Адам өмірді өзі қиындатады... Бала кезімізде, басқада бар ойыншық бізде болмаса немесе үлкендер қалағанымызды жасамай қойса, өмір біз үшін қиын және қатігез сияқты көрінетін, ал қазір сол балалық шақтың бал күндерін аңсаймыз, неге тезірек үлкен болуды армандадық дейміз, неге сол кезде жыладық дейміз, қарап тұрсақ сол балалық шақ өте оңай әрі қызықты болған екен... Есейдік, мектепке бардық, мектептегі тапсырмалар мен мектептен тыс уақыттағы үйдің кішігірім шаруалары біз үшін өте қиын, таусылмастай көрінетін, достарымыз жаңа смартфон алса біз одан қалыспау үшін ата-анамызды қинап, жағдайына қарамай смартфон алдырттық, ал қазір қарап тұрып, тағы да ойланамыз, неге мектептен кетуге асықтық, неге ата-анамыздың жағдайына қарамай олардан қымбат дүниелер талап еттік, ол дүниелерсіз де өмір өтетін еді ғой, сол шақтар оңай әрі бақытты еді... Қазір де, басқалардан сәл қалып кетсек, өмір біз үшін ауыр, қатал сияқты көрінеді. Неге озуға талпынбаймыз?! Неге сәл ғана қиналсақ, өмірден түңілеміз?!... Өмірдің екі ережесі бар, бірінші ереже - ешқашан да ұтылмау, екінші ереже - біріншісін ұмытпау... Бір сөзді ұмытпа - "СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ" Біреуге жақын доссың, біреуге жерлессің, Біреуге сүйікті баласың, біреуге бауырсың, Ең болмаған жағдайда, дені сау адамсың... Әрбір пенденің маңдайында пешенесі, Егер де көңіліңе тисем, кешірерсің, Мүмкін кешігерсің немесе үлгерерсің, Бақыт қай жерде күтіп тұрғанын кім білсін. Өз басым білмеймін, бірақтан да сеземін, Жерде қалмаймын, болашақ жарқын, сенемін. Ақырын келем жоспарлаған жоспарыма, Үмітсіз адам, сенің ойыңша, адам ба? Алғашқы қадам ба жасауға қиын болатын, Егер де солай болса, уақыт келді қиналатын. Себебі сен жасамасаң, алғашқы қадам, Бұл әлемде табылады басқа бір адам... Көрсет наразылық, өз ойыңды айта біл, ЕБІ ЖОҚ ЕТ БОЛЫП ЖАТҚАНША ДОСЫМ ТІРІЛ, Жүзінен күлкі кетпейтін адам ол емес бақытты, Ол жай ғана сабырлы және де мықты... Кішкентай бүлдіршін секілді ертегіге сенесің, Аспанға қарап сен бір ғажайыпты күтесің, Ертең үйленесің, бала-шағаң болады, Сол кезде сені үлкен қиындық күтіп тұрады...