Гиппократтың айтуы бойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық затқа байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын- қан, салқындататын- шырын (слизъ), құрғататын бауырдағы- сары өт және оны дымқылдандыратын –қара өт.
Сөйтіп, Гитппократ және оның шәкірттері адамдардағы тиемпераменттердің әртүрлілігі организмдердегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір бірінен аз көптігіне байланысты деп түсінген.Мәселен организмде қанның пропориясы артық болса,ол сангивинкалық, ал шырын басым болса флегматик темпераменті,ал органиизмде қара өт басым болса меланхолик,организмде сары өт басым болса холерик темпераменті деп атағн.Гиппократ организмедрдегі сұйықтықтардың бірі бірінен екіншщісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіріге де джарайды.Ол мидың рөлін түсіне білді,оны бездердің бірі деп санады.Бұл адамның жеке ерекшеліктерні жаратылыстың ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Темперамент типтерi
Темперамент - бұл адамның психикалық əрекетiнiң динамикасын айқындайтын дара қасиеттерiнiң жиынтығы. Ал қасиеттер iс- əрекетт iң барша түрiнде мазмұн, мақсат, сеп-түрткiлерге тəуелсiз, бiрдей сипатта көрiнiс бередi, ересек шақта да өзгерiссiз тұрақталады . Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгiлi темперамент типiне негiз болады .Темперамент типiнiң нақты көрiнiсi сан алуан . Олар тек сырттай əрекет-қылықта ғана емес, сонымен бiрге барлық психикалық құбылыстар да: сез iмде , ниет пен əрекетте, ақыл- ой жұмысында, тiлдесу ерекшелiктерiнде т . б байқалады.
Сангвиник - ж оғары дəрежелi əрекетшең адам, дегенмен, бұл əрекетшеңд i к оның белсенд iл iк қасиетi не сай , қозу мен тежелуi тепе-тең . Назарын тартқанның бəр i не араласа кетедi, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мəнерлi, шапшаң . Сəл нəрседен қарқылдап күледi, болмашы себептен көң iлi қалып , мұңаяды. Бет - жүзi нен көңiл -күй i, заттар мен адамдарға болған қатынасы б iл iн iп тұрады. Сез iм -талдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама əсерi болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейдi. Мұндай адам көтер iңк i белсенд iл iкке ие, жұмыс қаб iлет i мен қуатының жоғары болуынан жаңа i ске қаймықпай кiр iсед i, ұзақ уақыт талып -шаршамастан қызметi н жалғастыра алады . Зей i нiн таңдаған объектiне тез шоғырландырады, тəртi пт i, қажет болса , өзi нi ң ырықсыз əрекеттер i мен сез iмдерiне тоқтау , тиым бере алады . Əрекетi жедел , ақылы-ойы икемд i, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң . Сез iмдерi, көң i л- күй i, қызығулары мен ниеттер i өзгерген жағдайға байланысты жең i л ауысып отырады. Сангвиник төң i регi ндегi лермен т iл табысқыш , жаңа талаптар мен жағдайларға икемшi л . Қиналмастан б i р i стен ек iншi сiне ауыса алады , қажет болса , қайта үйрен i п, жаңа дағыларды қабылдауға шебер. Əдетте, бұл типтi адам өткенi мен болашағын болжастыруда өзiнiң субъектив пайымдау -ларының жетегiнде қалып қоймай, көб i рек сыртқы əсерлердi объектив бағамдауға бей iм , экстраверт.
Холерик. Сангвиник сияқты жай əсерлерге бер iлмейд i, əрекетшең жəне белсенд i. Бiрақ холериктiң əрекетшеңд iг i белсенд i лi ктен басымдау , сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба . Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемi кем i рек. Осыдан - ниеттерi мен қызығулары тұрақтылау, табанды , зей iнi н ауыстыруы қиындау , сез iм i көб i не сырттай көр iнед i, сондықтан - толық экстраверт.
Флегматик - əрекетi енжар , сез iмталдығы мен көң i л шарпулары кем көр iн iст i. Оны күлдiру де, мұңайту да оңай емес, төң i ректi ң бəр i күлк iден жығылып жатқанда, олмi збақпас . Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсалдылығын жоймайды . Ым-ишара жоқ, сөз i сылбыр , əрекетi жай . Жаңарған жағдайға икемделуi қиын, дағдылары мен əрекет-тер i н өзгертуi ауыр. Солай да болса , флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сез iмге бер i л -мейдi. Əдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейдi, сырттай əсерге төз i мдi. Бар бiлгенi iшiнде - интраверт .
Меланхолик. Өте сезiмтал, бiрақ əрекетшеңдiгi кем адам. Болмашы нəрседен көз не жас үйiрiліп , өкпелегiш , сырттай əсерд i күйзелiспен қабылдайды . Ым- ишарасы жоқтың қасында , дауысы мен қозғалысы өте сылбыр . Əдетте, өзiне сен i мсi з, үркек, болмашы қиындықтан шегiнедi. Меланхоликтiң ж iгер i кем , тез шаршайды, қызметi болымсыз . Зейiнi тұрақсыз, оның барша психикалық процестерi əлсiз . Көпшiлiк меланхоликтердiң өздерiнiң тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан iшiне түйгенi көп
- толық интраверт .
Əр адамның темперамент типi тума екендiгi қалтқысыз дəлелденген, ал қасиеттер түрi не байланысты белгiлi типтiң ұйымдасу проблемасы - əлi ғылыми шешiмiн таппаған.