+7 дауыс
97.6k көрілді

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Осыған байланысты, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр.

Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығына 550 жыл қазақ мемлекеттілігі қашан, қайда тойланады?

Қазақ мемлекеттілігі, Қазақ хандығы, 550 жыл, Қазақ хандығы 550 жыл

6 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақ хандығының 550 жылдығы Шу алқабында тойланады. Бұл жайында бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

"Келер жылы тойланатын барлық мерекелер Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады. Ең негізгі атап өтілетін шара ол Қазақ хандығының құрылған жері Шу мен Талас арасындағы алқапта қыркүйек айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үлкен шара өтеді. Аталған шараға халықаралық деңгейдегі қонақтар қатысады" – деді А.Мұхамедиұлы өз сөзінде.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өткен қазан айында Астана қаласының активімен кездесуде еліміз 2015 жылы Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтетінін айтқан болатын.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мәлімдемесінің толықтай нұсқасы:

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Осыған байланысты, елімізде бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталып отыр.

Министрлік бірқатар мемлекеттік органдармен үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді.

Қазақстандық тарихшы-ғалымдардың Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін негізге ала отырып, жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақ Хандығының құрылған жылы 1465 жыл деген қорытындысы алынды.

Көптеген тарихшылардың пікірінше, осы уақыттан бастап Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы Еуразия құрлығындағы мемлекетаралық қатынастардың жеке субъектісіне айналды.

Қазіргі таңда Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өтудің тұжырымдамасы дайындалды.

Аталған тұжырымдамада Қазақ Хандығы құрылуының ғылыми деректері, мерейтойдың концептуалдық негіздері, идеологемалары, негізгі мақсаттары мен міндеттері және оның кезеңдері келтірілген.

Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өту басты үш концептуалды негізде жүзеге асырылатын болады, олар:

– патриоттық: қазақ халқының Отанына сүйіспеншілігі;

– ақпараттық: ғылымикөпшілік бағдарламаларды, ғылыми-танымдық деректі фильмдерді, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы көркем фильмдерді жасап, жетекші орталық телеарналар арқылы тарату;

– ғылыми: қазақ хандығының құрылу проблемаларын зерделеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру.

Министрлік сондай-ақ, мерейтойды атап өтудің іс-шаралар жоспары жасады. Оған сәйкес, келесі жылдың басынан Қазақ Хандығының құрылу тарихын зерттеу мәселелерін талқылау бойынша жобалар іске аса бастайды, соның ішінде қазақ мемлекеттілігі туралы ақпараттарды анықтау мақсатында Батыс Еуропа, Ресей, Түркия, Қытай, Иран, Египет, Өзбекстан сияқты елдердің мемлекеттік мұрағаттары мен музейлерінен, ғылыми-зерттеу орталықтарынан іздестіру жұмыстары қолға алынады.

Жоғарыда айтылғандарға орай, патриоттық видеороликтер, ғылыми-көпшілік, ғылыми-танымдық бағдарламалар мен ғылыми дәйектерге негізделген деректі фильмдер көрсетіліп, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, патриоттық акциялар, ойындар, фестивальдар, көрмелер т.б. өткізіледі. Сондай-ақ, біз «Мәңгілік ел» ұлт тарихына арналған деректі, көркем және анимациялық фильмдер сериясын түсіруді жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар, мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндермен (Наурыз, Жеңіс күні, Мемлекеттік рәміздер күні, Астана күні және т.б.) байланысты барлық шаралар Қазақ Хандығының 550 жылдығы аясында өтетін болады.

Жылдың аяғына дейін өңірлерде мерейтойлық іс-шаралар жалғасады. Жалпы, келер жылы мерейтойға арналған 100-ге жуық ірі шара өткізу жоспарлануда.

Аталған іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен бекітілетін болады.

Қайтсе де, нақты күн әлі де белгісіз. Және де Шу мен Талас өзендерінің арасындағы алқап - орасан зор кеңістік. Оның қай бөлігінде той өтпек?
+2 дауыс

Ұланғайыр Орта Азия жерінде нешетүрлі тайпалар қоныстанған болатын. Олар ежелгі сақ, сармат, ғұн, қаңлы, үйсін, найман, қыпшақ және тағы басқалардан құралды. Сақ пен сармат тайпаларының тілдері қазіргі Осетия елінде сақталынған. Ал ғұндар Еуропадағы мәдениет пен тілдерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауына әсер етті. Венгрия еліндегі мадияр тайпасы ғұндардың ұрпағы. Тілі мен мәдениеті қазіргі қазақтарға ұқсас. Түркі тайпасының дәуірін тасқа қашап қалдырған Күлтегін ескерткіші - соның бір айғағы. Міне, Қойшығара Салғарин ғалым айтқандай өзге түркі халықтарының ішінен тілін, тарихын және салт-дәстүрін тек қана қазақ халқы ғана сақтап қалған дейді. Яғни, қазақ халқының пайда болуы Күлтегін заманынан бастау алады.

Әл-Фараби, Қорқыт-ата бабаларымыз біздің еліміздің мақтанышы. 70 тілді меңгерген Әл- Фараби өз заманының озық, ойшылы еді. Көптеген ғылыми жұмыстары да Әл-Фараби атындағы мұражайда сақталынған. Ал, Бейбарыс беріш руынан қазіргі Атырау облысынан құлдыққа әкетіліп, Мысыр елін 17 жыл басқарып, крестшілер мен моңғолдардың шапқыншылығына тойтарыс беріп, мәмлүктерді біріктіріп, ірі державаға айналдырды. Атырау облысы мұражайында Бейбарыс жөнінде көптеген мағлұматтар жинақталған.

Тарихымызда Шыңғыс ханның Отырарды ойрандауы қайғылы кезең болып табылады. Сол дәуірдегі мәдениет толығымен күйреп, моңғол мәдениетінің ықпалы дамыды. Десек те, Отырардың үйінділері әлі де сақталынған. Әбілхайыр хандығының құрамынан азаттықты аңсаған, ержүрек алғашқы хандарымыздың бөлінуіне тоқталайық.

Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы

Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендері бойына келіп, Қазақ хандығын тұрғызды. Қазақ тарихындағы жаңа беттің ашылып, қазақ ұлтының қалыптасуы еді. Ел болып қалыптасқалы түбегейлі өзгерістерге ұшырап, елеулі оқиғаларға толы болды. Хандық күшейген сайын халық саны да артып, жер көлеміде ұлғайды. Мұхаммед Хайдар Дулати-қазақ хандығын толығымен суреттеп қағазға жазған алғашқы қазақ тарихшысы. Дулат тайпасынан шыққан ол Кашмир елінде басшылық ете отырып, Орта Азия елдері жөнінде көптеген мәліметтер қалдырды.

Қазақ халқы үш жүзден құралды. Әрбір жүз пен рудың өз алдына жеке таңбалары мен ұрандары бар. Жүзге жатпайтын рулардың да таңбалары мен ұрандары сақталынған. Олар әртүрлі себептермен қазақ халқының құрамына кірген. Әрине, жүзге бөліну жауларымыздың ру мен жүздер арасына қақтығыстар туғызу арқылы өз мақсаттарын іске асырып отырды. Бірақ, қазақ хандығының үш жүзді басқарған билер жүйесі өте пайдалы еді. Би ханның кеңесшісі қызметін атқарып, қарабайыр халық пен ханды байланыстырып, жүзге, руға бөлінген елдің ұйытқысы бола отырып, ұлттың мүддесін өте жоғары дәрежеде қорғап отырды. Үш жүздің билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Әз-Тәуке ханмен бірігіп, жоңғарды тарих сахнасынан жойды. Әз-Тәуке хан өзінің дипломатиялық, әрі әскери шеберлігін көрсетті. «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұламада» көптеген қазақтар Қытай жеріне өтіп, шалғайда атамекенін аңсап қалды. Ал, қаншамасы мерт болды.

Киелі Түркістан қаласы - қазақ хандығының рухани, діни, мәдени және саяси астанасы. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылып, күллі қазаққа, мұсылман қауымына зиярат орнына айналды. Онда Әзірет Сұлтан, Есімхан, Тәуке хан, Қаз дауысты Қазыбек би және т.б. ХV-XVIII ғғ. қазақ тарихындағы ірі тұлғалар жерленген. Түркістан - орта ғасырлық қала іспеттес, нағыз қазақтың рухани, әрі мәдени орталығы. Кесенедегі Тайқазанда тарихымызда алар орны ерекше. Ленинград қаласындағы мұражайдан әкелініп, кесенені одан әрі сұлулығыментолықтыра түсті. Ислам Орта Азияға келгенге дейін қазақтар жерге, отқа, суға, Көк Тәңірге, Ұмай анаға табынған болатын. Ғалымдардың айтуйынша, тайқазандағы төмпешіктер Ұмай ананың киелі сүтімен байланыстырылады.

Қазақ хандығының Ресей империясының қол астына өту кезеңі

Кіші жүздің ханы Әбілхайыр хан Ресейге бодандыққа өткеннен бастап, жалпы қазақ даласына Ресейдің отарлық саясаты басталды. Қазақ арасындағы рушылдық-тайпалық бөлінудің арқасында Ресей империясы толықтай бодандыққа алып, орыстарды шұрайлы жерлерге орналастырды. Қазақтың тұңғыш ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбаев, географ және зерттеуші Шоқан Уәлиханов, ағартушы Ыбырай Алтынсарин орыс білімінен сусындап, еуропа біліміне қол жеткізген болатын. Шоқан орыс экспедициясына басшылық ете отырып, Қашғарияға сапары зерттеуін жүргізеді. Қазақтың Шоқаны мен орыс жазушысы Михаил Достоевскийдің арасындағы достығы жөнінде мына сөздер дәлелдейді: «Сіз маған мені жақсы көремін деп жазыпсыз, ал мен сізге ғашық болып қалдым дегім келеді. Мен ешқашан да, ешкімге, керек десеңіз, туған бауырыма да мұндай бауырмалдықты сезінген емеспін. Мұның қалай екенін бір құдайдың өзі білер.» Абай грек ойшылдарынан нәр алып, олармен өз ойының ұштасқанын аңғарады. Ең алғашқы қазақ мектебін ашқан Ыбырай қазақ тілінің әліппесін құрастырып, халықтың сауатын ашты.

Ескі Сарайшық қаласы Атырау қаласынан 45 шақырымдай жерде орналасқан. Онда қазақтың жеті ханы жерленіп, мұражайда ашылған. Бұл - Кіші жүз руларының хандарының тарихи астанасы болған қала. Жайықтың бойында қала үйінділері әлі де сақтаулы.

Маңғыстаудағы Шетпе кентіне жақын маңда Қызылқала үйінділері де сақталынған. Қазақтарға қорған болған Шерқала тауынан қашық емес. Ақтау қаласынан 200 шақырымдай жерде Ақкетік қаласы орын тепкен. XIX ғасырда орыс империясы Каспий жағалауында Ново Петровск бекінісін тұрғызған. Украин ақыны Тарас Шевченко айдауда осы жерде болғандықтан, көп уақытқа дейін соның есімімен аталып жүрді.

