Химия олимпиада тапсырмаларын шығарып бересіздерме?

0 дауыс
2.1k қаралым
8 сынып олимпиада тапсырмаларын шығарып бересіздерме?

№ 1 есеп (10 ұпай)
А) Жас химик, ас үйдегі құбылыстарды бақылай отырып, химиялық құбылыстардың тізбесін жасады:
а) ұннан қамыр дайындау үшін соданы сірке қышқылында сөндіру;     

б) қанттың суда еруі;

      в) сүттің ашуы;

      г) шырынның ашуы;

     д) ыстық табада сары майдың балқуы;

     е) шайдің демделуі;

     ж) вареньнің қанттануы.

 Бірақ физикалық құбылыстарды да тізімге жазып жіберді, сол құбылыстарды көрсетіңіздер.

Б) Сіздерге мынадай заттардың қоспасы берілген: темір, ас тұзы,қара күйе (сажа), мыс.

Осы заттарды қоспадан бөліп алудың жоспарын құрыңыздар.
Химия

1 жауап

+1 дауыс

ыстық табада сары майдың балқуы; құрамы өзгермей, тек агрегаттық күйі өзгереді. физикалық құбылыс.

темірді магнит арқылы бөліп алады. 

баскасы калай болады?
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы