+2 дауыс
769 көрілді
Қазсат-2 спутнигі қазіргі таңда қандай мақсаттарда қолданылып жатыр?
ешқандай

1 жауап

+1 дауыс
Бүгінде Қазсат ғарыш қондырғысы негізінен қазақстандық операторларға қызмет көрсетуде. Олардың саны 17-ге жуық. Болашақта олардың қатары көбейетініне сенім мол. Себебі қазірдің өзінде көршілес Қырғыз, Өзбек елдері біздің спутниктің қызметін пайдалануға қызығушылық танытып отыр. Қазсат – Қазақстанның ғарыш кеңістігін игеру бағытында жасаған алғашқы қадамы. 2009 жылдың соңында «Қазсат-2» Жер серігі ғарышқа аттанады. Оны құрастыру жұмыстары бүгінде Ресейдің Хруничев атындағы орталығында қарқынды түрде жүруде. Екінші қазақстандық спутниктің сыртқы бедері алғашқы қондырғыға ұқсас болғанмен, оның техникалық сипаттамалары біршама өзгертілген. Қондырғының сыртқы сауыты полимерлік материалдан жасалады. Полимер жеңіл материал болғандықтан, мамандар бұл шешім арқылы жер серігінің бортында қосымша қондырғылар орнатуға мүмкіндік алып отыр. Талғат Мұсабаев, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы: - Қазақстанның ғарышты бағындырудағы алғашқы қадамы жаман болған жоқ деп санаймын. Жер серігі жұмыс істеп тұр, қазір мені түсіріп тұрған телевидение біздің отандық Қазсат арқылы көрсетеді. Мен таяу уақытта, дәлірек айтсақ, келесі жылы басқа елдердің де бұл жүйеге қосылатынына сенімдімін. Ал болашақта біз ғылыми мақсаттарда пайдаланылатын Жер серіктерінің тобын жасауды жоспарлап отырмыз. Алғашқы қазақстандық спутник туралы алып-қашпа әңгіме де, күмән да болғаны рас. Дегенмен, бұл жобаның сәтті жүзеге асқанына бүгінде ешкім де жоққа шығара алмайды. Болашақта еліміз ғарышты игеруге бағытталған батыл қадамдарын жалғастыра бермек.

Толық мында:
http://asyl-bilim.kz/load/p_nder/fizika/arysh_25_bet/4-1-0-765
...