Кеңес Одағы дәуіріндегі Қазақстан

Кеңес дәуіріндегі аштық, репрессия, Ұлы Отан соғысы қазақ халқының тарихында қайғылы іздер қалдырды. Өзге елдерге қоныс аудару орын алып, қазақ халқының саны күрт азаюына ықпал етті. Отаршылдық саясатқа халық бірнеше рет қарсы шығып, мысалы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, Адайлар көтерілісі жеңіліске ұшырап отырды.

Мәдениет саласын жаңа деңгейге көтерген азаматтар да болды. Қазақ халқының әндерін Парижде Әмре Қашаубаев паш етіп, әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасов, «Абай жолы» романының авторы Мұхтар Әуезов, ең алғашқы дипломат Таир Мансуров және т.б. азаматтар көп еді.

Ахмет Байтұрсыновтың құрастырған төте жазуымыздан айырылып, кириллицаға ауыстырылды. Расул Ғамзатов айтқандай: «әлдекімді ауруынан ана тілі сауықтырады, мен ана тілімде ән айтамын. Егер ертеңгі күні менің тілім жоғалып кетсе, мен бүгін өлуге дайынмын.» Тек қана Шыңжаңдағы қазақтар ғана төте жазуды сақтап қалған. Қазіргі таңда қазақ тілінің сұранысы өте төмен. Қазақ мектебін тәмамдаған адамдарға жұмысқа орналасуда ауыр.

Қазақ ұлтының мүддесін көздеп, өз өмірлерінен де елді жоғары қойған азаматтар қуғын- сүргінге түсіп, итжеккенге айдалып, атылып кетті. Міне, қазақтың бетке ұстар қаймақ азаматтарынан айырылдық. Бірақ, аққа Құдайда жақ деп, олардың есімдері мен істері ақталып, өз бағаларын да алды.Ұлы Отан соғысында қайтқан қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүк не деген мәрт еді. Ал, Жамбыл Жабаев өз әнімен ленинградтықтарға қанат бітіріп, демеу болған еді. Соғыс кезінде қазақ еліне көптеген ұлттар қоныс аударылып, қазақтар өз астарынан бөліп беріп, өнеге көрсете білген ұрпағына. Сол үшін де ата-бабалырымыздың алдында үнсіз бас иіп, үлгі тұталық.

Көк ту астындағы егеменді Қазақстан

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы егемендікке бастаған ең алғашқы қадам болып табылады. 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан соң, Колбин мүлдем Қазақстаннан кетіп, 1991 жылы айымыз оңынан туды. Қасиетті шаңырағымыздың үстінен көк туымыз желбіреп, бабалар аңсаған арманымызға қол жеткіздік. Әрине, ол оңай келген емес. Қаншама қиыншылықтыр, құрбандықпен жетті десеңші?!

Мұхтар Шахановтың өлеңіндегі төрт ананы қорғаған 1986 жылдың жастары егемендіктің көк туын көре алмай, қыршынсыз кетті. Өз ұлтына ғана емес, өзге республикаларға да үлгі болды- ау сол жастар! Міне, біз өзімізді бақыттымыз деп айта аламыз тәуелсіз елде көк туымыздың астында өмір сүрудеміз.

Қазақ халқының басынан небір сұрапыл замандар өтсе де, ұлттық рухы мен тілін, алып жерін сақтап қала білген бабаларымыз нағыз мықты батырлар! Тек қана қазаққа ғана емес, өзге ұлттарға да өнеге бола білген, Москва үшін шайқасқа қатысқан Бауыржан Момышұлы Кеңес заманының өзінде өз тегінде қазақша сақтағаны не деген ерлік?!

Орта Азияның барысына айналған қазіргі Қазақстан ата-бабаларымыздың арманы болар. Өзге елдермен еңсемізді тең ұстап, білім мен ғылымға мүмкіндіктер ашыла түсуде. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақ» бағдарламасымен жастарды шетелдерде, соның ішінде дамыған елдерде оқыту арқылы дамыған экономиканың озық технологиясынан тәжірибе алып, елімізге ендіру, әрі Азияның барысына айналуға қатты мән береді. 150 ұлтпен бір шаңырақ астында тату- тәтті өмір сүрудің өзі - халқымыздың дархан мінезі мен кеңдігі деп білемін. Қазаққа ала көздеген көрші елдерден қорғана да отырып, татулық қатынасты сақтай алған қазақтар нағыз дипломат халық. Қытайда 56 ұлттың балаларын өз баласындай асырап, қамқор болған қазақ ананың өзі мейірімділік пен ізеттіліктің символындай, әрі татулықтың белгісі болып қалмақ өзге ұлттарға.

Қорытынды

Менің ойымша, Қазақстанда әлі де болса, білмейтін елдер, танымайтын адамдар көп. Әрине, мұнайдың арқасында көптеген елдер төлқұжатыңнан танып жатады. Өзім мұнайлы қала Жаңаөзенде туып өскесін, мақтаныш. Грекиядағы Салоники қаласында Аристотель мектебінде оқып жүргенімде, қатты ойланып толғанған болатынмын. Грекия тек қана туризммен өмір сүріп отырған ел. Шикізат-жоқтың қасы. Еуропалық одаққа кіргелі, олар дағдарысқа тез түсіп кетті. Себебі, өз қаражатынан, ана тілінен де айырылды. Дегенменде, мұғалімдер, дәрігерлер жақсы жалақы алатын. Өз мәдениетін қолдау мақсатында көптеген шаралар жүргізіледі. Менде сондай стипендияға ие болдым. Грекия елінің егемендігіне 185 жылдығына орай «Грекия-Қазақстан қарым-қатынастары» жөнінде шығарма жазған болатынмын. Елшіліктің бірінші жүлдесінде алдым. Менің түйгенім, қазақ тілі мен мәдениетінің ошақтарын ауыл, аудан, өңір деңгейінде 21 ғасыр талаптарына сай жоғары сатыға көтеру. Ірі қалалар Астана, Алматыда ғимараттар заманға сай болуы мүмкін. Себебі, біздің мұражайларымызды, қазақ театрларымызды, қорықтарымызды жергілікті халықтың, қазақтың өзі өте сирек барады. Ол дегеніңіз мәдениет пен тілге деген алшақтықтың белгісі. Халыққа тегін қылып, балалар алаңдарын қарастырып, асхана бөлімдерін салып, жаңа технологиялармен қамтамасыз етіп, мағлұматтарды жарға не үстелдерге бекітілген компьютерлерден алатын болса, кейбір шараларды өткізуге халыққа колжетімді қылу керек. Гидтер үш тілді жетік меңгеріп, кез-келген шетелдіктерге мәдениетімізді жеткізуі тиіс. Мұражай – ол халықтың, ұлттың мұрасы мен рухын, тарихын атадан балаға сақтап жеткізетін киелі мекен, алтын қор. Ал, театр – ол халықтың тілі мен мәдениетін, жан дүниемізді саралап, адами қасиеттерге баулитын, салт-дәстүрін үгіттеп, санамызға және жадымызға мәңгілік қондыратын қасиетті орын. Халықты, оның ішінде балабақша және мектеп оқушылары, жұмысшыларды, шалғайда жасайтын адамдарды және т.б. осы салаларға тарту акциясын өткізу керек.

Егерде мұражай, қуыршақ театр мен драма театрларға адамдардың бару саны көбейсе, ішкі туризмге де сұраныс көбейе түседі. Керемет жерлерімізді мұражай арқылы алған мағлұмат оларды көруге итермелей түспек. Ол дегеніңіз халыққа жұмыс пен табыс көзі, еліміздің бюджетіне қаржы. Өз қаражатымыз өз қорымызда қалып, көбейе түседі. Маңғыстау 362 әулиелі орын. Жер асты мешіті, табиғатының сан алуандылығы мен ерекшелігі адамның көзінің нұрын алады. Пір Бекет- атаға зиярат етушілерге көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Барлығын бір жүйеге енгізіп, ысырап пен рәсуаны ескеріп, рухтарына залалсыз шешімдерін қабылдаған жөн.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай мәдени орындарда атап өту арқылы мұражай мен театрларға сұраныс көбейер еді. Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағы, татулығы мен дархандығына, ізеттілігі мен ізденімпаздығына Аллахтың нұры жаусын!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Алматы.1986.Желтоқсан.-Қазақстан Жазушылар одағының «Шабыт» 3 кітап/Құраст.Т:Айтбайұлы, Т.Зейнәбін, 1992-176 бет

Сұлтанов Т.И. Қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ хандығының тарихы-(«Жетінші сөз» сериясы).Алматы: Мектеп, 2003-160 бет

Жеменей И. Мырза Хайдар Дулат (1499-1551) тарихшы-қаламгер (монография)-Алматы: «Зерде» баспасы, 2007-360 бет

Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші: Зерттеунама. Алматы: «Ана тілі», 1995-232 бет.

Алмас Ордабаев.Номадтар кітабы. 73 бет.

Тарихы терең Түркістан.-Алматы:«Білім»,2000,-200бет

0 дауыс

Қазақ елі - мәңгілік ел

Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.

Керегімді алу үшін жаһаннан,
Бейімделдім заманыма жаңарған.
Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол атамнан.

О, тәңірім танып білмей бізді жұрт,
Әр түрлі атпен өздерінше атаған.
Скифтер деп Геродот бізге ат берді,
Ал парсылар – өз тілінше Сақ деді.

Иә, рас, бізді бар жұрт Сақ деді,
Бұл жалған ат ұлтымызға жат еді.
Шеттегі жұрт не десе де шындығы,
Бар қазақтың қазақ болар нақ тегі.

Түркі әрпімен жазуы бар басында,
Билік құрған сонау 6 - ғасырда.
Қазақ деген анық түскен жазу тұр
Жыр жазылған Күлтегіннің тасында.

Біздің заманымыздан да бұрынғы,
Деректер көп, боларлық дәлел тұрымды.
Жетісуда өмір сүрген Үйсіндер
Өте қуатты мемлекет боп құрылды.

Астанасы «Қызыл аңғар» қаласы,
Мекені Іле өңірі Ыстықкөлдің арасы.
Қытайменен қарым - қатынас жасасып,
Алыс - беріс болса керек шамасы.

Осынау кең қазағымның жерінде,
Даласы, тауы, өзен – көлі, теңізде.
Мемлекет құрып ғұмыр кешті Ғұндар да
Бәрі сөйлеп ортақ түркі тілінде.

Дамыды, өсті өнер - ғылым, мәдениет
Сызба сызып жазылды тарих, әдебиет.
Әскері бар сыртқы жаудан қорғайтын,
Таңқаларлық ел боп тұрды керемет.

Дархан дала қазақтың кең жерінде.
Асу бермес Алатау, Алтай белінде,
Мәуелі бақты Жетісудың көгінде.
Еділ - Жайық, Алакөл, Балқаш көлінде.

