Өзге ұлт өкілдерімен некеге көзқарастарыңыз қалай?

+6 дауыс
7.3k қаралым
Өзге ұлт өкілдерімен некеге көзқарастарыңыз қалай?  Мысалы: Тоқтар Әубәкіровтың, Мұхтар Әуезовтың , Жүсіпбек Аймауытовтың жұбайлары басқа ұлт өкілдері болған.. .. Ал егерде  сіздер басқа ұлт өкілінің қызына, жігітіне  ғашық болсаңыздар оған  үйленермедіңіздер ?
• Санаты: Жанұя | 7.3k қаралым

26 жауап

+7 дауыс
Жақсы жауап
Басқа ұлттың қызына шын ғашық болсам, ол да маған ғашық болса, ол қыздың бойында ибалылық пен имандылық болса, өз ұлты мен қазақ ұлтын бөлмей бірдей көрсе, бойында кейбір қазақ қыздарында болмаған қазақылық болса, ең бастысы ата-аналарымыз қарсы болмаса, ойланбай үйленемін.. P.S. Қан бұзылады, таза қазақтар азаяды деген сияқты пікірлер қате, адамның қанында, ұлтында тұрған ештеңе жоқ, бастысы ұрпақтарымыз қазақы тәрбие алса болды.
Тағы да, P.S. Қазақтың қанын өздерің-ақ тазарта беріңдер, мен жүрегімнің қалауын орындаймын :)
Хахаха!!! Қазақ қыздарында болмаған қазақылық, өзге ұлт өкілінің қызында қайдан болсын? Қазақта "Тәрбие тал бесіктен жер бесікке дейін" деген сөз бар. Бұл - бала ана құрсағында жатқанда-ақ тәрбиеленеді дегені. Өзге ұлт өкілі бола тұра қалай қазақы тәрбие бермек.
"Жүрегімнің қалауын орындаймын"-қандай жақсы сөз, жүрегің бүгін басқа жұрттың қызын қалапты ертең сол жұрт үшін өз халқыңды сатуды қаласа не істемексің?
Жүрегім ондай опасыздықты қаламайды деп сеніммен айта аламын. Және менің жүрегім басқа жұрттың қызын қаламаған, сөздің мағынасын түсініңіз.
•Meddi, саған айтқан жоқпын, жалпы айтып жатырмын.
Әйгерім Әлжанова, мен көздеп жүрген қазақи тәрбие алған, қазақша 100% білетін өзге ұлттың қызы бар шығар мүмкін?
Мен де дәл соны айтып тұрмын. Ата-анасы, туған туыстары өзге ұлт бола тұра қалайша қазақы тәрбие алмақ. Қазақты қазақтан артық ешкім білмейді, біле алмайды да.
+4 дауыс
Мүмкін, үйленуім мүмкін.

Қаншама жамандасаң да , даттасаң да.

