+3 дауыс
888 көрілді
Қалай ойлайсыздар алдағы тойламақ болып отырған Қазақ хандығының 550 жылдығына тарту етіп Петропавловск қаласын КЕРЕЙ қаласы, Павлодар қаласын ЖӘНІБЕК қаласы  деп атаса қалай болар еді? Қазақ хандығының іргесін қалаған қос арысымыздың аруағы да риза болар еді, әрі қатар жатқан қос қала қос арысымызға лайықты тарту болар еді. Бұның тағы бір тиімді жағы Ресей шовинистерінің қазақтарда мемлекет болмаған деген ауыздарына құм құйылар еді.

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Дұрыс айтасыз. Мен сізбен келісемін. Тек Петропавловск пен Павлодар облыстарын ғана емес, басқа да қалалар мен аудан атауларын өзгерту керек деп ойлаймын. Өйткені, әлі күнге дейн, біздің Республикамыздың кейбір жерлерінде орыстар Қазақстанды біздің жеріміз деп есептейді.
+4 дауыс
Қазақ хандығының 550 жылдығына  қазақтың рухын көтеретін жақсылып тұрып бір кино түсірсе де жетеді?
бір-ақ кино ма не? бір киноң дымға жетпейді
+3 дауыс
Сізбен толықтай келісемін!
+1 дауыс
Қазірден бастап бірден өзгертіп қойса жақсы ғой. Бірақ оны тыңдайтын да тыңдата алатын да адам жоқ. Айта кететіні оның солай аталуы үшін көп уақыт керек. Уақыт болғанда да бірнеше ұрпақ алмасу керек шығар. Өйткені егер солай қала аты өзгере қалса оны ешкім жаңа атымен атамайды, ешкім. Бұрынғыша Петропавл, Павлодар болып жүре береді. Әрине атын қазақшаға өзгетсе мен де қолдаймын. Бірақ сол ешкімді де қызықтырмайды-ау.
+1 дауыс

Меніңше, ескі аттарын қайтып берген тиімдірек. Өйткені, Керей қаласында қылмыс болды, Жәнібек қаласында адам өлді деген сөзуарлар ерсі естіледі.

Марат, қылмыс болмайтын, адам өлмейтін қалаларды қайдан табамыз?)
+1 дауыс
біздің ұлттық нақышымызга жататын қымыз, көкпар, ұлттық киым, домбыра,киіз уйлерымызды накты казак елініңкы екенын дәлелдеп жаксылап алемге корсетсе мыне елымызге ен үлкен сыйлық,елым жерім деп дүниеден откен ата бабаларымыздын рухына деген үлкен бағас жетпес құрмет болар еды
0 дауыс
Олардың өздерінің қазақша аттары бар емес пе? Қызылжар, Кереку деген. Басқа атқа ауыстырудың не қажеті бар? Оданда сол қалалардың атын ауыстыруға жіберетін ақшаға басқада мемлекетке пайдалы жұмыстарға жұмсасын!!!! Қаланың аттарын ауыстыру оңай жұмыс емес. Қалай тұр солай тұра бергені дұрыс. Қаланың атын өзгерткеннен келіп кетер ештеме жоқ! Одан адамдардың тұрмыс жағдайы жақсармайды!
Демо, сонда сіз Жәнібек пен Керейдің атынан, Қызылжар мен Кереку деген сөздер құндырақ деп ойлайсыз ба? Кереку деген сөздің хорунжий Коряковтың қазақша нұсқасы екенін білетін боларсыз деп үміттенемін.
...