Түркі тілдес тайпалардың таңы атты,
Әлем назарын өздеріне қаратты.
Тоғыз жүз алпысыншы жылдары
Алланың жолы ислам дінін таратты.

Араб, түркі тілдерінде жазылған,
Еңбектері бағалы көп сан алуан.
әл - Фараби, Махмуд Қашқари,
Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи
Теңдесі жоқ ғылым қорын қалдырған.

Емес пе дәлел - Сығанақ пен Аққорған,
Қызыл аңғар, Отырар, Тараз, Түркістан.
Қазақтар да өркениет ел болып,
Егін егіп, сәулетті қала тұрғызған.

Үйсін, Қаңлы желбіреген тулары,
Дешті Қыпшақ қазақтың рулары.
Түркі тілдес халықтар бөтен емес
Діні бір, тілі де бір бауырларым.

Біз қазақ ежелден - ақ ел боп келдік,
Ел қорғауда жасадық сан мың ерлік.
Болашақтың атар деп жарқын таңы,
Ұрпақ үшін тозақтың отын көрдік.

Бейхабар малын баққан жомарт елді,
Тұтқиылдан шапты жау Жоңғар тегі.
Айғай аттан, шулыған әрбір ауыл,
Жиған малдан айрылып үйі өртенді.

Үй киізін кескілеп тоқым етті,
Қыз, келінге зорлық қып қатын етті.
Ерді құл, әйелді күң тұл жетім ғып,
Баланы ата - анадан қашық етті.

Қорлық көріп, зорлық көріп қалмақтан,
Шұбыра шулап туған жерін тастаған.
Өгіз артып, тай мініп, жаяу - жалпы,
Көше - көше болды тозып ақтабан.

Елім - айлап, жерім - айлап зар салды,
Қызығы мол бейбіт күнді аңсады.
Қиындықтың, қорлықтың зардабы өтіп,
Бала - шаға, қарт кемпір - шал шаршады.

Батты әбден тізесі сұм қалмақтың,
Билеп, төстеп қаратты бар аймақты.
Көрсеткен зорлығы мен зомбылығы,
Қазақтардың ыза - кегін оятты.

Қалмаққа барлық қазақ қарсы тұрды,
Бас қосып хан мен билер ақыл құрды.
Орыс, қытай қалмақтан аман шығар,
Ұлт тағдырын ойлайтұғын күн туды.

Тарихта хандық құрған Керей, Жәнібек,
Халық баға береді әділ хан деп.
Бар қазақтың алғашқы ханы болған,
Керей ханның билікте орны ерек.

Бізге жеткен тарихта көп бар дерек,
Өз тұсында әр ханның орны бөлек.
Төле бидей данадан тәлім алған,
Хан Абылай қазаққа болды керек.

«Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ
Артында ор, алдында көр, жан - жағы жау
Сол кезде елге қорған болған Абылай
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап...»
- деп Мағжан Абылайды жырлағандай,
Жүк көтерген белі мықты қара нардай.
Қияннан қия баспай жол табатын,
Қазақтың билері мен хандары - ай...

Жоңғардың жойқынынан аман қалдық,
Оларды жерден қуып тәмәмдадық.
Тік тұрдық, белді буып хандық құрдық,
Дәрменсіздің таяғын таянбадық.

Болашағын ұрпақтың ойлай жүріп,
Ресейге қосылдық одақ құрып,
Жүрсек те тәуелді болып басқа жұртқа,
Сақтандық сыртқы жаудан амал қылып.

Аласапыран заманның қойнауында,
Байлансақ та бодандық байлауына.
Тіріміз, өлгеміз жоқ, бармыз әлі
Түссек те Арыстанның шайнауына.

Ұзақ ғұмыр кешу үшін ғаламда,
Үлкен мақсат болу керек адамда.
Батып кетпей тереңге отқа күймей,
Естілікпен ден қойдық әр қадамға.

Қиыншылық болды үлкен қазағыма,
Кеңестік қызыл өкімет заманында.
Қуғын көрген көп қазақ босқын болды,
Шетке қашып басының аманында.

Енгізді кооператив пен коллективті,
Қолдан жасап жүргізді геноцидті.
Шара болмай жасайтын қолдан келер,
Айттық тек қарғыс пенен нағілетті.

Кеңестік өкіметтің құрсауында,
Шешілмеді шідер мен тұсауым да.
Ашылмады адымым, жылжымадым,
Ыза, кек, құса толды құшағыма.

Қуғын - сүргін, зобалаң көргеніміз,
Алаштық кетті атылып зиялымыз.
Тектен - текке жазалап жала жауып,
Болар ма бұдан өткен қиянат іс.

Қазақ деген ежелден батыр халық,
Ұлы Отан соғысында болды анық.
Көрсетіп ұл да, қыз да ерен ерлік,
Барлық жұрт ұлтымызды білді танып.

Сонда да әділ баға берілмеді,
Кір кетіп тазармады көңілдегі.
Бауыржан, Қасым, Ыбырайымдар
«Кеңес Одағының батыры»атақты
Батырлар қатарынан көрінбеді.

Тума талант өнерпаздар көп еді,
Москва бірақ жетістігін көрмеді.
Жақсы атақ саңлақтарға жетпеді.
Елеуіштің өткізбеді елегі.

Қаншама болса - дағы жігерлі жас,
Алға шықпай спортта қалғаны рас.
Жеңілісті біздерге қолдан жасап,
Өздеріне жеңісті етті мирас.

Аң жайылып, мал таптаған мың жылғы,
Сарыарқаның сар даласы жыртылды.
Тың игеру саясатын қолданып,
Басқа ұлтқа иемдетті жұртымды.

Саны артып қазақтан өзге ұлттың,
Астында қалғандаймыз жауар бұлттың.
Мектептер қазақ тілді жабылып қап,
Тіліме қауіп төнді соны ұқтым.

Мал бағып қазақ күні далада өтті,
Бөтен ұлттың баласы қалада өсті.
Бір басында бірнеше пәтері бар,
Жалға беріп табысты дүркіретті.

Сынақ жасап жеріме бомба жарды,
Зардап шеккен тұрғындар мұңлы - зарлы.
Мөлшердің шектеуінен асып кетті,
Зияны кило, меготонналардың.

Қарсы боп жаңа билік есіміне,
Сегізінші пленум шешіміне.
Басқарар өз ұлтын қазақ жоқ деп,
Намысқа тиді айтқан сөз кесірлене.

Дауылдан теңіз толқып жар соққанда,
Теңізші суға кеткен жай тапқан ба?
Мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылы,
Жастарым шықты алаңға желтоқсанда.

Оларды аямады жазалады,
Қып - қызыл қанға бояп таза қарды.
Байлап, матап көк мұзға жатқызып сап,
Тепкілеп таяқпенен сабалады.

Толғанынша қамады абақтыға,
Жала менен өтірік айғақ таба.
Жалған жасап құжатты өкім етті,
«Нашақор» - деп соттады айып таға.

Белгісіз талай боздақ күйреп жатты,
Тірісін көпке дейін қудалатты.
Семейдің түрмесінде жанын қинап,
Өлтірді Қайрат пенен Ләззатты.

Тоңдырса да аязы желтоқсанның,
Жігерін жеңе алмады боздақтардың.
Тәуелсіздік талабын жария етті,
Бетін ашты көрінбес айғақтардың.

Қанды қол Колбин ұзақ тұра алмады,
Тура қарап күнәһар жүре алмады.
Жан алушы желтоқсан жендетінен,
Көп сұрақ өлгенде де сұралады.

Бастау болып желтоқсан оқиғасы,
Байқалды әр елдің тек отырмасы.
Күні біткен кеңестер Одағының,
Белі босап, бұзылды босағасы.

Құрсауы тарс үзілді тоқсан бірде,
Еркіндік келді жұртқа бір - ақ күнде.
Енді қайтып оралып келместей боп,
Темір тәртіп қалды ұзап күннен - күнге.

Қашанда арман болған тәуелсіздік,
Жарқ етіп ашылды - ау бір қара түңдік,
Исатай, Махамбеттің туын ұстап,
Бодандықтың тас буын белін үздік.

Ешкімге тәуелсізбіз, егеменбіз,
Қазақстан Республикасы деген елміз.
Дамыған даңқы асқан көп елдердің
Қатарына әлі - ақ жетіп, теңелерміз.

Танып білді бізді алғаш түрік елі,
Бізбенен тілі, ділі түбі бір - ді.
Сонан соң мойындады тәуелсіз деп,
Мемлекеттер үлкен - кіші ірілері.

Сайлап құрдық мәжілісті, сенатты,
Депутаттар іс атқарды жауапты.
Заң күші бар құжаттарды бекітіп,
Мемлекеттің ірге тасын қалатты.

Ең басты маңызды іс әрі мәнді,
Қуанышпен қарсы алу нұрлы таңды.
Сайладық Қазақстан Президенті деп -
Назарбаев Әбішұлы Нұрсұлтанды.

Егемендігіміздің берік негізі,
Мемлекеттік елтаңба, ту мен гимні.
Біртұтастығымызды бейнелейтін,
Қазақстан Республикасы рәміздері.

Ата заңды қабылдап тоқсан бесте,
Шықтық бір көтеріліп дөң белеске.
Содан бері Ата заң негізінде,
Қаншама заң өмірге келді емес пе?!

Зайырлы мемлекетпіз көп ұлтты,
Таңдаған демократиялық бағытты.
Ұлттар достығы мен ел бірлігі,
Саясатты ұстаймыз бір қалыпты.

Құрылысына күш жұмсап егемендік,
Құлшыныспен ұмтылдық, жігерлендік.
Кемеңгер, дара тұлға - Елбасының,
Бойында мол қасиет көрегендік.

Көздегені, мақсаты, басқы арманы -
Егеменді елінің жақсарғаны.
Болашақты болжамдап алдын - ала,
«Қазақстан - 2030» - ды жоспарлады.

Сене алмады бұған жұрт әуел баста,
Дәл осылай болары шын, рас па?
Деген жұрттың көңілін күмән билеп,
Ішінде түйді ойын талай қасқа.

Шығымды аттай бәйгеде оза шапқан,
Күн - күн сайын қарыштап алға басқан.
ТМД елдерін артқа тастап,
Гүлденген Мәңгілік ел – Қазақстан.

Сейілді күмән бұлты ойындағы,
Жігер күші артты елдің бойындағы.
«Қазақстан - 2030» жоспары кезеңімен,
Мезгіліне жетпей - ақ орындалды.

Дамыған елу елдің қатарында,
Қазақстан ерекше аталуда.
Инвестиция шетелден мол беріліп,
Гүлденіп күннен - күнге жақсаруда.

Қала салдық төріне Сарыарқаның,
Құрылысы озық әлемде жас қаланың,
Ел тұрмысын жақсартып көтеруде,
Қамын ойлап қарт пенен жас баланың.

