+2 дауыс
43.5k көрілді
Нұрсұлтан Назарбаев туралы шығарма жазу керек?
Президентіміздің аты - Нұрсылтан емес, НҰРСҰЛТАН

6 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақтың тұңғыш президенті

Президент дегенде – адам баласының ойында бай, текті отбасыдан шыққан деген ой туындайды. Ал қазақ елінің президенті 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында қарапайым Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары оқу орнын, 1967 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960-1969 ж.ж - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 ж.ж - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 ж.ж - Қармет комбинаттың партком хатшысы. 1977-79 ж.ж – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-ші хатшысы. 1979-1984 ж.ж – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 ж. ж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989-1991ж.ж – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. 1990 ж ақпан – сәуір айларының аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды болды. 1990 ж сәуірінен – Қазақ КСР президенті 1991 ж желтоқсанның 1-нде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. 1995 ж сәуірдің 29- ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігі 2000 ж дейін ұзартылды. 1999 ж қаңтардың онында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78% дауыс алып., Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 ж желтоқсанның төртінде сайлаушылардың 91,5% дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Елбасымыздың көптеген кітаптары, өлеңдері мен дәйексөздері бар. Мысалы: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында», және т.б. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған Елбасымыз жазғанын ұмытпаған жөн. Нұсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар жиі түсіп жатыр. Алайда, Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ . Өз есімін білім және Ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті мен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылды.

Н.Назарбаев 21 жыл президент болып келе жатыр. Осы 21 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елінің ішкі – сыртқы саясатын, экономикасын едәуір көтерді. Тіпті макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді. 1995 жылы тамыз айында еліміздің Негізгі Заңын қабылдап, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның құндылықтарын конституциялық нормаларға айналды.

Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы инситуттары мен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикамызда ауылдарды, шағын қалаларды, қалаларды дамытуға, тұрғын үй құрылысын дамытуға, егер де бір кәсіп ашамын десең, белгілі бір теңгеде несие беріліп, ал мамандық иесі боламын десең, белгілі мерзімде оқуға жіберуге және тағы сондайларға бағытталған ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асырылуда. Елбасымыздың осылайша мемлекетті басқаруының арасында Дүниежүзілік сарапшылар арасында «Қазақстандық үлгі» термині пайда болды.

Қысқа ғана мерзім ішінде үлкен дәрежеге жеткен Қазақстан халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды.

Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Назарбаев көбінесе мәдениеттердің, өркениеттердің дамуына көп көңіл бөлді.

Елбасымыздың бастамасымен көптеген оқу орындар ашылды. Олар: Еуразия Ұлттық Мемлекеттік заң университеті, Назарбаев Университеті, лицейлер мен колледждер, Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүниежүзінің ірі оқу орындарда білім алып жатыр. Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған

Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі «Алтын Қыран» орденімен, сонымен қатар көптеген елдердің жоғары наградаларымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті басқару кезіңдегі, жүргізіп келе жатқан саясаты өзге мемлекеттерге қарағанда сапалы және тиімді.

Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – қазақ елінің, тұңғыш президентіне алғысымыз шексіз!

0 дауыс

Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады.

Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның елбасшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі елбасымыз Н.Назарбаевтың арқасы. Қазақ халқының ең қиын кездерінде билікті қолыны алып, қандай қиын жағдайлар болсын шыға білді. Елбасымыздың есімі тарихта мәңгі қалады. Елбасымыз не жасаса да біздің игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасайды. Еліміз өте тез дамып келеді. Біздің елбасымыз дүниедегі ең керемет елбасы. Олай ойлауымның себебі президент рөлінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бар жан-тәнімен қазақ халқын тек алға басады. Елді бірлікке шақырды. Қазақ тілінің тәуелділігін асырды. Қазақстанның жас азаматтары үшін қазақ тіліндегі балабақшалар, мектептер, спорт кешеңдерін және т.б оқу орындарын ашты. Қазақстан тарихы, мәдениеті, әдеби шығармалары, өзінің ақын-ғалымдарымен, әлемдегі алып жатқан жерлерімен дүниеге танымал. Біздің кең байтақ әдемі жеріміздей жер бұл дүниеде жоқ шығар.

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Адамның ұлты бейбітшілік пен достастыққа кедергі емес. Елімізде түрлі ұлт адамдары татулықта бірге жұмыла отырып, қызметін әр түрлі саласында еңбектенуде. Біздің халқымызда елін ардақтау сезімі өте терең дамыған. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз өз елің сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Біздің осы бір қасиетіміз жанымызға ана сүтімен тарап, мәңгілік сақталып келген. Өйткені Отан бізге оттан да ыстық. Мен осындай елде туғанымды мақтан тұтамын. Өйткені қазіргі кезде басқа елдерде соғыстар, көтерілістер, ашаршылық болып жатыр. Ал біздің елбасымыз мұңдай жағдайларға жол бермей, елді тек жақсы өмірге бағыт беруде. Қазақстанның қарулы күштері болса біздің болашағымызға қауіп-қатер толмауына дәлел бола алады. Біздің еліміз әрқашан да бейбітшілікті құрметтеген. Елбасымыз Қазақстанымызды соғыстардан алуақ ұстаған.

