+1 дауыс
2.4k көрілді
ҚР президент туралы шығарма жазу керек?

2 жауап

0 дауыс

Қазақтың тұңғыш президенті

Президент дегенде – адам баласының ойында бай, текті отбасыдан шыққан деген ой туындайды. Ал қазақ елінің президенті 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында қарапайым Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары оқу орнын, 1967 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960-1969 ж.ж - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1973 ж.ж - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1973-1977 ж.ж - Қармет комбинаттың партком хатшысы. 1977-79 ж.ж – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2-ші хатшысы. 1979-1984 ж.ж – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984-1989 ж. ж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989-1991ж.ж – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. 1990 ж ақпан – сәуір айларының аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды болды. 1990 ж сәуірінен – Қазақ КСР президенті 1991 ж желтоқсанның 1-нде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті. 1995 ж сәуірдің 29- ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігі 2000 ж дейін ұзартылды. 1999 ж қаңтардың онында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78% дауыс алып., Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 ж желтоқсанның төртінде сайлаушылардың 91,5% дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Елбасымыздың көптеген кітаптары, өлеңдері мен дәйексөздері бар. Мысалы: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Бейбітшілік кіндігі», «Ғасырлар тоғысында», және т.б. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған Елбасымыз жазғанын ұмытпаған жөн. Нұсұлтан Назарбаев есімін әртүрлі нысандарға беру туралы ұсыныстар жиі түсіп жатыр. Алайда, Елбасы барлық ұсыныстарға келісімін берген жоқ . Өз есімін білім және Ғылыммен байланыстыруды дұрыс санаған Н.Назарбаев өз атындағы университеті мен зияткерлік мектептердің ашылуына келісімін берді. Аталған білім беру орталықтарын өз бақылауында ұстауға тырысады. Назарбаев атындағы білім беру мекемелері Назарбаев қоры мен Назарбаев орталығының үйлестіруімен жүзеге асырылды.

Н.Назарбаев 21 жыл президент болып келе жатыр. Осы 21 жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елінің ішкі – сыртқы саясатын, экономикасын едәуір көтерді. Тіпті макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді. 1995 жылы тамыз айында еліміздің Негізгі Заңын қабылдап, дін бостандығы сияқты азаматтық қоғамның құндылықтарын конституциялық нормаларға айналды.

Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы инситуттары мен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикамызда ауылдарды, шағын қалаларды, қалаларды дамытуға, тұрғын үй құрылысын дамытуға, егер де бір кәсіп ашамын десең, белгілі бір теңгеде несие беріліп, ал мамандық иесі боламын десең, белгілі мерзімде оқуға жіберуге және тағы сондайларға бағытталған ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асырылуда. Елбасымыздың осылайша мемлекетті басқаруының арасында Дүниежүзілік сарапшылар арасында «Қазақстандық үлгі» термині пайда болды.

Қысқа ғана мерзім ішінде үлкен дәрежеге жеткен Қазақстан халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды.

Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Назарбаев көбінесе мәдениеттердің, өркениеттердің дамуына көп көңіл бөлді.

Елбасымыздың бастамасымен көптеген оқу орындар ашылды. Олар: Еуразия Ұлттық Мемлекеттік заң университеті, Назарбаев Университеті, лицейлер мен колледждер, Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүниежүзінің ірі оқу орындарда білім алып жатыр. Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған

Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі «Алтын Қыран» орденімен, сонымен қатар көптеген елдердің жоғары наградаларымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті басқару кезіңдегі, жүргізіп келе жатқан саясаты өзге мемлекеттерге қарағанда сапалы және тиімді.

Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан – қазақ елінің, тұңғыш президентіне алғысымыз шексіз!

0 дауыс

Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. 

Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның елбасшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі елбасымыз Н.Назарбаевтың арқасы. Қазақ халқының ең қиын кездерінде билікті қолыны алып, қандай қиын жағдайлар болсын шыға білді. Елбасымыздың есімі тарихта мәңгі қалады. Елбасымыз не жасаса да біздің игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасайды. Еліміз өте тез дамып келеді. Біздің елбасымыз дүниедегі ең керемет елбасы. Олай ойлауымның себебі президент рөлінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бар жан-тәнімен қазақ халқын тек алға басады. Елді бірлікке шақырды. Қазақ тілінің тәуелділігін асырды. Қазақстанның жас азаматтары үшін қазақ тіліндегі балабақшалар, мектептер, спорт кешеңдерін және т.б оқу орындарын ашты. Қазақстан тарихы, мәдениеті, әдеби шығармалары, өзінің ақын-ғалымдарымен, әлемдегі алып жатқан жерлерімен дүниеге танымал. Біздің кең байтақ әдемі жеріміздей жер бұл дүниеде жоқ шығар. 