Кәсіпкерге бизнесте жол ашылды,
Өндірдік алтын, күміс, қорғасынды.
Ұлттық қор қоржыны тола түсіп,
Жинадық қазынаға мол асылды.

Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа,
Елбасы бастап берген саясатқа.
Ден қойып ұмтылыспен күш саламыз,
Жеңіске жету үшін болашақта.

Мадақ айту бір аллаға жарасқан,
Бұл сөзіме жөн болмайды таласқан.
Патшалардың патшасы Шыңғыс хан да,
«О, тәңір!» - деп көк аспанмен санасқан.

Құрмет жасап әлемдік діндарларға,
Ислам, христиан, протестант, буддаларға.
Үш жылда бір дәстүрлі съезд жасап,
Бірлік сұрап сыйындық бір құдайға.

Спортта жүлде алды қыз бен ұлым,
Ойналып гимн, желбіреді көк туым.
Қазақстандық көбейді чемпиондар,
Шарықтап әнім, асқақтап шықты үнім.

Тауысып айту бар жеңісті мүмкін бе?
Сан - салалы жетістік көп бұл күнде.
Отыз елдің қатарында дамыған,
Болу үшін тер төгеміз күн - түнде.

Тарихта Есімханда болды ескі жол,
Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.

Автор: Абдрахманов Сембек Солтанович

0 дауыс

XV ғасыр

Керей мен Жәнбек Батыс Жетісуда Қазақ хандығын құрды

1465-1466 жылдар – Керей мен Жәнбек Батыс Жетісуда Қазақ хандығын құрды.

Керей хан ел билеген уақыт

1465-1474 жылдар - Керей хан ел билеген уақыт.

Созақ пен Сауран, Сығанақ қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді

1470 жыл -  Созақ пен Сауран, Сығанақ қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.

Керей хан бастаған қазақ әскері Түркістан қаласына шабуыл жасады

1470 жыл - Керей хан бастаған қазақ әскері Түркістан қаласына шабуыл жасады.

Жәнібек хан Созақ қаласына шабуыл жасады

1470 жыл – Жәнібек хан Созақ қаласына шабуыл жасады.

Әз-Жәнібек хан ел билеген жылдар

1474-1480 жылдар - Әз-Жәнібек хан ел билеген жылдар.

Бұрындық ханның ел билеген уақыты

1480-1511 жылдар -  Бұрындық ханның ел билеген уақыты.

Азов қаласында Доспамбет жырау дүниеге келді

1490 жыл - Азов қаласында Доспамбет жырау дүниеге келді.

Тайбұға тайпасы Батыс Сібірдегі билікті қолына алды

1495 жыл - Тайбұға тайпасы Батыс Сібірдегі билікті қолына алды

 

XVI ғасыр

Мұхаммед Шайбани хан Қазақ хандығына шабуыл жасады

1503-1506 жылдар - Мұхаммед Шайбани хан Қазақ хандығына шабуыл жасады.

Қасым ханның Мойынсыз-Хасан бастаған шағын тобы Шайбани ұрпақтарының әскері

1510 жыл - Қасым ханның Мойынсыз-Хасан бастаған шағын тобы Шайбани ұрпақтарының әскерін күйрете жеңді.

Шайбани әскерлері қазақ әскерлерінен жеңілгенннен кейін Түркістан қалалары

1510 жыл - Шайбани әскерлері қазақ әскерлерінен жеңілгенннен кейін Түркістан қалаларының көпшілігі Қасым ханның билігіне өтті.

Қазақ хандығында Қасым хан билікті қолына алды.

1511 жыл - Қазақ хандығында Қасым хан билікті қолына алды.

Қасым ханның билік еткен уақыты

1511-1518 жылдар - Қасым ханның билік еткен уақыты.

Мамаш ханның ел билеген уақыты

1522-1523 жылдар – Мамаш ханның ел билеген уақыты.

Тақыр ханның елбилеген уақыты

1523-1532 жылдар –Тақыр ханның елбилеген уақыты.

Бұйдаш ханның ел билеген уақыты

1533-1534 жылдар - Бұйдаш ханның ел билеген уақыты.

Қожа Мақмұт ханның ел билеген уақыты

1534-1535 жылдар - Қожа Мақмұт ханның ел билеген уақыты.

Тоғым ханның ел билеген уақыты

1535-1537 жылдар - Тоғым ханның ел билеген уақыты.

Хақназар хан ел билеген уақыт

1538-1580 жылдар - Хақназар хан ел билеген уақыт.

Жетісудың батысы мен Шу, Талас өңірі Қазақ хандығының құрамына өтті.

1570 жыл -  Жетісудың батысы мен Шу, Талас өңірі Қазақ хандығының құрамына өтті.

Қазақ хандығымен одақ жасау үшін Г.Чебуков бастаған Ресей елшілері Қазақ хандығына келді.

1573 жыл - Қазақ хандығымен одақ жасау үшін Г.Чебуков бастаған Ресей елшілері Қазақ хандығына келді.

Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасау

1580 жыл -  Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасау салдарынан Сарайшық қаласы қирады.

Баба сұлтан

1580 жыл – Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды және оның туыстарын өлтірді.

Шығай хан

1580-1582 жыл - Шығай ханның ел билеген уақыты.

Тәуекел Хан

1582-1598 жыл - Тәуекел Ханның ел билеген уақыты.

Қазақ хандығын Тәуекел хан

1582-1598 жылдар - Қазақ хандығын Тәуекел хан биледі.

Тәуекел хан өзбек ханы Абдаллах

1583 жыл - Тәуекел хан өзбек ханы Абдаллахпен жасалған келісімді бұзып Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын қайтарып алды.

Ермакты қазақтың Сәтбек батыры

1584 жыл -  Ермакты қазақтың Сәтбек батыры жеңді.

Құл-Мұхаммед бастаған қазақ елшілері Мәскеу

1594 жыл – Құл-Мұхаммед бастаған қазақ елшілері Мәскеуге барды.

Степанов бастаған орыс елшілері

1595 жыл - В. Степанов бастаған орыс елшілері Тәуекел ханға келді.

Тәуекел хан Абдаллах хан

1597-1598 жылдар - Тәуекел хан Абдаллах ханның әскерін Ташкент қаласының түбінде талқандады.

Өзбек хандығымен шайқаста Тәуекел хан

1598 жыл - Өзбек хандығымен шайқаста Тәуекел хан Ташкент, Самарқан басып алды.

Ташкент қаласында Тәуекел хан

1598 жыл - Ташкент қаласында Тәуекел хан қайтыс болды.

Есім хан

1598 жыл - Есім хан билікке келді.

Есім хан билік

1598-1628 жылдар - Есім хан билік құрған жылдар.

 

XVII ғасыр

1603-1624 жылдар Қазақ-Бұқар шайқасы болған жылдар.

1603 жыл - Айғыржарда бірінші қазақ-бұхар шайқасы болды.

1611 жыл -  Ташкент түбінде Есімхан Имамқұлды жеңді.

1613 жыл - Тұрсын хан өзін Ташкент қаласының билеушісімін деп жариялады.

1627 жыл -  Қазақ-бұхар шайқасында Есім ханды жеңіске жетті.

1627 жыл – «Қатаған қырғыны».

1628-1652 жылдары – Салқам Жәңгір ханның билік құрған уақыты.

1635, 1643, 1652 жылдары – Батыр қоңтайшының қазақтарға қарсы жорығы.

1640 жыл - Гурьев бекінісі салынды.

1643-1647 жылдар – Қазақ-жоңғар соғысы. 

1643 жыл - Қазақ халқының жоңғарларға қарсы Орбұлақ шайқасы болған уақыт.

1680-1715 жылдар - Тәуке ханның билік құрған уақыты.

1680 жыл – Жоңғарлардың Оңтүстік Қазақстан жеріне шабуылы.

 

XVIII ғасыр 

1710 жыл - Қарақұмда Тәуке ханның ордасында қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға  қарсы соққы беру мәселесін талқылаған жыл.

1711-1781 жылдар - Абылай хан өмір сүрген.

1715 жыл - Тәуке қайтыс болып Қайып хан тағына отырды.

1716 жыл - Қайып хан Бекболат Екешов және Байдаулет Бориев бастаған елшілерді аттандырды.

1718 жыл - Ертіс бойына Семей бекінісі салынды.

1718 жыл - Аягөз өзені жағасында жоңғарлармен шайқас болды.

1723 жыл -Әбілқайыр Кіші жүздің ханы болып сайланды.

1723 жыл - Қазақ даласында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» басталған жыл.

1723 жыл - Қазақ даласына жоңғардың 70 мың әскері басып кірді.

1724-1725 жылдар - Жоңғарлар Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алды.

1726 жыл – Бұланты өзенінің жағасында Қара Сиыр жерінде қазақ-жоңғар соғысы «Қалмаққырылған» шайқасы болды.

1729-1730 жылдар – Балқаш көлінің оңтүстігінде қазақ әскерлерінің жоңғарлармен Аңырақай шайқасы болған жыл.

1931 жыл –Кіші жүздің Ресейге қосыла бастаған уақыты.

1731 жыл- Кіші жүз елшілері С. Қойдағұлұлы мен Қ. Қоштайұлы Кіші жүзді Ресей имерия құрамына қабылдау ұсынысымен Анна Иоанновнаның қабылдауында болған жыл.

1731 жыл – Кіші жүз ханы Әбілқайыр 29 старшынмен бірге Ресейдің қол астына кіруге ант берді.

1734 жыл – Қазақ даласын зерттеу мақсатында Кирилов басқарған  қырғыз-қайсақ экспедициясы ұйымдастырылды.

1735 жыл - Қазақстанның солтүстігінде Ор бекінісі салынды.

1740 жыл - Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен  сұлтан Абылай Орскіге келіп Ресейге ант берді.

1741-1742 жылдары – Жоңғар қоңтайшысы Қалдан-Серен Орта мен Кіші жүзге жорық ұйымдастырды.

1741-1743 жылдар -  Абылай сұлтан Жоңғарияның тұтқынында болды.

1748 жыл – Әбілқайыр ханды Барақ сұлтан өлтірді.

1752 жылы - Қызылжар (Петропавл) бекінісі салынды.

1757 жыл - Қазақстанға басып кірген Фу Дэ, Чжао Хой бастаған қытай әскерлері басып кірді.

1759 жыл – Абылайдың Үрімшіге сауда керуенін жіберді.

1771 жыл - Абылай хан сайланды.

1771-1781 жылдар – Абылай хан билік құрған уақыт.

1773-1775 жылдар – Е.Пугачев бастаған шаруалар көтірілісі болып, оған Кіші және Орта жүз қазақтары қатысты.

1778 жыл 24 мамыр - Ресей өкіметі Абылайды хан етіп бекітті (II Екатеринаның тұсында).

1781 жыл – Абылай хан қайтыс болды.

1783-1797 жылдар-Кіші жүзді С.Датұлы бастаған көтеріліс болған уақыт.

