+1 дауыс
3.4k көрілді
8 сынып олимпиада тапсырмаларын орындап бересіздерме?

№ 1 есеп (10 ұпай)
А) Жас химик, ас үйдегі құбылыстарды бақылай отырып, химиялық құбылыстардың тізбесін жасады:
а) ұннан қамыр дайындау үшін соданы сірке қышқылында сөндіру;     

б) қанттың суда еруі;

      в) сүттің ашуы;

      г) шырынның ашуы;

     д) ыстық табада сары майдың балқуы;

     е) шайдің демделуі;

     ж) вареньнің қанттануы.

 Бірақ физикалық құбылыстарды да тізімге жазып жіберді, сол құбылыстарды көрсетіңіздер.

Б) Сіздерге мынадай заттардың қоспасы берілген: темір, ас тұзы,қара күйе (сажа), мыс.

Осы заттарды қоспадан бөліп алудың жоспарын құрыңыздар.

Осы қоспаны бөліп алу үшін қандай лабораториялық құрал- жабдықтарды қолдануға болады?
№ 2 есеп . (14 ұпай)
А) Табиғатта темір бірнеше минералдар түзеді. Ол магнетит Fe3O4 ,  гематит Fe2O3  лимонит  2Fe2O3 *3Н2О. Осы минералдардың қайсысында темірдің массалық үлесі өте көп.

 Б) +5 тотығу дәрежесін көрсететін оксидтің құрамындағы оттектің массалық үлесі 56,3% тең. Осы элементті анықтап, оксидтің формуласын табыңыздар.
 №3 есеп. (5 ұпай)

Мектептің ішінен оқушының химия пәнінен жазылған шпаргалкасы табылды, оның ішінде жазылған реакциялардың тек қана оң жақ бөлігі ғана сақталып қалған еді. Сіздер енді осы реакцияның сол жақ бөлігін қалпына келтіріңіздер.

        Mg(NO3)2 + Н2О
       MgCl2 + Н2     
        K3РО4 + Н2О
       Na2S + Н2О
      ZnSO4 + Cu
№4 есеп

Массасы 200г шаймен бірге адам судың қанша молекуласын ішетіндігін табыңдар.Бір шөлмек 0,5 л минералды су ішкендеше?

1 жауап

0 дауыс
1)а

2)б

3)г

4)а
...