Ал қаржы саласын таңдадым алдағы уақытта өкініп қалмаймын ба?
Сіздерден ақыл-кеңес сұрап отырмын.
А,қалай ойлайсыздар өмірде екі нәрседен қателеспе дейді ғой соның бірі мамандық таңдаудан,өкініп қалмаймын ба?
Арманым ИТ маманы болу еді эх(
Қаржы маманы болсам төмеңдегідей жұмыстарды атқарамын ба?
Қаржы мамандығы бакалаврының біліктілік мiнездемесі
Кәсiби қызметтiң саласы
Осы мамандық бойынша бiтiрушiлер басқарушылық, кәсiпкерлiк, меншiктiң барлық формалары бар кәсiпорындарында және жұмыс саласы, қаржы органдары және сақтандыру, банктiк ұйымдардың кәсiпорындарында, бағалы қағаздар рыногында коммерциялық жұмыстарды жүзеге асырады.
Қаржы бакалаврлары микро және макродеңгейлердегi ақшалай-несие және қазыналық саясаты өткiзулермен қаражаттарды басқару және ұйымдастырумен шұғылданады. Осы профильдiң бакалаврлары компанияның қаржылық жай-күйiн талдаудан өткiзуi қажет, табыстардың үлкеюiне, шығындарды және қауіптердi барынша азайтуға себепші болуы керек, сапалы қаржы қызметтерiн беру арқасында рынокты қанағаттандыруы керек.