0 дауыс
9.4k көрілді
Орама тамақты қалай жасауға болады?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Орама

Қамырына:
су 1 стакан
жұмыртқа 1 дана
өсімдік майы 2-3 шәй қасық
ұн 3 стакан
тұз
Салмасына:
фарш 500-700гр
пияз 3 дана
сәбіз 2 дана
өсімдік майы 3 ас қасық
тұз, бұрыш
Дайындалуы:
Бірінші жоғарыдағы қоспалардан жақсылап қамыр илеп аламыз. Қамырымызды салмасын дайындағанша бетін жауып біраз уақытқа қойып қоямыз. Картоп, сәбіз, пиязды төртбұрыштап майдалап турап оған фаршты қосып, тұз, бұрыш және өсімдік майын құйып жақсылап араластырамыз. Қамырымызды алып, екіге бөліп жұқа қылып жаямыз. Жайылған қамырымызға өсімдік майын жағып салмасын салып, ораймыз. Енді орамамызды мантаварка салып 40 минут пісіреміз. Дайын болған сон ыдысқа салып аскөк сеуіп дастарханға қоямыз. Бетіне тұздық жасасаңыз да өз қалауыңызда. Астарыңыз дәмді болсын!

0 дауыс
Орама даярлау жолы . Жұқа жайылған қамыр майланып, үстіне майда туралған ет пен пияз қосылады. Кейбір кезде орама картоп немесе асқабақтан жасалады ...

Ұқсас сұрақтар

...