Н.Назарбаев әрбір отбасына бейбіт өмір сыйлады. Халықтың денсаулығын ойлап көптеген көмек жобаларын, тегін ауруханаларды ашқызды. Халықтың санын көбейтті. Қазір Қазақстан халқының саны 17 миллионға жетті. Басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарын жақсарта түсті. Елді адал басқарып, халықтың құрметіне ие болды. Қазақстан дамыған елдер қатарына кірді. Осындай елде өмір сүру арман емес пе?! Әр адам өз туған жерін құрметтеуі және сүю керек. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз өмір сүре алмайды. Әр адамның тұрақты үйі, мекені болуы қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүре алады.
Президентіміз Қазақстан елордасын Астанаға көшірді. Біздің қазіргі елордамыз туралы үлкен мақтанышпен айта аламын. Астана мәдениеті мен экономикалық жағынан дамыған, білім мен ғылымның орталығына айналған өте әдемі үлкен қала. Қазақстанның басқа қалалары да Астанадан қалмайды. Барлығы дамыған қалалар. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Мен ақша туралы емес, Қазақстанның табиғаты туралы айтқым келген. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік таулары, мөлдір көлдері, өзендері, неше түрлі өсімдіктер өсетін жазықтары. Елімізде өте көп жануарлардың түрлері мекен еткен. Аңдар мен құстарға, дүниеде қырылып жатқан жануарларға арнап көптеген қорықтар жасалған. Қазақстанның жері өте әдемі. Отанымның шұрайлы жерлері мен шөбі шүйгін өлкелерің арқашан да мақтан тұтамын. Әрбір азамат өз елің құрметтеуі керек. Елің мақтан тұтып елінің намысын әрқашан қорғауы керек. Отанға деген махабаты үлкен болуы қажет. Өзінің ана тілін ардақтауы керек.

Отансүйгіш азамат ретінде президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі ретінде алсақ болады. Қазақ тілінің дамуына үлкен назар аударған елбасымыз болған. Ресей қол астында болып қазақ халқы бірте-бірте өз тілінен айрыла бастаған еді. Ал қазіргі кезде президентіміздің арқасында халықтың көбісі өз ана тілінде емін-еркің сөйлейді. Менің ойымша бұл өте маңызды іс. Өйткені өз ана тілі қазақ тілін білмейтін адам қалайша өзін қазақпын деп жариялай алады. Президентіміз жастайынан жақсы оқыған. Н.Назарбаев жай отбасында туып, металлургия зауытында жұмыс істеген. Одан кейін өзінің ақыл-ойымен президент болуға дейін барған. Қазіргі жастар үшін қолынан келген барлық жұмысты істеді. Басы тайған халқымыздың есесін қайтарып, қабырғалы берік ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған елбасының кеменгерлігі. Егер елімізді президентіміз Н.Назарбаевтай президенттер басқарса, біздің еліміз мәңгі тәуелсіз болып қала береді. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесің тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері 20 жылдан асты. Қазіргі Қазақстан туралы айтатын болсақ , көкірегінде мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асаулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Қазір еліміз дамып келуде. Еліміздің дамуына әр-бір отансүйгіш азамат теңізге тамған тамшыдай болса өз үлесің қосуы керек деп ойлаймын. Қазақстан менің туған жерім. Кім де кім менен Қазақстан туралы сұрап қалса, мен оған жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен түсінікті етіп айта аламын.

Болашақта менде президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ұқсаған ер азамат болуды армандаймын. Өз елімді мәңгіге мақтан тұтамын!