1785 жыл - Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған Нұралыны тақтан тайдыру туралы шешім қабылданды. 

1786 жыл - барон О.Игельстром ұсынған революция мәні: Хан билігін жою.

1789 жыл -Азиялық училище ашылды.

1790 жыл-Уфада Нұралы хан дүние салды.

1791 жыл - Ералы Кіші жүздің ханы болып сайланды. 

1795 жыл- Есім Кіші  жүз ханы болып сайланды.

1797 жыл - Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі Айшуақты хан етіп бекітті.

 

XIX ғасыр

1801 жыл 11 наурыз - І Павел Жайық пен Еділ өзенінің төменгі ағысында Кіші жүз қазақтарының көшіп-қонуына рұқсат берді.

1801 жыл – Бөкей Ордасы құрылды.

1812 жыл –Қазақтар орыс-француз Отан соғысына қатысып ерлік көрсетті.

1817 жыл - Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне Өз қарамағындағы рулардың Ресейдің құрамына өтуді қалайтындығы туралы мәлімдеме жасады.

1820 жыл - Хиуа хандығы қазақ ауылдарына шабуыл жасады.

1821 жыл - Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі Тентектөре батыр басқарған шаруалар көтерілісі.

1822 жыл – «Сібір қазақтарын басқару» туралы Жарғы қабылданды.  

1822 жыл – Орта жүзде хандық билік жойылды.

1824 жыл - «Орынбор қазақтары басқару» туралы Жарғысы бойынша  Кіші жүзде хандық билік жойылды.

1825 жыл - 50 мың адамы бар үйсін руы Ресей билігін мойындады.

1831 жыл - Семейде орысша білім беретін училище ашылды.

1832 жыл – Бөкей Ордасында тұңғыш жәрмеңке ашылды

1832 жыл – Ақмола округы ашылды.

1833 жыл - Қарағанды көмірін Аппақ Байжанов ашты.

1835-1865 жылдар- Шоқан Уәлиханов өмір сүрді.

1836 жыл – Өскеменде қазақтар үшін интернаты бар училище ашылды.

1836-1838 жылдар - Бөкей Ордасында Исатай Тайманұлы мен Махамбек Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс болған жылдар.

1837-1847 жылдар – Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс болған жылдар.

1841 жыл – Үш жүздің өкілдерін Кенесарыны ақ киізге көтеріп хан сайлады.

1841 жыл – Жәңгір хан Бөкей Ордасында орысша-татарша білім беретін мектеп ашты.

1841-1889 жылдар-Ыбырай Алтынсарин өмір сүрді.

1845 жыл - Орынбор, Омбы, Семей қалаларындаорыс географиялық қоғамның бөлімшелері ашылды.

1845-1904 жылдар-Абай Құнанбайұлы өмір сүрді.

1848 жыл - Қарқаралы уезінде Талды-Қоянды жәрмеңкесі ашылды.

1849 жыл - Көкшетауда жұмысшылардың алғашқы бас көтеруі өтті.

1854 жыл - Верный бекінісінің (ертедегі атауы-Алматы) іргетасын  қалады.

1854 жыл - Ертістің оң жағалауында қазақтар үшін Семей ішкі округы ашылды.

1856-1857 жылдар - Ж. Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс.

1858-1859 жылдар - Шоқан Уәлиханов Қашқарға саяхат жасады.

1858-1931 жылдар - Ш.Құдайбердіұлы өмір сүрді.

1859 жыл - Ұлы жүз жерінде (Қырғыз елінің солтүстігінде) Қастек бекінісі салынды.

1860 жыл - Ұзынағаш шайқасы.

1861 жыл - Орыс-қазақ мектебі Троицк қаласында ашылды.

1862 жыл - Ақмола қала мәртебесіне ие болды..

1864 жыл - Ресей үкіметі Түркістан, Шымкент, Мерке, Әулиеата бекіністерін басып алды.

1864 жыл - Ресей мен Қытай арасында шекараға байланысты Шәуешек хаттамасы бекітілді.

1867-1868 жылдар – Қазақ даласын басқару туралы әкімшілік реформалар қабылданды.

1867 жыл - Жетісу облысы құрылды.

1868 жыл - «Жетісуға шаруалар қоныс аударуытуралы уақытша ережен» қабылданды.

1868 жыл - Түркістан статистикалық комитеті құрылды.

1868-1869 жыл – 1867-1868 жылғы реформаның ауыртпалығына байланысты Орал, Торғай облыстарындағы көтеріліс.

1870 жыл - 1867-1868 жылғы реформаның ауыртпалығына байланысты Маңғыстаудағы көтеріліс.

1872 жыл - Қазақ музыка аспаптарының көрмесі Мәскеуде өткізілді.

1878 жыл - Семей облыстық статистикалық комитеті құрылды.

1881 жыл – Қазақ даласы арқылы сауда жүргізуге байланысты Ресей мен Қытай арасында Петербург келісіміне қол қойылды.

1881-1884 жыл – Ұйғырлар мен дүнгендер Жетісуға қоныс аударды.

1883 жыл - Іле су жолы ашылды. 

1883 жыл - Семейде алғашқы қоғамдық кітапхана ашылды.

1883 жыл - Орынбор губерниясында Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектепбі тұңғыш рет ашылды.

1886 жыл -  Түркістан өлкесін басқару және онда жер, салық өзгерістерін енгізу туралы ереже қабылданды.

1890 жыл - Қытаймен шекаралық сауданы орнықтыру үшін Семей сауда округі ашылды.

1890-1941 жылдар - М.Шоқай өмір сүрді.

1891 жыл -  Дала генерал-губернаторлығы туралы ереже қабылданды.

1897 жыл – Қазақстан жерінде тұңғыш халық санағы өтті.

 

                                        XX ғасыр

 

1903 жыл - Көкшетау, Петропавл, Ақмола, Павлодар,Семей қалаларында мұсылмандардың құпия діни ұйымдары құрылды. 

1905 жыл – Алаш қозғалысы құрылды.

1905-1907 жылдар – Бірінші орыс революциясы болып, қазақтар белсене қатысты.

1905 жыл - Жаркент  гарнизонында патша билігіне қарсылық өтті.

1905 жыл – Қарқаралы петициясы өтті.

1905 жыл - Успен кенішінде қазақ-орыс жұмысшыларының интернационалдық ереуілі өтті.

1907 жыл - Қазақтар сайлау құқығынан айырылды.

1907-1912 жылдар - Қазақстанға елдің еуропалық бөлігінен 2 млн 400 мың шаруа қоныстандырылды.

1909 жыл - Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы ресми баспадан шықты.

1910 жыл - Қазан қаласында М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы жарық көрді.

1911 жыл- Атбасар мыс кендері акционерлік қоғамында жұмысшылар ереуілі болды.

1911 жыл - Ш. Құдайбердиевтың «Түрік, қырғыз, қазақ  хәм хандар шежіресі» еңбегі жарық көрді.

1911 жыл - Орынбор губерниясы Троисцк қаласында «Айқап» журналы жарық көрді.

1913 жыл – «Қазақ» газеті шыға бастады.

1914-1918 жылдар – Бірінші дүниежүзілік соғыс.

1916 жыл – Патша жарлығына байланысты Қазақстан жерінде (Жетісу, Торғай облыстарында қарқынды болды) ұлт-азаттық қозғалыс болды.

1917 жыл – Ақмола қаласында «Жас Қазақ» ұйымы құрылды.

1917 жыл – Түркістан автономиясы құрылды.

1917 жыл - Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы болды.

1917 жыл - Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды.

1917 жыл -Түркістан федералистер партиясы құрылды.

1917 жыл – Алаш партиясы құрылды.

1917 жыл – «Үш жүз» партиясы құрылды.

1917 жыл – Алашорда автономиясы құрылды.

1917 жыл – Қызылордада алғашқы кеңес билігі жеңіске жетті.

1918 жыл – Азамат соғысы басталды.

1919 жыл – Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды.

1920 жыл – Азамат соғысы аяқталды.

1920 жыл -  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ АКСР) құрылды.

1921 жыл – Жаңа экономикалық саясат басталды.

1920 -1924 жылдар - Орынбор Қазақ АКСР-ы астанасы.

1921 жыл қаңтар - ҚазАКСР Халық Комиссарлар Кеңесі  қазақ және орыс тілдерін қатар қолдану тәртібі туралы декрет қабылданды.  

1921 жыл - Қазақстан комсомолы құрылды.

1924 жыл - Салықтың ақшалай формасы енгізілді.

1924 жыл - Қазақстан астанасы Қызылорда қаласына көшірілді.

1924 жыл – «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды.

1925 жыл - Қырғыз атауы қазақ атауына өзгертілді

1925 жыл- Ә.Қашаубаев Париж қаласында өткен концертке қатысып, ән салды.

1926 жыл -  Қызылордада тұңғыш Қазақ ұлттық театры ашылды.

1926 жыл - Ежелгі Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.

1926 жыл - Қазақ АКСР-ң халық саны 5 миллион 230 мыңға жетті.

1927 жыл - Түркістан-Сібір теміржолы құрылысы салына бастады.

1927 жыл – Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы қаулы қабылданды.

1928 жыл – Тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты ашылды.

1928 жыл -Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы декрет шықты.

1929 жыл - Қазақ мал дәрігерлік-зоотехникалық институты ашылды.

1929-1931 жылдар - Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы шаруалардың көтерілісі болды.

1929-1931 жылдар - Алматыда ауылшаруашылық және медициналық жоғары оқу орындары ашылды.

1929 жыл – Қазақстан астанасы Алматы қаласына көшірілді.

1930 жыл – Түркістан-Сібір теміржол құрылысы аяқталды.

1930 жыл - Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.

1931 жыл -  Алматыда Мемлекеттік медицина институты ашылды.

1930-1933 жылдар- Қазақ даласын аштық жайлады.

1934 жыл - Қазақ мемлекеттік музыка театры (Опера және балет) ашылды.

1934 жыл -  Қазақ мемлекеттік университеті ашылды.

1934 жыл -  Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрылды.

1936 жыл -  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ашылды.

1936 жыл -  Казақ АКСР одақтас республикаға айналды.

1938 жыл - Қазақтың алғашқы дыбысты фильмі «Амангелді» кинокартинасы түсірілді.

1940 жыл – Қазақстан латын әріпінен кириллицаға көшті.

1941 жыл 22 маусым – Ұлы Отан соғысы басталды.

1945 жыл 9 мамыр – Ұлы Отан соғысы аяқталды.

1946 жыл - Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды.

1949 жыл - Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Ж.Шаяхметов сайланды.

1949 жыл – Семей полигонында алғашқы ядролық қаруды сынады.

1951 жыл - Семей полигонында уран бомбасы сыналды.

1953 жыл – Семей полигонында жер үстінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутегі бомбасы сыналды.

1954 жыл - Тың және тыңайған жерлерді игеру басталды.

1958 жыл – Теміртау қаласында халықтың әлеуметтік ссаясатқа қарсы наразылығы болды.

