0 дауыс
402 көрілді
Шемішкеде қандай вирустық бактерия бар?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Пісте шағудың зияны

Күнді сүйіп өскен күнбағас пістесін зиян деуге де қимайсың. Көбі пісте шағуды мәдениетсіздіктің белгісі ретінде таниды. Кешірерсіз, бірақ кинотеатрда отырып поп-корн қытырлату мен сағыз шайнау мәдениетсіздікке жатпай ма сонда?

Пісте туралы тағы бір «аңыз» бар. Ол – соқырішек ауруы. Бұл аурудың туындауына пісте шағу кінәлі деп түсініп, пісте шаққан балаларын «Соқырішек боласың» деп қорқытатын ата-аналарға мұның ол ауруға еш қатысы жоқ екендігін айтып, алтыннан құлақтарына сырға тақтық. Пістенің соқырішекке ешқандай да қатысы жоқ. Бұл – ойдан шығарылған пікір, жасанды қорқыныш. Оны біз де ойымыздан шығарып отырғанымыз жоқ, мұны растаған – білікті мамандар.

Ал нақтырағына келгенде, пісте тіс кіреукесіне аса зиянды. Сіз пісте шағып отырғанда, тіс кіреускесінің сыртқа бедеріне пістенің қалай зиян келтіріп жатқанын аңғармауыңыз да мүмкін. Тіс кіреускесі бұзылған сайын ол жүйке талшықтарына және кариеске де кері әсерін тигізбек. Сонымен қатар пісте шағу әсерінен асқазанда қыжыл туындайды.
0 дауыс
Шемішкенің зияны өте көп.Мысалға ол семіртеді,ауруларға шалдықтыруы мүмкін және де оның қабығы кетіп қалса адам аппендицит болуы мүмкін

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...