0 дауыс
4.5k көрілді
Камшат Доненбаеваның өмірі мен қызметі керек. Қазақстан тарихынан тапсырма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Камшат Байғазықызы Дөненбаева (15.09.1937 жылы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ленин совхозы) — ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқан атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері (1975). Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында жұмыс істеуден бастаған. 1961 жылдан Қостанай облысы, Боровский ауданы "Харьковский" совхозында механизатор болып еңбек еткен. Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы "Каменьск-Уральский" кеңшарында механизаторлар дайындайтын курсты, Қостанай ауыл шаруашылык техникумын сырттай оқып бітірген. 1972 жылы қайырмасыз соқамен жер жыртуда әйел механизаторлар арасында өткізілген облыстық жарыста бірінші орынға, республикалық жарыста үшінші орынға, 1973 жылы Ростов облысындағы Зерноградта бүкілодақтық жарыста жүлделі орынға ие болған.

1973 жылы 26579 га, 1974 жылы 38158 га, 1975 жылы 37199 га жер жыртып, жылдық міндеттемелерін асыра орындаған. Қазақ қыздарының ауыл шаруашылық техникаларын меңгеруіне үлгі өнеге болды. Камшат Дөненбаеваға Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Құрмет дипломы жөне "Москвич" автомашинасы берілді. Ол СОКП XXV съезінің делегаты, IX сайланған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты (1974).

1990-1993 жылдары осы кеңшарда қауіпсіздік техникасының инженері, 1993 жылдан шаруа қожалығын басқарады. 1980-1985 жылдары КСРО Жоғарығы Кеңесінің Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1976 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Екі рет Ленин орденімен, Құрмет белгісі орденімен марапатталған.
...