1960 жыл - Қытайдан Қазақстанға 200 000-ға жуық қазақ оралды.

1960 жыл – Мәскеуде қазақ жастарының «Жас тұлпар» ұйымы құрылды.

1960 жыл - Қарағандыда қазақ жастарының «Жас қазақ» ұйымы құрылды.

1960 жыл - Семейде қазақ жастарының «Тайшұбар» ұйымы құрылды.

1960 жыл – Д.А.Қонаев Қазақстан КП Орталық Комитетінің  бірінші хатшысы болып сайланды.

1960 жыл -«Алтын қорған» деген атауға ие болған Шілікті қорғаны зерттелді.

1964 жыл - Д.А.Қонаев Қазақстан КП Орталық Комитетінің  бірінші хатшысы болып екінші рет сайланды.

1969 жыл - Жалаңашкөл бойында Кеңес Одағы мен Қытайдың арасында әскери қақтығыс орын алды.

1970 жыл - Есік қорғанынан алтын киімді сақ жауынгері табылды.

1978 жыл – Қазақ КСР Конституциясы қабылданды.

1979 жыл - Неміс автономиясын құруға қарсы Целиноград қаласында жастар наразылығы өтті.

1986 жыл 16 желтоқсан - Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп Д.А.Қонаевтың орнына Г. Колбинді тағайындады.

1986 жыл 17 желтоқсан- Қазақ жастары республика басшысының орнынан ауысуына байланысты Алматыда ереуілге шықты (Желтоқсан оқиғасы).

1988 жыл – Алаш қайраткерлері мен бес арыс Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов ақталды.

1989 жыл - Антиядролық, экологиялық қозғалыс «Невада-Семей» құрылды.

1989 жыл -Қазақстан КП ОК І хатшысы болып Н.Назарбаев сайланды.

1989 жыл маусым – Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі өтті.

1989 жыл шілде – Қарағанды кеншілерінің көтеруі өтті.

1989 жыл қыркүйек – Қазақ КСР тілдер туралы заң қабылданды.

1990 жыл 25 қазан - Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.

1990 жыл – «Азат» азаматтық қозғалыс құрылды.

1990 жыл сәуір – Қазақстанда президент лауазымы енгізілді.

1990 жыл сәуір - Жоғары Кеңестің мәжілісінде Қазақ КСР-інің Президенті  болып Н.Назарбаев сайланды.

1991 жыл – Шетелдегі қазақтардың Қазақстанға көші-қоны басталды.

1991 жыл – Семей ядролық полигоны жабылды.

1991 жыл 7 қыркүйек - Қазақстан Коммунистік партиясы таратылды.

1991 жыл 2 қазан – Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991 жыл 1 желтоқсан – Тұңғыш президент сайлауы өтіп, көпшілік дауыспен Н.Назарбаев президент болып сайланды.

1991 жыл 8 желтоқсан – Минск қаласында славян мемлекет басшылары КСРО-ны тарату туралы шешім қабылдады.

1991 жыл 10 желтоқсан – Тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ант қабылдады.

1991 жыл 10 желтоқсан – Қазақ КСР атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.

1991 жыл 13 желтоқсан – Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Ашхабад қаласында бас қосты.

1991 жыл 16 желтоқсан -  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

1991 жыл 21 желтоқсан - Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.

1991 жыл - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғашқы болып Түркия мойындады.

1992 жыл - Қазақстан өзінің тұңғыш алтынын шығарып мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады.

1992 жыл - Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен Ішкі істер әскері құрылды.

1992 жыл 2 наурыз -  Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

1992 жыл маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасы қабылданды.

1992 жыл 30 қыркүйек, қазан -Алматыда дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өтті.

1992 жыл  желтоқсан – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны қабылданды.

1993 жыл 13 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңестің таратылды.

1993 жыл 15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізді.

1993 жыл 28 қаңтар - Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қабылданды.

1993 жыл ақпан - Қазақстан Халық Бірлігі Одағы құрылды.

1993 жыл – Н.Ә.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды, Қазақстан ядролық қарусыз аймақ деп жарияланды.

1993 жыл – Қазақстан жастарын шетелге оқытуға арналған «Болашақ» стипендиясы белгіленді.

1995 жыл – Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикалары бірігіп Кедендік Одақ құру туралы шартқа қол қойды.

1995 жыл наурыз – Қазақстан Халықтар ассамблеясы құрылды.

1995 жыл  26 сәуір – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту туралы референдум өтті.

1995 жыл 30 тамыз – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

1995 жыл – Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру шешім қабылданды.

1995 жыл – Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлімінде тойланды.

1996 жыл 30 қаңтар -  Конституция бойынша Қазақстанның парламентіндегі тұрақты жұмыс істейтін екі палата:  Сенат пен Мәжіліс жұмын бастады.

1996 жыл – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өзі жұмысын бастады.

1996 жыл - Ж.Жабаевтің 150 жылдық мерейтойы тойланды.

1997 жыл - «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды.

1997 жыл – Қазақстан Республикасының астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді.

1997 жыл – «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды.

1998 жыл 1 қаңтар – Қазақстан Республикасының Зейнетақы туралы заңы күшіне енді.

1998 жыл – Астана қаласының тұсаукесер рәсімі өтті.

1998 жыл – Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Отан тарихы» жұрналын шығара бастады.

1998 жыл – «Халықтар тұтастығы мен мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланды.

1999 жыл -  «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жарияланды.

1999 жыл - Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі жарық көрді.

1999 жыл - Халық санағы өтті. Қазақстанда 14 млн. 952,7 мың адам тұратыны анықталды.

1999 жыл - ЮНЕСКО-ның шешімімен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы тойланды.

1999 жыл – «Отан» партиясы құрылды.

XXI ғасыр 

2000 жыл - Мәдениет жылы деп жарияланды.

2002 жыл - Денсаулық сақтау жылы деп жарияланды.

2003 жыл – Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы қоғамдық бірлестік болып құрылды.

2003 жыл – Астанада әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының І съезі болып өтті.

2003-2005 жылдар - Ауыл жылдары деп жарияланды.

2004 жыл – «Мәдени мұра» бағдарламысы қабылданды.

2004 жыл – Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы қабылданды.

2004 жыл – Білім беру жүйесінде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу енгізілді.

2006 жыл 6 қаңтар – Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік әнұраны қабылданды.

2006 жыл – Астанада әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының ІІ съезі болып өтті.

2006 жыл – «Отан» партиясы «Нұротан» атауға ие болды.

2007 жыл - «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының қазақ тілінде 10 томы, орыс тілінде 8 томы жарық көрді.

2009 жыл - Астанада Тұңғыш Президенттің бірінші интеллектуалдық мектебі ашылды.

2006 жыл – Астанада әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының ІІІ съезі болып өтті.

2010 жыл- Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ны тарағалық қызметті атқарды.

2010 жыл – Астанада Назарбаев Университеті ашылды.

2010 жыл – Кедендік Одақ қызметін бастады.

2012 жыл – Астанада әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының IV съезі болып өтті.

2012 жыл – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы.


Дайындаған

Марат БАЙДОЛЛА, Павлодар қаласындағы №19 мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

0 дауыс

Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты ең маңызды дәйекті деректі біз Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың «Тарих- и Рашиди» еңбегінен аламыз. XVI ғасырдағы белгілі тарихшы Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың «Тарих-и Рашиди» шығармасы XIV-XVI ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі Моғолстан тарихына арналған. Бұл еңбек — Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме. Онда тоқсан жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы қысқа, дәйекті түрде баяндалған.

«Тарих-и Рашиди» — XIV ғасырдың екін­ші жартысы — XVI ғасырдың басындағы Моғолстанның және XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы Қашғарияның Шағатай ұрпағынан шыққан хандарының тарихы жөніндегі ғана емес, сонымен қатар дуғлаттардан шыққан атақты адамдардың Шығыс Түркістан бөлігіндегі (Маңлай Сүбе) билік ету тарихы жөніндегі де негізгі түпнұсқа деректеме. Бұл шығармада соңғы орта ғасырларда Жетісуды, шығыс Дешті Қыпшақты, Тянь-Шань аймағын, Шығыс Түркістанды мекендеген моғолдардың, басқа да тайпалар мен халықтардың, атап айтқанда, қырғыздардың, ұйғырлардың, өзбектердің, ойраттардың және басқалардың тари­хы жөнінде құнды мәліметтер бар. Онда алғаш рет тарихнамада қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуі туралы хабарланады. Соны­мен қатар бұл еңбекте Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы дәйектер бар. (Қараңыз: Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. -Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. — Т.2.-б.63).

Соңғы орта ғасырлар кезіндегі Қазақстан та­рихын зерттеу ісі Ресейде XIX ғасырдың екін­ші жартысынан бастап қолға алынды. Мықты орыс ориенталисі В.В.Вельяминов-Зернов өзінің «Касимов патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу» деген төрт томдық тарихи еңбегінде алғаш рет XV-XVI ғасырлардағы Қазақстан та­рихына назар аударды. (Қараңыз: Вельями­нов-Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах. 2-бөлім. -СПб.,1864. Тру­ды Вост.Отд.Имп. Русского археолог. Об-ва.- Т.X). Ғалым еңбегінің екінші бөлімінде қазақ хандығының тарихын рет-ретімен баяндап, бұл мемлекеттің құрылуы туралы пікір айтқан, оны Керей және Жәнібек хандардың Жетісуға көшіп кетуімен байланыстырып, қазақ хандарының ноғай, моғол билеушілерімен сыртқы саяси бай­ланыстарын көрсеткен.

Қазақ мемлекеті тарихының аса маңызды мәселелерінің бірі оның құрылған уақыты ту­ралы мәселе болып табылады және оның пайда болуының нақты уақыты жөнінде ғана емес, сонымен қатар оның бастапқыдағы аумағы, этникалық негізі, беріктік дәрежесі, мықтылығы, оның бір мемлекет немесе бытыраңқы бірнеше иелік болған-болмағаны жайында да сөз болды. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен даму ба­рысы халықтың этникалық топтасуымен тығыз байланысты екендігін ескеру қажет болды.

С.К.Ибрагимов дербес қазақ мемлекетінің құрылу мерзімін XVI ғасырдың 30-40 жылдары­на жатқызды, ал Жәнібек, Бұрындық хандардың, Жәнібектің ұлдары Махмұд, Еренші есімдері­мен байланысты XV-XVI ғасырдың басындағы қазақ ұлыстарын жеке феодалдық иеліктер деп анықтады. (Қараңыз: Ибрагимов С.К. К исто­рии Казахстана в XVв //Вопросы филологии и истории стран советского и зарубежного Востока.-М., 1961.172-180 бб).

Б.А.Ахмедов Қазақ хандығы XV ғасырдың 80-90 жылдарында, Шығыс Дешті Қыпшақ халқының бөліну және осы аймақтағы «көшпелі өзбектердің» бір бөлігінің Мауараннахрға көшіп кету процестері барған сайын нақты айқындалған кезде құрылды деп санады. (Қараңыз: Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков- М., 1965. 150-151бб).