Ең бастысы бір-бірімізге сай келсек болды
+6 дауыс
Қарсымын, қан бұзушылық. Ұлтшыл емеспін, бірақ қазақ қазаққа үйленгені дұрыс болады.
+7 дауыс
Жоқ. Қазақ жігіттері тұрғанда басқасын қайтем!
0 дауыс
Егер байдың қызы болса үйленем...
+3 дауыс
Басқа ұлттың қызына ғашық болсам, олда мені жақсы көрсе ойланбастан үйленер едім. Ең бастысы бақытты болсақ болды.
+5 дауыс
Өмір көрсеткендей, әркім өз өңірінің қызымен, жігітімен отбасы құрғаны дұрыс. Басқа ұлт түгілі басқа өңірдің менталитеті басқаша болады. Мысалы, Солтүстік облыстардың, Алматының қыздары Қызылорда облысында байласаң да тұрмайды ))
Уа) осы пікірді енді жазғалы отыр едім))) адамның ойы осылай да бір жерден шығады екен ғой))
+4 дауыс
Ұлт,дін деген нәрсеге қармайтын адамдардың қатарына жатамын. Бастысы адамның өзі...  Жақсы көретін , саған лайық жан болса болды емес па?!
Сіз қайдан жүрсіз? Сәлеметсіз бе!
:) Талай болды ғой кіріп жүргеніме...
Жоғалмаңыз!!!
Жарайды :)
+4 дауыс
Жоқ үйленбес едім.Қазақтың қызына үйленер едім.
0 дауыс
Уйлену керек болса уйленемін! Баларым әдемі болады ))
Дурыс айтасын)метистер адеми гой)
+6 дауыс
Əр ұлттың өзінің салты болады. Соған байланысты екі жұптың ата-аналарының арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Олар келіспесе жастардың да бақытты болуы екі талай. Діні бір адам болса қазақ жігіттің өзге ұлт өкілінің қызын алғанына қарсы емеспін. Ал діндері бөлек болса мəселесі көбейіп кетеді. Ұстанымдары бөлек болады. Қазақ қызының басқа ұлт өкіліне шыққанын қаламаймын. Неге екені белгісіз. өз ұлтыңның өкілімен шаңырақ көтергенге не жетсін:)
+6 дауыс
Қазақтың қарапайым қызына үйленер едім.
+7 дауыс
Махаббат деген - шынайы өмірдің сәулесі түскенде сейілетін тұман. Екі түрлі отбасының өмір салты ұқсамағандықтан бір ауылда тұратын жұбайлар да тіл табыса алмай жатады. Ал екі өңірден келген қыз-жігіттер де салт-дәстүр төңірегінде таласып жатады. Мүлдем екі басқа ұлттың көзқарасын, өмір салтын бір шаңырақ астына сыйдыруға махаббаттың күші жете ме? Менің бұған күмәнім бар. Кез келген ұсақ ұрыс керістің себебін жұбайлар жарының басқа ұлт өкілі болғандығынан деп есептейтін болады. Ең басты қиындық осы сияқты.
0 дауыс
Үйленер едім жақсы көріп, махаббат болып тұрса.
+7 дауыс
Ойландыратын сұрақ. Мен қазак жігітіне тұрмысқа шықтым. 3 балам бар. Болашақта балаларым басқа ұлттың өкіліне үйленемін десе қарсы болатын сияқтымын. Қазақтың салт-дәстүрін қазақтай болып ешкім қастерлей алмайды. Өзіміздің қазақтың қыз-жігіттері ешкімнен кем емес, артық болмаса. Қысқасы, мен қарсымын.
0 дауыс
Мен қарсы емеспін)
0 дауыс
Қарсымын. Бәрі басында жақсы болады, кейін өнерлері шығады. өйткені өз отбасымда бар
+1 дауыс
Басқа ұлт өкіліне ешқашан тұрмысқа шықпас едім, өйткені қан тазалығын сақтау керек. Қазақтың салт-дәсүрін, әдет-ғұрпын дәл қазақтай ешкім сақтай алмас. Мен үшін ұлт болашағы бірінші орында. Оның үстіне, өз елімнен таппаған бақытты өзге елден табамын деп ойламаймын. Ұлтшыл болсам, ұлтшыл шығармын, қазағымды жоғары бағалайтын шығармын, бірақ мен үшін қазақ жігіттеріне ешкім жетпейді.
0 дауыс
Мен шынымды айтсам метис баланы жақсы көремін. Оның анасы қазақ, әкесі түрік. Өзі өте сүйкімді. Кейде ойлаймын егер соған үйленер болсам, отбасымдағылар қарсы бола ма екен деп. Бірақ ол қазақ сыныбында оқиды, әрі қазақша таза сөйлейді. Өзіне қазақ болған ұнайтынын байқаймын. Және де қазақтармен көп араласады. Менің ойымша бастысы бір-бірін шын сүйсе болғаны емес пе?! Нағыз махаббат болса, барлық қиындықтан оңай өтеді деп ойлаймын)))
0 дауыс
Өзге ұлттың жігітіне тұрмысқа шығуға қарсы емеспін. Егер бір-бірімізді жақсы көріп, жарасып жатсақ, онда тұрған не бар деп ойлаймын. Бірақ, ата-ананы да тыңдау керек, олар әрине қарсы болады...
+1 дауыс
Қазақ қыздары ең әдемі, қолынан келмейтіні жоқ.Сондықтан мен бұған қарсымын, қазақ қызына үйленем.
+1 дауыс

Әрине қазір кейбіреулері махаббатты алға қойса, кейбіреулері ұлттық мүддені алға қояды. Менің ойымша, қазақ қазаққа үйленуі керек. Бірақта қазақ жігіттерінің өзге ұлт өкілдеріне үйленгендерін  және қазақ қыздарының басқа біреудің түтінін түтеткенін жамандамаймын.Бірақ, қазақ қазақпен болуы керек деп ойлаймын. Бұл біздің ұлттық дәстүріміз!

