Жұмысыма байланысты сақал мұрт қоя алмаймын, басшылық рұқсат етпейді. Сақал қояр едім, сәндік үшін емес, бір ғана себеппен, әлемдегі ең көркем, ең нұрлы адам Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) сақалды болуы, соған ұқсағым келуінен ғана. Басқа ешқандай себебі жоқ сақалға қызығуымның.