Т.И.Сұлтанов Қазақ хандығы құрылуын неғұрлым ертерек кезге XV ғасырдың 70-жылдарының басына жатқызады. Бұл мәселеге өзінің бірнеше еңбегін арнаған ол 1470/1471 жылдарға (хижра бойынша 875 жылға) тоқталып, бұл оқиғаны Шығыс Дешті Қыпшақтағы жағдаймен байланыстырды. Автор Әбілқайыр хан өлгеннен кейін Қазақстанның далалық бөлігінде, «Өзбек ұлысында» әулеттердің ауысуына баса назар аударады: билік басына Шайбанилер әулетінің орнына Тоқа-Темір ұрпақтарынан шыққан қазақ хандарының әулеті келіп, Қазақ хандығы құрылған. (Қараңыз: Султанов Т.И. История Казахского ханства. -Алматы, 2003.-стр. 30- 38).

Т.И.Сұлтанов Қазақ хандығын біртұтас мемле­кет деп жазады, ол «Қазақ хандығының тарихы аяқталды. Қазақ хандықтарының тарихы бастал­ды» деген XVII ғасырдың аяғы үшін маңызды қорытындысы бар әйгілі сөздерді жазған.

XV ғасырдың 20-шы жылдарының аяғында Қазақстанның орталық және солтүстік-батыс аудандарының территориясында бірнеше тәуелсіз иеліктер пайда болды. Арал теңізінен солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жұмадық- ханның ұлысы, бұдан батысқа таман-Ғазиби ие­ленген Ноғай (Маңғыт) ұлысы болды. Шайбани әулеті Мұстапа-хан Атбасарда, маңғыт Кепек мен Адаб-бек бүркіт Тура өңірінде билік жүргізді. То­былда Шайбани әулеті Махмұд Қожа-хан иелігі орналасты. (Қараңыз: Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков-М., 1965. 42-44 бб).

Биліктегі ақсүйектердің қиян-кескі өзара тартыстары көшпелі халықтың жағдайына ауыр тиді. Осындай жағдайда Жошы әулеті Шайбанның ұрпағы, Дәулет-Шайх-оғланның баласы Әбілқайыр билікке келді. Ол тез ара­да Орталық және Солтүстік Қазақстандағы көптеген тайпалардың үстем тобының қолдауына ие болды. 1428 жылы Тура өңірінде (Батыс Сібір) Әбілқайыр хан болып жарияланды. Әбілқайыр ханның қырық жылғы басқарғанына қарамастан мемлекеттің ішкі саяси жағдайы берік болма­ды. 1446 жылы Әбілқайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау баурайындағы бірқатар қалаларды: Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алды. Сығанақ хандықтың астанасына ай­налды.

Шыңғыс ұрпағының өзара тартысы Әбілқайыр хандығын әлсіретті, ал оның өз қарсыластарын аяусыз басып-жаншуы мен езгіні күшейтуі хан билігін нығайта алмады. Әбілқайыр хандығынан хиджраның 864 жылы (1459-1460 жж) Ұрыс ханның шөбересі және Ақ орданың билеушісі Барақ ханның баласы Жәнібек пен оның туысқаны Керей көшпелі және жартылай көшпелі халықтың өздеріне тәуелді тайпалар топтарын біріктіріп, Оңтүстік-Батыс Жетісу территориясына, Моғолстанға көшіп кетті.

Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлат бұл туралы «Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп баяндайды: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшаққа түгелдей билігін орнатқан кезде Жошы әулетінен шыққан сұлтандар оны орнынан тайдырмақ болды. Жәнібек-хан мен Ке­рей-хан аз ғана топпен Әбілқайыр ханнан қашып, Моғолстанға келді. Сол уақытта Моғолстан хандығын билеп отырған Есен- Бұға хан оларды құрметпен қарсы алып, оларға Шу мен Қозыбас өңірін берді, бұл жер – Моғолстанның батыс жақ шеті». (Қараңыз: Дулати М.Х.Тарих-и Рашиди.-Алматы, 2003).

XV ғасырда Моғолстан жеріне Талас пен Шу аралығына созылған кең жазықтық пен солтүстік-шығысында Ертіс пен Емелді, солтүстігінде шекарасы Көкше теңіз (XVIII ғасырдан бастап Балқаш көлі деп өзгертілген), арқылы Әбілқайыр хандығымен шектессе, оңтүстігінде Моғолстан құрамына Қашғария кірді. «Моғолстан» — деген сөз парсы атауы, «моголдар елі» деген түсінік береді. Орта Азияда «монғол» сөзі осылай «н» әрпін алып тастап жазылатын және айтыла­тын болған. Сонда Орта Азияда ол заманда монғолдарды «моғол» деп атап, осыдан келіп ел аты Моғолстан болып аталған. Моғолдар деп бұрыңғы Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде көшіп-қонған көшпенді халықты атаған. Ол жыл­дары моғолдардың жоғарғы билеушісі Есен-Бұға хан болды.

Махмуд ибн Уәли де қазақ билеушілерінің ауа көшуінің лажсыздан болғандығын атап көрсетеді. «Жошы ханның баласы Тоқай-Темір-ханның кей­бір ұрпақтары, мысалы, Керей-хан мен Жәнібек хан мойын ұсыну мен бағыну шеңберінен шықты да, ата-бабасынан мұра болып қалған елден бас тартып, отанын тастап кетуді артық көрді…» Өздерінің Әбілқайырға бағынудан бас тартуы себебін олар мұрагерлік дәстүрлер бұзылды, Ақ Орда хандарының ұрпақтарымыз, біздің билік жүргізетін хақымыз бар деген дәлел келтірді.

Қазақ халқы бұқарасының бүкіл он жыл бойына — XV ғасырлардың 50-ші жылдарының соңынан 60-шы жылдардың аяғына дейін Жетісуға жылжуы бұл әдеттегі ауа көшу болған жоқ; өздерінің жақын тәуелділерімен феодал шонжарлар ғана емес сонымен бірге мың- мыңдаған қарапайым халық, малшылар мен егін­шілер де көшті. Мұнда жылжыған қазақтарды тоқтатуға Моғолстан әміршісі Есенбұғаның шын мәнінде нақты күші жоқ еді. Қазақ хан­дары Жәнібек пен Керей Есен-Бұға мен оның інісі Жүніс арасындағы таққа талас күресін өз мақсаттарына пайдалана білді. Моғолстан ханы Есен-Бұға өз кезегінде өзінің қарсылас інісі Жүністі қолдап отырған Әбілқайыр хан мен Темір әулетіне қарсы күресінде Моғолстанның батыс шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылып, қазақ билеушілері мен одақ жасауға мүдделі болды. Есен-Бұға хан сондай- ақ XV ғасырдың 20-шы жылдарында-ақ Жеті­су мен басқа да аудандарын мазалай бастаған ойраттардың шабуылдарына тойтарыс беру үшін қазақтарды нақты әскери күш ретінде пайдаланбақ болды. Махмуд ибн Уәли Жәнібек пен Керейдің қазақтары Моғолстанның шет аймақтарында ойраттармен шайқасты деп хабар­лайды. (Қараңыз: Қазақ ССР тарихы (көне за­маннан бүгінге дейін).-Т.2.-Алматы, 1979).

Есен-Бұға 1462 жылы қайтыс болған соң, Ташкентте отырған інісі Жүніс Моғолстандағы билікті басып алуға сәтсіз әрекет жасады. Тартыс бұрыңғыдан бетер күшейді. Моғолстанда шын мәнінде ешкім билемеген кезең басталды. Бұрыңғысынша Моғолстанды ойраттардың (қалмақтардың) қысым жасауы әлсіретті. 1467-1468 жылдар шамасында оның территориясына Амасанчи тайшасының үш жүз мыңдық ұлысы жақындап келді. Моғол билеушілерінің оңтүстік Сырдария өңірінің қалаларын жаулап алу әрекеті саяси жағдайды өзгерте алмады, олардың Жетісудағы билігі барған сайын әлсіреді. Осы тарихи сәтті жібер­меген Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құрды. Керей хан (туған жылы белгісіз, XV ғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған) — қазақ хандығының негізін қалаған ханның бірі. «Таурих-и гузида-йи Нусратнама» (1268-1270) еңбегінің авторы айтып өткеніндей, Керей хан — Орыс хан немересі Болат ханның ұлы. Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Моғол ханы Жүністің ордасына Бұрыш оғлан сұлтан шабуыл жасаған кезде айтылады. Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі. (Қараңыз: Қазақтар. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. -Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. — Т.2.-б.61-62). Жәнібек Әбусағит (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) — қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің не­гізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі еді.

Қазақ хандығы бір күнде құрылған жоқ. Әбілқайыр ханнан іргесін бөлек салған Керей хан мен Жәнібекке алғаш соңдарынан ерген халықпен хиджраның 864 жылы (1459- 1460) Моғолстанға қоныс аударды. Осы жыл­дан бастап, олардың соңына ілескен халық көші күн санап толастамады. Әбілқайыр хан қол астынан қашқан ел Жетісудың ба­тысын қоныстанған Керей мен Жәнібек ауылына қарай ат басын бұрды. Бұл жайлы Мұхаммед Хайдар былай дейді: «Әбілқайыр ұлысында алауыздық пайда болды. Әркім мүмкіндіктеріне қарай қауіпсіз һәм дұрыс өмір сүруі үшін Керей хан мен Жәнібек хан­ды паналады. Олар осылай күшін нығайтты. Басында өстіп елден қашып, олардан бөлініп жырылып қалып, біраз уақыт тарығып әрі сергелдеңде болғандықтан оларды «қазақ» деп атады. Бұл лақап ат қазақтарға осылай таңылды. (Қараңыз: Дулати М.Х.Тарих-и Рашиди.-Алматы, 2003). М.Х. Дуғлатидің «Та­рихи Рашиди» еңбегінде қазақтар атауы әуелде «өзбек-қазақ», кейін «қазақ» ретінде Жетісуға көшкен, Жәнібек пен Керей бастаған саяси топ­тарды білдіру үшін қолданылған.

XV ғасырлардың 60-шы жылдарының екін­ші жартысында Шу мен Талас өзендерінің аңғарында Қазақ хандығының пайда болуы әбден заңды еді.

Мұхаммед Хайдар хандықтың құрылуын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж) жатқызды. Бұл мерзімнің шындыққа сәйкес келетіні айқын, өйткені Моғолстанда қалыптасқан саяси жағдай қазақ хандары билігінің нығаюына және дербес саяси бірлестіктің құрылуына көмектесті. Халықтың құралуы-ұзақ процесс, оның түпкілікті құралу мерзімін белгілі бір нақты уақыт кезеңімен дәл байланыстыру қиын. Де­генмен тарихи, археологиялық-этнографиялық, антропологиялық және лингвистикалық деректемелер жиынтығы қазақ халқының құрылу процесі XIV-XV ғасырларда негізінен аяқталды деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең- байтақ аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процестердің заңды қорытындысы болды.

