+2 дауыс
20.6k көрілді
Сіздің қазіргі айтысқа деген көзқарасыңыз?

7 жауап

+2 дауыс
Қазіргі айтысқа көңілім толады, дегенмен кейбір айтыскер ақындардың айтысқа қатыспайтыны өкінішті.Сүйікті айтыскер ақындарым:Әлібек Серғалиев, Жандарбек Бұлғақов, Балғынбек Имашев, Айнур Тұрсынбаева
+1 дауыс
Қазіргі айтыстар жақсы деуге болады кейде шындықтарды айтып жатады жалпы көңілім толады шын айтам.))
+1 дауыс
Қазіргі айтыс осыдан 10 жыл бұрынғы айтыспен салыстыруға келмейді. Себебі, қазір көрінген ас беру- жиын тойда айтыс өткізіліп жатады. Айтыс кәсіп болып кеткен, яғни ақша табудың көзіне айналған. Манап, Әселхан сияқты керемет айтыскерлер қазір жоқ деуге болады. Балғынбек Имашев, Ринат Зайытов сияқты бірлі-екілі талантты айтыскер ақындар болмаса, қалғандары орташа деңгейде ғана.
0 дауыс
Бізде қазір мықты айтыскер ақындар жоқ емес бар-ау. Бірақ соларды айтысқа жақындатпай тұр ғой. Бірінші айтыс деген не дегенге тоқтала кетсек. Айтыс бізде баяғы заманнан келе жатқан дәстүрлі дода. Айтыста көбінде шындық, елдің ішкі сыртқы жағдайы туралы шындықтар айтылады. Баяғы заманда да небір қатал, ештеңеге қарамайтын хандарды бір-екі ауыз өлеңмен осындай жүректі ақын, жыраулар емес пе еді тоқтатқан? Иә қазіргі айтыс 10 жыл бұрынғымен салыстыруға келмейді. Ол кезде бала болсам да тілдері өткір, шындықты айтатын ақындар қатысқан айтыс ұнаған. Міне бар бәле сол кезден басталды. Мұндай айтыс ұнамаған билік ақыры жаптырды. Бұл туралы айтыстың ағасы Жүрсін Ерман сұхбаттарының бірінде айтқан еді ғой: Жоғары жақтан қоңырау шалғандар айтыс жабылсын деген бір ауыз бұйрық берілді деп. ТВ-дағы жаңалықтарда Қазақстан туралы оның тоқтамай дамып бара жатқандығы туралы өтірікті бөсіп, көпіртіп айтатын еді. Нұр отан партиясы айтысқа демеуші болғалы сол ауру енді айтысқа жұқты. Тіпті қарағың келмейді қазіргі айтысты. Тек билікті мақтап, бірін-бірі мазақ қылып мыжып отырады. Нағыз ақын халықтың жағында болу керек еді ғой. Қазір де ондай ақындар бар, бірақ олардың айтысын ТВ-дан көрсетпейді.
0 дауыс
Балғынбек Имашев жақсы айтыскер, шындықты шынайы да, әзіл түрінде де жеткізе біледі. Сондай айтыскердің бірі - Ринат Зайытов, өкінішке орай айтыстан қол үзген, бірақ ақындықты әлі де жалғастыруда, Ринат ағамыздың айтысқа қайта оралуын тілеймін.
0 дауыс

Маған қазіргі айтыс ұнайды, мәнді әрі сәнді мен дән ризамын

0 дауыс
Қазіргі Телеайтыстың тағы бір ерекшелігі — кадрден тыс отырған телекөрермендер залға қойылған камералардың күшімен бүкіл залдағы атмосфераны біліп-көріп отырады. Олар айтыстың кейіпкерлері — ақындардың бет-жүзі, толғанысы, сол сияқты залда отырған мыңдаған адамдардың айтысты қабылдауы сияқты көріністер. "Айтыс" хабары халықтың асыл мұрасын, төл өнерін тірілтіп қана қойған жоқ, сонымен қатар, айтыстың көптеген түрлерінің (қайым айтыс, жұмбақ айтыс, өтірік өлең, қыз бен жігіт айтысы т.б.) қайта жаңғырып өркендеп өсуіне, дамуына ықпалын тигізді, күннен күнге жетіле беруіне игі әсер етті. Бұл айтыс түрлерінде ақындық қасиет пен суырыпсалмалық өнердің ең басты да тартымды белгісі ұшқырлық пен ұтқырлық айтысқа түскен әрбір ақынның бойынан табылуын талап ететін жаңа әдіс-тәсілдер қолданылды. Мәселен, залдағы көрермендер ұсынған тақырыпқа екі ақынның табан астында өлең шығарып жауаптысуы. Бұл кез-келген айтыс ақынының қолынан келе бермейтін ерекше қасиет екені түсінікті.Кешегі от басы, ошақ қасында, ас пен тойда, ұзату, шілдехана, беташар, тұсаукесер, сүндет тойында ауыл арасындағы өлеңшілер айтқан қайым өлең енді арнасы кеңіп, аудан, облыс, тіпті республика көлемінен шығып бірнеше мемлекеттер арасында өтіп жатқаны біле белген адамға ірі жетістік.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
3 жауап
+2 дауыс
2 жауап
...