0 дауыс
5.4k көрілді
Өмірде  көп қателікті  адам баласы, өз қолынан жасайды дейді, кей біреулер қатал тағдыр кінәлі дейді! Кей біреулер сол қателікті мінезінен табады...! Менің  өзіме ұнамайтын бір қасиетім яғни мінезім! Өмірде әртүрлі жағдайлар болады, соны тек жүрекке жақын алмауға тырысамын, кейде болады ғой болмашы нәрселерді, көңіліме тез алып қалатын жағдайлар болып қалады, сол кезде өзімді түсінбеймін! "Жақсы адамның ашуы, шәй орамал кепкенше дейдіғой" бұл мақалды айтуымның себебі өзімді мақтағаным емес,  көңіліме алған нәрсеге қапа болғанмен, тез қайтамын!  Осы мінезімді түзетуге тырысып жүрмін,  бірақ нәтиже шығара алмаймын! Осы сұрағыма  нақты болашақта нәтиже шығатындай  ақыл-кеңестеріңізді қосуларыңызды өтінемін....!!!

2 жауап

+1 дауыс
Әр адамның мінезі  әртүрлі менің де кейде ұнамайтын мінездерім бар,тез ашу шақыратыным бар.Осыдан арылу үшін міндетті түрде сабырлылық,өзіңді дұрыс ұстау,кез-келген нәрсеге бола ұрысып қалмау керек деп ойлаймын."Жақсы адамның ашуы, шәй орамал кепкенше "  деген мақалыңыз өте орынды,сіз мақтанғаннан айтып отпағаныңызды білемін.Ашуланшақ адам болсада тез ұмытып кетуі керек,кек сақтау өте жаман әдет,себебі сол кек сенің жүрегіңде қалып қояды.
0 дауыс
Әр адамның өзіне тән мінезі болады. Ия, бұл да қалыпты жағдай болар. Тек кез келген нәрсені көңіліңе жақын алмауға тырыс, жай ғана мән берме, "Осы мінезімді түзетуге тырысып жүрмін" депсің,  мұның өзі нәтиже.
...