Себебі бізде ұлттық құндылықтарымызды патенттеуге бағытталған ресми органдар жоқ. Болған күннің өзінде үкімет тарапынан қолдау таппайды. Біздің сыртқы және іщкі саясаттың басты бағыты экономика болып тұрғанда, мәдениет, әдебиет, рухани және материалдық байлықтарымыз қалтарыста қала береді. Сөйтіп өзге ұлттар патенттеп ала береді. Үкіметтің жұмысы өз алдында. Қарапайым халықтың санасын ояту бөлек мәселе. Неге екені белгісіз "қазақтікі" екен десе, "жоқ!" , "ата-бабамызда ондай болмаған" деп тарих жайлы толғанып тастаймыз да, ат-тонымызды ала қашамыз. Шетелдікі ғана керемет деп, өзгенікін зор, өзіміздікін қор санамай, барымызды қадірлеп, басқаларға мақтанышпен таныстыра алатын болсақ, басқалар да жөн жосықсыз көз қызартпайтын болады.