0 дауыс
nursiltan dep jazbasai ati nursultan goi
0 дауыс
НҰРСҰЛТАН

Өмірбаяны Отбасы және балалық шағы

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды. Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын. Қызмет жолы 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы. 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы. 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды. 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1] Оппозиция Назарбаевті келіспеушілікті басты деп айыптады. Ол жеңген президенттік сайлауды Қазақ оппозициясы және батыс бақылаушылары қатты сынға алып, сайлау демократиялық стандартарға сәйкес келмеді деді.[2] Егемендік. Президент Отбасылық жағдайы Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Президенттің үш қызы бар: Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[3] Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар. Ғылыми еңбектері Кітаптары Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы: «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983), «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984), «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988), «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992), «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992), «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993), «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994), «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996), «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997), «Тарих толқынында» (А., 1997), «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997), «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002), «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002), «Сындарлы он жыл» (А., 2002), «Еуразия жүрегінде» (А., 2005). Өлеңдері Дәйексөздері “Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.” “Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз.” “Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.” “Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.” “Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”[4] Нұрсұлтан Назарбаев атында Нұрсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар қазақ қоғамын жиі шулатып жатады. Алайда Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ. Өз есімін білім және ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті пен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев Орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылады. A. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Шанхай конференциясында. A. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев пен Владимир Путин A. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев және Лула Да Силва A. Шанхай ұйым басшылары A. Ядролық қаруға қарсы саммиті A. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев және Дмитрий Медведев A. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев және Джордж Буш Реформалары Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының (16.12.1991) – дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – бар ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған бүкілхалықтық референдуммен аяқталды. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады. Сөз бен баспасөз бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның тұсында ғана конституциялық нормаларға айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан және бірегей халық шаруашылық кешені күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа тап болған қазақстандық экономиканы өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік республика ретіндегі халық таңдаған үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге асыруға көмектесті.[5] 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген. Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті. 2011 ж желтоқсан айында Маңғыстау оқиғасы орын алды. ВВС-дің айтуы бойынша бұл Назарбаевтің билікте болған уақытындағы оппозицияның ең үлкен қозғалысы. 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Жаңаөзен мұнай қаласында мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне орайы демонстрацияғы шыққандар мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс туды. Қарулы күштер қару қолдану салдарынан 15 адам оққа ұшты, 100 астам адам жараланды.[6] Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті Қазақстан менеджмент институты Экономика және болжау институты Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті Ұлттық Мемлекеттік заң университеті Назарбаев Университетi Назарбаев Зияткерлік Мектебі[5] бірқатар лицейлер мен колледждер Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр. Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған. Басқа лауазымдары мен мансаптары Экономика ғылымдарының докторы (1993) ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған. Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі.[5]
0 дауыс
Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жайлы әңгімелеудің өзі – бақыт. Олай деудің себебі – басынан бейнеті арылмаған, «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының тәуелсіздіктің қыл бұғауынан мәңгілік азат болуы – осы есіммен тікелей байланысты. Ата-бабаларымыз жылдар бойы қан төгіп, күрессе де ала алмаған тәуелсіздікке біз тек өткен ғасырдың соңын ала ғана қол жеткіздік. Осыған орай 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойған осы тұңғыш Елбасымыз болды.

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген  Нұрсұлтан Назарбаев жасынан отбасына мейірімді, іні-қарындастарына қамқор, ата-анасының нағыз сүйеніші болып өсті. Шаруаға икемді, тіл алғыш, үлкен-кішіге ілтипатты бала үй-ішіне азық-түлік, малына жем-шөп тасумен өзі де айналысатын болған. Мектепте озат оқып, ылғи алдыңғы қатарда көрінетін, сыныптас достарынан да көмегін аямайтын. Мінезі орнықты, ісіне тындырымды да сабырлы Нұрсұлтан жаңалыққа жаны құмар жігіт болып өсті. Ол алғаш, барлық алғыр балалар сияқты, ұшқыш болуды армандаған, кейін ол ойынан бас тартты. Сөйтіп ол Днепродзержинск техникалық училищесін, Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, жоғары партия мектебін бітірді.

Нұрсұлтан Назарбаев қазір экономика ғылымдарының докторы, академик. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған игілікті істерге тоқталатын болсақ, ең бастысы, 40 жыл бойы 459 рет жер беті және жер асты ядролық жарылысын жасап, адамзат баласына ажал оғын төгіп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Астананы Елордаға көшірудің де ұлт тұтастығын, ел тыныштығын ойлаған Елбасының көреген бастамасы екендігі бүгінде баршаға аян. Қазіл бұл қала әлемді таңғалдырып отырған, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған сәулетті де сәнді елордаға айналды.

Қарап отырсаңыздар, қаншама ірі мемлекеттік мәселелер Елбасы көрегендігімен әрдайым оңтайлы шешімін табуда. Қытай мен Ресей сияқты алып мемлекеттермен арадағы шекараның жайы – Нұрсұлтан Әбішұлы бейбіт жолмен шешкен халықаралық мағынадағы ең сүбелі мәселелердің бірі емес пе?! Ал қазақтың ана тілін мемлекеттік тіл етіп, мәртебесін жоғарылатқан кереметті айтсаңызшы! Тұтастай мемлекет болып ана тілімізде ойлап, ана тілімізде сөйлейтін халге жеткеніміз жеңіс емей немене?!  Халықтың әл-ауқатын жоғарылатуға, қазақ ұлты санының өсуіне бар мүмкіндік пен жағдай жасалуда...

Нұрсұлтан Назарбаев халық тілегімен өткен 2005 жылғы сайлауда қайтадан Президент болып сайланды. Бұл – Елбасыға халқы тарапынан жасалған зор құрмет екені анық.

 

Мәлімет көзі: http://kazorta.org/
0 дауыс
Нұрсылтан емес Нұрсұлтан
Дұрыс жаз
...