Дәулетінің молдығы Нұртазаны жүз орап алатын Әлти жалшыны екілеп-үштеп емес, елулеп-алпыстап жалдайды (С. Мұқанов). Мағрипа осының екеуінің де дәмін татты. (Оралхан Бөкей. "Жесірлер"). Қыс қаттырақ болып, биелеріміздің біразы іш тастап, сауамыз деп отырған биеміз үшеу-төртеу-ақ еді.(С. Мұқанов) Қосшығұлдың тірі бес баласының бесеуі де өте зор денелі адамдар.(С. Мұқанов. "СІБІР ӘНШІ"). 1944 жылғы бірінші қыркүйек күнінен бастап, екеуін тапқан жерде ұстайтын үкім шығарып, үйездік үкімет атынан Ма шяньгон мөр басқан бұйрық еді. (Жанат Ахмади. "Дүрбелең"). Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І. Жансүгіров)