+1 дауыс
Мен түпкілікті қарсымын, мен ешкімді бөліп жарып жатқаным жоқ, дегенмен орыстану секілді белгілер міне осыдан шығады!!!
0 дауыс
Ғашық болып қалсам,ол да мені жақсы көрсе тұрмысқа шығар едім)) Ең бастысы махаббат,қалғаны бос әңгіме!
басқа жігітке ғашық болу ойыңда бар ма, қарындас?))
сіз барда қалай ғашық болам басқаға)))
+2 дауыс

Осы сұрақты осыдан бір-екі жыл бұрын бір қарындас жазған еді, сонда жазылған жауап.

Басқа ұлттың жігітін сүйемін, сонымен бас қосқым келеді, ата-анам қарсы,әсіресе әкем тыңдағысы да келмейді депсің. Бұлай бола берсе шет елге қашып кетсек па деген ойымыз бар дейсің. Мүмкін бұл мәселені шешудің оңай жолы болып тұрған шығар.Бірақ ата-ана алдындағы перзент парызы деген бар емес пе? Әрқайсымыз өз қарақан басымыздың ғана бақытын ойласақ басқа ұлттарды білмеймін, ал қазақтың қабырғасы қақырары анық…
Әке өз баласына еш уақытта жамандақ ойламайды, ол кісіні де түсінуге болады. Сен туған күннен бастап небір тәтті ойлармен бақытты болып, сен болашағыңды өзінше жоспарлап сонымен өзінің сені өсіруге, оқытуға, былайша айтқанда адам қылуға жұмсаған өмірінің өтеуі сол болады деп жүрген адам емес пе. Сөйтіп жүргенде сенің шешімің төбесінен тас түскендей болған ғой. Оны қазір түсінуің қиын, кейін бала өсіргенде білесің.Ешқандай әке өз перзентін қарғамайды да, жамандық ойламайды.Тулайды, ашуланады бәрібір жеңіледі, сен жеңесің.Шешеңе айтып әкеңе сөзі өтетін адамдар ағайын, достары сияқты адамдарды араға салып көр.Өз бармағын өзі шауып тастай алмайды, бәрібір көнеді.Бірақ сол керек па, соны тереңден ойлан.Мен әкемін,өмірді көргенмін.Сені танымаймын,«не болсаң, ол бол»-десем де болады. Бірақ олай істей алмағандықтан да сенің өміріңді, келешегіңді ойлап қиналып отырмын. Ертең үй болғанан соң ,өмірге бала келер. Ол бала қазақпын демейді әкесінің ұлтын алады. Кез-келген әке немере десе елжіреп тұрамыз. Әкең немересін көріп жүрегі езіліп, бар мейірін төгіп, кішкене кезіңдегі сені еске алып төбесінен асыра көтеріп кімнің баласысың десе немересі «атамның»-дейді емеспе, сол кезде әкеңнің төбесі көкке жетеді.Оның артынан "Құдай,құдай, қай елсің"- деп сұрайтынымыз тағы бар емес пе, сол кезле немересі: "қытаймын,өзбекпін немесе орыспын"-деп тұрса, жаңа ғана төбесі көкте тұрған әкең жерге кіріп кетпей ме. Сонда оның сені өсірген, жеткізген еңбегінің өтеуі не болғанын,өзіңнің казіргі жеңген жеңісіңнің не нәтиже бергенін сен де түсінесің, бірақ кеш,өте кеш болады. Әкең соны осы бастан ойлап отыр, сондықтан да ол әке. Сен бәрібір жеңесің,әке жеңіледі ішінен қан жылап, бірақ сол керек па, соны ойла..
Құрметпен JAKO ағаң.

0 дауыс
Салем, маған орыс жігіті мені жақсы көретінін айтты, біз бір бірімізді 6 жылдан бері танимыз. Қазақ тілін жақсы меңгерген, қазақтың салт-дәстүрлерін жақсы біледі, құрметтейді. Олда маған ұнайды. Бірақ үй-ішіме не айтарымды білмей жүрмін. Қандай ақыл айтасыздар?

Ұқсас сұрақтар

127,937 сұрақ
322,803 жауап
153,169 пікір
72,927 қолданушы