+3 дауыс
2.0k көрілді
Немістер біздің қымызды өз патенты етып алды? Біз кайда қарап отырамыз? Немістер біздің қымызды экспога алып келмекшы. Жагдай не болады?

8 жауап

+1 дауыс
Бұл қымызды,қазыны,киіз үйді, және тағы басқа қазақтың ұлтық тағамдарын шетелдіктер менікі деп алып жатыр емеспе?.
Қазы Орыстардікі деген распа
Қазы Италияндардікі сияқты
+6 дауыс
Себебі бізде ұлттық құндылықтарымызды патенттеуге бағытталған ресми органдар жоқ. Болған күннің өзінде үкімет тарапынан қолдау таппайды. Біздің сыртқы және іщкі саясаттың басты бағыты экономика болып тұрғанда, мәдениет, әдебиет, рухани және материалдық байлықтарымыз қалтарыста қала береді. Сөйтіп өзге ұлттар патенттеп ала береді. Үкіметтің жұмысы өз алдында. Қарапайым халықтың санасын ояту бөлек мәселе. Неге екені белгісіз "қазақтікі" екен десе, "жоқ!" , "ата-бабамызда ондай болмаған" деп тарих жайлы толғанып тастаймыз да, ат-тонымызды ала қашамыз. Шетелдікі ғана керемет деп, өзгенікін зор, өзіміздікін қор санамай, барымызды қадірлеп, басқаларға мақтанышпен таныстыра алатын болсақ, басқалар да  жөн жосықсыз көз қызартпайтын болады.
0 дауыс
Уа халқым, тіпті жаңалқтардан бұл жайлы беріп жатыр ғой. Шын мәнінде осы сұрак мені қатты толғандыруда...... егер олар алып келер болса,сонымен қоса бізде ұлттық мақтанышымыз деп көрмеге қойсақ.... кімнің қымызы деп айтылар екен.???.... олар қонақ болып келеді. Сонымен немістер дұрыс болып шықпайды ма? Казір барын күтуге болады ғой.. тіпті олар авторлық құқығымыз деп шықпас па екен? Солайша бір ұлттық кұндылығымыздан айырылып қаламыз ба? деген ой қазақ елінің азаматшасы ретінде мына мені толғандыруда......... бір шара қолдану керек қой. .қалайша қол қусырып отырады билік басындағы патриот азаматтарымыз????
Неге минус жақсы айтыпты.
+2 дауыс
Қазақ қымызы туралы ертеректе тамсанып айтқан қаншама атақты шетелдіктердің көне жазбалары іспетті құнды материалдарымыз барда кімдер патенттемек түгілі мойындарына ыдысымен бірге асып жүретін болса да біздің қазақтың қасиетті сусынын өзімізден өзге ұлт өкілдері мұрагер боп қарық бола алмайды.

Десек те, өте орынды әрі талқылауға, сондай-ақ, амал етуге тұрарлық күрделі мәселе қозғалып отырған.
+1 дауыс
Бітті онда бәрі бітті!!!
+2 дауыс
Қазақ жылқы мінезді халық қой кетті бітті деп отыра береді ғой Қазақстанда париоттизімдер бүгінгі таңда жоқ
0 дауыс
Алуы мумкин бырак тарих бойынша биздики гой сонда да! Бирак ол биздин мактанышымыз деуге де болады!)
0 дауыс
Жүрік қой өзіміздің қымызымыз, көкпарымызды біреуге беріп.
...