+3 дауыс
7.8k көрілді
Бұрын үйде ағаш терезелер болған. Оларды қыс мезгіліне дайындау үшін тесіктерін бітеп, целлофан пленкамен сыртынан қаптап қоятынбыз. Ал енді пластик терезелер орнаттық. Үйдің ішіндегі шынылары салқын болып тұрады. Енді оларды қысқа қалай дайындау керек?

5 жауап

+4 дауыс
Мына ақпарат Жас алаш газетінде жарияланған екен. ПЛАСТИКАЛЫҚ ТЕРЕЗЕ – АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯН Соңғы кездерi үйлерге, пәтерлерге, коттедждерге жөндеу жұмыстары жүргi­зiлгенде, мiндеттi түрде терезелерге пластикалық терезе салу сәнге айналды. Тiптi жаңа салынған үйлердiң барлығында дерлiк пластикалық терезелер бар. “Үйге шаң кiрмейдi...”, “Экология­лық таза заттан жасалған” дейдi бұларды сатушы компаниялар. Жақында ресей­лiк бөлмедегi ауаны жаңарту жөнiндегi сарапшылар пластикалық терезенiң адам денсаулығына өте зиян еке­нiн дәлелдедi. Пластикалық терезенiң саңлауы жоқтығынан даладан таза ауа кiрмей, бөлме iшiндегi шаңдар көбейетiн көрiнедi. Бұл пластикалық терезеге қатыс­ты бiр ғана мысал. Оның бұдан да басқа керi әсерлерi толып жатыр. Терезелердi ашып, бөлме iшiндегi ауаны тазартамыз ғой, бiрақ, оны күнде жасай бермейтiнiмiз рас. Егер бөлмедегi ауа тарт­қыш вентиляция әлсiз болса, онда үйдегi ауа да ылғалды болады. Ылғал болған жерде, әрине, нешетүрлi микробтар (көгередi, сыз тартады және т.б.) жүредi. “Соңғы онжылдықта астма, аллергия, онкологиялық аурулар және терi ауруларының көбеюi – үйлердiң, пәтерлердiң, кот­тедждердiң iшiндегi ауаның, адамға жақпайтын климаттың салдарынан”, – дейдi немiс ғалымдары. Мамандар пластикалық терезеден бас тартып, ағаш (даладан таза ауа кiргiзетiн) терезе орнатуға немесе пластикалық терезеге ауа жi­беретiн клапан орнатуға кеңес бередi. Ал мұнда терезені жылыту жайлы:http://domisad.org/kakuteplitplastikoviyeokna/
0 дауыс
Ай оны қысқа дайындай алмайсың... Жә болмаса терезенiң жанынан дуалға ағашпен кленканы қағып қоя сал...
+3 дауыс

Пластик терезелерін реттеу – терезені орнатқаннан кейін де,  қолдану барысында да қажет болып қалатын қызмет түрі.

Пластик терезелерін не үшін реттеу керек?

Бірінші себеп – бұл қабырғалардың отыруы, яғни терезе жармасы жақтауға кей тұста тиіп тұрады.

Екіншіден, пластик терезелері дұрыс жабылмайды, яғни терезені алғашында дұрыс орнатпаған; ұсақ-түйек заттар немесе нақты бір ілгектері орта деңгейде тұрған жоқ (аз кездесетін жағдай).

Үшіншіден, көп уақыт бойы қолданыста болған терезе тығыздағышы нығыз тұрмайтындықтан жел өтіп тұрады.

Үш жағдайда да, белгілі бір шараларды қолданбас бұрын терезені жай ғана реттеп жөндеп көру керек.

Реттеудің технологиясы. Жабылған кезде терезе жармасы жақтауға тиіп тұрған нұсқаны реттеудің әдісін қарастырып көрейік. Ол үшін арнайы алты қырлы құрал қолданылады.

Бірінші кезең: үстіңгі ілгекті (кері итеру механизмі болып табылады) яғни, жарма жақтауға қосылған тұсты, жарманың асты-үстіне қарай жылжыту арқылы реттеу керек. Реттеуді жүзеге асыру үшін, терезені ашамыз, реттеу бұрандасын (ол жармада орналасқан) табамыз да, алты қырлы құралмен бұраймыз. Одан кейін терезені жауып көреміз, керек болса қайтадан реттейміз.

Екінші кезең: астыңғы ілгекті жарманың асты-үстіне қарай реттейді. Оны реттеу үшін пластик жақтауында орналасқан астыңғы бұранданы бұрайды. Ал жарманы асты-үстіне қарай реттеу үшін терезенің жармасында орналасқан алты қырды айналдырамыз.

Үшінші кезең: жарманың терезе жақтауына қалай қосылып тұрғанын анықтап алу керек. Жарманың бүйір жағындағы терезені жабатын механизмдерді (жарма бойында ондай бірнеше механизм бар) тауып аламыз, оны жапқан кезде, жақтауға кіретін басын  (бұрағыш не алты қыр көмегімен) айналдырамыз. Басы эксцентрик күйінде жасалғандықтан, жарманың жақтауға қосылған тұсын реттеуге мүмкіндік береді.

+3 дауыс
Дәл біздегідей екен. Пластик ағаш терезеге жетпейтін сияқты. Сонда да ең бірінші сыртынан бастау керек. Бұрынғы терезелер сияқты терезенің төрт жағы бітелу керек. Бұрынғы откостары жоқ болса қайтадан шығарып дегендей. Ал откостары бұрынғы орнында болса да бәрібір терезенің айналасы бітелу керек. Не болса да терезенің пена құйылған жерлері көрініп тұрмау керек. Және қойған терезенің көлеміне де байланысты. Терезе мен откостың арасы 4-5 см-ден көп болса тіпті жақсы, бос орын болады. Ол орындарға төрт жағынан пенопластрь салып жіберуге болады, бұрынғысынан жақсы болады. Мейлі цемент болсын пенопласть болсын терезеге сәл мініп тұруы керек. Терезенің шеті көрініп тұрмауы керек. Іші де сондай. Сосын ішіндегі есігімен қабысып тұратын резиналары әлсіз болып шығады. Оригинал түрлеріне ауыстырып алған жақсы. Сосын өзім пайдасы болар деп ішкі подоконник пен терезенің түйіскен жеріне ұзына бойына жіңішкелеп силикон жағып кеткенмін. Сырттан ауа, ылғал жібермес деп. Ал зиянына келсек қазір зиян емес нәрсе қалмаған сияқты. Жаңалық шығарғыш ғалым, зерттеушілер де түймедейді түйедей ете беретін сияқты.
0 дауыс
Дайындап не істейсің, Ол саған ағаш терезе емес қой,
...