) қалаларында ауа қатты ластанбаған. Ал ауаның ластану индексі бойынша әсіресе Алматымен, Шымкент (8,6), Өскемен (7,6), Тараз (7,4), Қарағанды (7,0), Теміртау (6,9) және Жезқазған (6,5) қалалары қатты ластанған.

+1 дауыс
Ең ауасы таза қала - ол Қызылорда. Себебі, Қызылордада жылына 300 күн жел соғып тұрады.
0 дауыс
Өзімнің Оралымғо. Ауасы керемет жер!!!!!!
...