+4 дауыс
14.5k көрілді
Қазіргі таңда біздің халқымызды қандай мәселелер толғандырып жүр? Яғни Қазақстандағы өзекті мәселелер. Өз ойларыңызды айтыңыздаршы.

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазіргі таңда біздің халқымызды толғандырып жүрген ең басты мәселелері ол- жұмыссыздық, баспананың болмауы, өмірге қажетті заттардың қымбат болуы, тіл мәселесі, шындықтың болмауы және жалқаулық....

+2 дауыс
Бірінші, тіл мәселесі. Қазақ тілін қолдану аясын кеңейту керек, орысша, ағылшынша т.б. тілдерді шетелге барғанда ғана қарым-қатынас жасау үшін қолдану керек, Қазақстанда таза қазақша деген талап қою керек... Екінші, дін мәселесі. Ислам дінін таза ұстану керек, жастарымыздың адаспауы үшін мектеп кезден бастап "Исламтану" сабағын өткізу керек, басқа діндерді халық арасында насихаттауға шектеу қою керек... Үшінші, экономикалық мәселе. Халықтың қаржылық жағдайы күннен-күнге төмендеуде, шетелден тауар сатып алуды азайтып, өзімізден фирма, зауыттар ашу керек және жұмыссыздарды сол кәсіпорындарға орналастыру керек... Төртінші, жемқорлық мәселесі. Жемқорлықты түбегейлі жою мүмкін емес, бірақ азайтуға болады, азайту үшін әркім өзінен бастау керек, бірақ, ешкім азайтқысы келмейтін сияқты... Бесінші, жастар арасындағы қылмыс мәселесі. Бұл мәселені тоқтату үшін, жаза ауыр болу керек және учаскелік инспекторлар дұрыс жұмыс жасау керек... Жалпы, айта берсек Қазақстанда мәселелер өте көп, оларды жоюға әрекеттенсек нәтижесі жақсы болары сөзсіз, әрбір мәселені шешуге болады, "шешілмейтін түйін жоқ", сол мәселелерді шешуді өзімізден бастайық!
+2 дауыс
Халқымыздың көкейіндегі маңызды деген мына төмендегі мәселелер: жұмыссыздық, теңгенің құнсыздануы, қымбатшылық, мемлекеттік тұрғын үйлердің қолжетімсіздігі, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлық. Ең бастысы - халықты алға жетелейтін ортақ арман-мақсаттың (идеологияның) жоқтығы.
+2 дауыс
Дұрыс, қазіргі ең біріншісі жұмыссыздық, азық-түліктің қымбаттауы болып тұр. Бірақ оны айта бергеннен не пайда тыңдайтын адам болмағасын. Жазылған жауаптарға қарап жазған адамның не ойлайтынын білмеймін. Осылай шұбыртып жаза береміз, ал соның себебін іздемейміз. Неге? Бұның бәрі 23 жыл бойы биліктің құрған лас жүйесінің арқасы. Басқа жүйеге ауыспайынша бұл жалғаса береді. Мысалы жыланды құртқың келсе оның құйрықтарын емес бірден басын шабамыз ғой. Сол сияқты осылай құйрық, аяқтарымен алыса бергеннен не пайда басы әлі жасап тұрса.
+1 дауыс
Қысқа айтып кетейін Тіл мәселесі,Жұмыссыздық,Баспанасыз үйлер,Қымбатшылық,Осылар халықты мазалап келе жатыр.
+2 дауыс
Жауаптарынызга коп рахмет!!! Мен осы маселелерди карастырып жоба дайындамакшымын... Комек корсеткендериниз ушин рахмет!!!
...