Рухы биік атама
Арнаймын бұл өлеңді,
Рухы биік атама.
Жау шапты деп қорықпай,
Жанын берген майданда.
Алай-дүлей соғыста,
Қып-қызыл қан майданда.
Күш-жігерін салған ол,
Елін-жерін қорғауға.
Өзі батыр, өзі дана, сөз шебері Бауыржан.
Елін ғана қорғамай, қазақтығын сақтаған.
Жүрседағы қайда ол,
Қазақ тілде сайраған .
Майданда да соғысқан,
Жазу жазып талмаған.
Өсиетін арнаған,
Болашақ ол ұрпаққа.
Үлгі болар баршаға,
Батырлығы, ергілі.
Даналық пен әділдік,
Жүрегінің кеңдігі.
Елін-жерін сақтауы,
Өзгені ұлтты сыйлауы.
Мәңгі өшпес аты бар,
Артына салған ізі бар.
Арнаймын бұл өлеңді,
Рухы биік атама.