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Адамның ұлты бейбітшілік пен достастыққа кедергі емес. Елімізде түрлі ұлт адамдары татулықта бірге жұмыла отырып, қызметін әр түрлі саласында еңбектенуде. Біздің халқымызда елін ардақтау сезімі өте терең дамыған. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз өз елің сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Біздің осы бір қасиетіміз жанымызға ана сүтімен тарап, мәңгілік сақталып келген. Өйткені Отан бізге оттан да ыстық. Мен осындай елде туғанымды мақтан тұтамын. Өйткені қазіргі кезде басқа елдерде соғыстар, көтерілістер, ашаршылық болып жатыр. Ал біздің елбасымыз мұңдай жағдайларға жол бермей, елді тек жақсы өмірге бағыт беруде. Қазақстанның қарулы күштері болса біздің болашағымызға қауіп-қатер толмауына дәлел бола алады. Біздің еліміз әрқашан да бейбітшілікті құрметтеген. Елбасымыз Қазақстанымызды соғыстардан алуақ ұстаған. 

Н.Назарбаев әрбір отбасына бейбіт өмір сыйлады. Халықтың денсаулығын ойлап көптеген көмек жобаларын, тегін ауруханаларды ашқызды. Халықтың санын көбейтті. Қазір Қазақстан халқының саны 17 миллионға жетті. Басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарын жақсарта түсті. Елді адал басқарып, халықтың құрметіне ие болды. Қазақстан дамыған елдер қатарына кірді. Осындай елде өмір сүру арман емес пе?! Әр адам өз туған жерін құрметтеуі және сүю керек. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз өмір сүре алмайды. Әр адамның тұрақты үйі, мекені болуы қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүре алады.
Президентіміз Қазақстан елордасын Астанаға көшірді. Біздің қазіргі елордамыз туралы үлкен мақтанышпен айта аламын. Астана мәдениеті мен экономикалық жағынан дамыған, білім мен ғылымның орталығына айналған өте әдемі үлкен қала. Қазақстанның басқа қалалары да Астанадан қалмайды. Барлығы дамыған қалалар. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Мен ақша туралы емес, Қазақстанның табиғаты туралы айтқым келген. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік таулары, мөлдір көлдері, өзендері, неше түрлі өсімдіктер өсетін жазықтары. Елімізде өте көп жануарлардың түрлері мекен еткен. Аңдар мен құстарға, дүниеде қырылып жатқан жануарларға арнап көптеген қорықтар жасалған. Қазақстанның жері өте әдемі. Отанымның шұрайлы жерлері мен шөбі шүйгін өлкелерің арқашан да мақтан тұтамын. Әрбір азамат өз елің құрметтеуі керек. Елің мақтан тұтып елінің намысын әрқашан қорғауы керек. Отанға деген махабаты үлкен болуы қажет. Өзінің ана тілін ардақтауы керек. 

Отансүйгіш азамат ретінде президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі ретінде алсақ болады. Қазақ тілінің дамуына үлкен назар аударған елбасымыз болған. Ресей қол астында болып қазақ халқы бірте-бірте өз тілінен айрыла бастаған еді. Ал қазіргі кезде президентіміздің арқасында халықтың көбісі өз ана тілінде емін-еркің сөйлейді. Менің ойымша бұл өте маңызды іс. Өйткені өз ана тілі қазақ тілін білмейтін адам қалайша өзін қазақпын деп жариялай алады. Президентіміз жастайынан жақсы оқыған. Н.Назарбаев жай отбасында туып, металлургия зауытында жұмыс істеген. Одан кейін өзінің ақыл-ойымен президент болуға дейін барған. Қазіргі жастар үшін қолынан келген барлық жұмысты істеді. Басы тайған халқымыздың есесін қайтарып, қабырғалы берік ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған елбасының кеменгерлігі. Егер елімізді президентіміз Н.Назарбаевтай президенттер басқарса, біздің еліміз мәңгі тәуелсіз болып қала береді. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесің тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері 20 жылдан асты. Қазіргі Қазақстан туралы айтатын болсақ , көкірегінде мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асаулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Қазір еліміз дамып келуде. Еліміздің дамуына әр-бір отансүйгіш азамат теңізге тамған тамшыдай болса өз үлесің қосуы керек деп ойлаймын. Қазақстан менің туған жерім. Кім де кім менен Қазақстан туралы сұрап қалса, мен оған жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен түсінікті етіп айта аламын. 

Болашақта менде президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ұқсаған ер азамат болуды армандаймын. Өз елімді мәңгіге мақтан тұтамын!

...