2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толмақ. Бұл оқиғаның саяси және қоғамдық маңызы сол, 1465-66 жылдары ір­гесін көтерген қазақ хандығы Орта Азиядағы бірінші ұлттық мемлекет, оның ең басты маңызы бұл хандықты құрған ұлт — қазақ халқы бүгінде өміршеңдігімен көрініп отырған жұрт. Қазақ халқы хандықты құрып қана қойған жоқ, оны ғасырлар өте әлем халқы таныған мықты елдер қатарына қосуға бүгінгі таңда еңбек етуде.

0 дауыс

Қазақ хандығының құрылуы XV ғасырдың 50 жылдарында Дешті-Қыпшақтағы  Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиеленісе түседі. Осы кезде Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты халық бастап, Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударады.Моғолстан ханы Есен-Бұға оларды қарсы  алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп береді. Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді.       Қазақ  хандығы 1465 жылы құрылды. Бұл фактіны Мұхамед Хайдар Дулати растайды. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығынын құруылуына бөгет жасамақ болған әрекеті жүзеге аспады. XV ғасырдын II жартысында Қазақ Хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілхайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлекеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшеюіне себеп болды. Ең, алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді. 1480 жылы Керейдің баласы Мұрындық хан болды. 1486 жылы қазақ әскерлері Сыр бойы қалалары үшін Мұхамед Шайбаниді жеңді. XV ғасырды аяғына қарай Қазақ хандығының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы күшейді. Қазақ хандығының құрамында Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары болды. XVІ ғасырдың басында Қазақ хандығы күшейе түсті. 1511 жылы Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Қасым ханның алға қойған басты міндеті – Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу. Қасым ханның бұл істі орындау жолындағы басты кедергісі Мұхамед Шайбани болды. 1510 жылы Қасым ханның әскерлері Мұхамед Шайбанидің әскерін жеңді. XVІ ғасырдың аяғына қарай Қасым хан Қазақ хандығының жерін ұлғайтады.

Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды. XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты. Қазақ хандарының Сыр бойына иелік ету күресі стратегиялық тұрғыдан басқа жол жоқ болғандыктан, ұзақ та табанды түрде жүргізіліп келді. Осы күрестің барысы, қазақ хандарының ішкі, сыртқы саясаты, хандық аумағының кеңеюі, Қазақ хандығы тарихының т.б. қырлары қазақстандық ғалымдардың көптеген еңбектерінде тереңдетіле қарастырылған. Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысы бойындағы жерлер Орта және Кіші жүз қазақтарының қыстайтын мекендері болатын. Ол кезде Сарыарқа Орта Сырдариямен етене тығыз байланыста болды. Осы өлкені Орта жүз қазақтары қолайлы қыстық жайылым ретінде жоғары бағалайтын. Қазақ даласының жағрафиялық ерекшеліктеріне сай, Шығыс Дәшті-Қыпшақ территориясында ерте ортағасырлар кезеңнен-ақ бақташы қауымдар қыс уақытында оңтүстікке — Сырдария өңіріне, оның сағасына, Қаратау қойнауына келіп қыстайтын мал шаруашылығы қалыптасқан болатын. Дәл осы шаруашылық циклі Қазақ хандығы кезінде де қолданылып жатқан еді. Орталық Қазақстан мен Орта Сырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып саналды. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өңірі де Кіші жүз қазақтары үшін дәл осындай мәнге ие еді.

Астанасы Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы тұсында Орталық Қазақстан мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды өлкелерінің бірі болды. Керуен жолдары ішінде көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды. Сарысу жолы өңірдің батысымен өтті. Оңтүстікте, Жібек жолының негізгі торабынан бастау алған ол Түркістанның үстімен Ұлытауға жете тармақталып, әрі қарай — Орал мен Еділге кететін. Қазақтар үнемі маңызды кеңестер өткізіп отырған, көптеген рулардың таңбасы қашалған атақты Таңбалытас осы Сарысу бойында. Қарқаралы жолы шығыс тарапта қанат жайды. Оңтүстікке Хантау мен Шу арқылы түсетін бұл бағыт, теріскейге қарай қимақтардың жұрты болған Ертіс бойына және одан әрі Батыс Сібірге тартатын. Қарқаралы жолын Хан жолы деп те атады. Сонымен XVI ғасырда Орталық Қазақстан экономикалык жағынан біртұтас, этникалық құрамы біртектес Қазақ хандығының құрамына енді. XVII ғ. қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ерлік кезеңі, Орталык Қазақстан жерінде қазақтардын әскері екі ірі жеңіске жеткенімен қазақ-жоңғар соғысы әлі жүз жылға созылды (Аңырақай шайқасы, Бұланты шайқасы). Қалмақтар мен қазақтардың өзара жауластығы қалмақтардың бір одаққа (1400) бірігуінен басталып, оларды қытайлықтардың түгел жойып жіберген (1757 ж.) кезеңіне дейін ұласты.

Қазақ хандығының алғашқы хандары.

XV – XVІІІ ғасырардағы Қазақ хандары

Керей мен  Жәнібек (1456-1480),

Бұрындық (1480-1511),

Қасым (1511-1518),

Мамаш (1518-1523),

Тақыр (1523-1533),

Бұйдаш (1533-1534),

Қожа Махмұт (1534-1535),

Тоғым (1535-1537),

Хақназар (1537-1580),

Шығай (1580-1582),

Тәуекел (1582-1598),

Есім (1597-1613),

Тұрсын (1613-1627),

Есім (1627-1628),

Жәңгір (1629-1652),

Әз-Тәуке (1652-1718),

Батыр (1718-1726),

Болат (1726-1730),

Әбілмәмбет (1730-1771),

Абылай (1771-1781),

Шыңғыс ханның ұрпағы ғана хан болып сайлана алады. Мұрагерлер сұлтан деп аталды. Хан жасағы немесе хан үйінің маңайындағы қызметшілер төлеңгіт және қараша деп аталды.

XVІ ғасырдың аяғына қарай Жетісу жерлері, Сырдария бойындағы көптеген қалалар, бұрынғы Ноғай ордасының құрамында болған жерлер Қазақ хандығының құрамына қосылады. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының халқы саны 1 млн –ға жеткен. Қасым хан қазақтың құқықтық тарихының 5 бөлімнен тұратын белгілі   «Қасқа жол» — заңдар жинағын шығарған. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы Ресей патшалығымен, Сібірмен т.б. елдермен байланыс орнатады. Бұл туралы Австриялық саяхатшы Зигмунд Герберштейн былай деп жазады: «Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы князь Василий билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті болды». Ал Қазақ хандығынң Қасымнан кейінгі билігі Мамаштың қолына тиді.  1523 жылы хан тағына Тақыр отырды. Тақырдың кезінде Қазақ хандығы біраз жерлерінен айрылды. 1533 жылы хан тағына Бұйдаш отырғанда да, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары жақсарған жоқ. 1534 жылы хан тағына Қожа Махмұд, 1535 жылы Тоғым хан отырды. 1537 жылы хан тағына Қасымның баласы Хақназар отырды. Хақназар хан ең алдымен Жайық маңын, киелі Түркістан жерлерін басып алды. 1580 жылы хан тағына Шығай отырды. 1582 жылы Шығайдың баласы Тәуекел хан болды. 1586 жылы Тәуекел Түркістанды басып алды. 1598 жылы Тәуекел хан інісі Есім сұлтанмен қазақ қолы Мәуеренахрға кіріп, Самарқанды басып алды. 1598 жылы Ташкентте Тәуекел хан қайтыс болады. 1598 жылы Есім хан болады. Есімнің інісі Тұрсын Есім ханға бағынбай, өз атынан теңге шығарып, Түркістанды биледі. 1627 жылы Есім хан Тұрсынды өлтіреді. Есім хан Қазақ хандығының аумағын кеңейту бағытында үлкен үлес қосты. Мемлекет билігін, құқықтық жүйені реттеуде Есім ханның «Ескі жолы» аталған заңдар жинағы елеулі роль атқарды. 1628 жылы Есім хан қайтыс болады. 1629 жылы хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырады. Ол қазақ тарихында «Салқам Жәңгір» деген атқа ие болды. Оған басты себеп, 1643 жылы Салқам Жәңгір 600 сарбазбен ойраттың  50 000-дық әскеріне қарсы шығып жеңіске жетеді. Бұл соғыста Жәңгір ханға Жалаңтөс көмекке келеді. 1652 жылы ойраттарға қарсы ұйымдастырылған шайқаста Жәңгір қайтыс болады. Біраз уақыт бойы Қазақ хандығының билігі сұлтандардың қолында болады. 1680 жылы хан тағына Әз-Тәуке отырады.  Әз-Тәуке хандық билікті, негізінен, билерге сүйеніп жүргізеді. Билердің көмегімен «Жеті Жарғы» заңдар жинағын шығарады. Тәуке хан кезінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болады. 1718 жылы Әз-Тәуке қайтыс болады.

Қазақ хандығының тәуелсіздік жолында ұлт-азаттық күресі.

 ХVІІІ-ХХ ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстары болды. Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолындағы күресінің негізгі кезеңдері:

Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838);
Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847);
Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857);
Есет Көтібарұлының қозғалысы (1868-1869);
Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870).

Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Мұның ішінде, Ресейдің және көрші мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі өміріне тигізген әсерімен, ұзаққа созылуы және ауқымдылығымен ерекшеленетін өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары ретінде қалды.

Кейінірек, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің түкпірінде саяси және ұлттық ой-санасының өсуіне ықпал ететін автономия алу ниеті тұрды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың интеллектуалды және саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы қоғамдық өмірде қозғалыс тудырып, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын дүниеге әкелді.

Тәуелсіздік – қазақ халқы үшін қатардағы түсінік емес, бұл қазақ халқының тарихи болмысындағы аңсаған арманы. Тәуелсіздік – барша халқымыздың күрес пен еңбек, ілім-білім мен өнерінің шабытына қамшы басқан үміті. Бұған дәлел – азаттық үшін шаттанған ата-бабамыздың жолы.

Сонау сақ-ғұн заманында ата-бабаларымыз тәуелсіздік жолында алпауыт Парсы мен Хань империяларына қарсы тұрды. Ғұндардың қаһары мен қуатының күштілігі сонша – бүкіл Аспанасты елін біріктірген Цинь императоры Шихуан-ди оларға қарсы Ұлы қытай қорғанын салды.

Көшпелі ата-бабамыз өз өркениеті мен мәдениетінің болмысын сақтап қалып, өз мемлекеттілігін қалыптастырды. Мемлекеттілік – қазақ халқы үшін 1991 жылы алғаш туындаған жаңалық емес, осы жылы біз өзіміздің мемлекеттігімізді жаңғырттық, қайта тәуелсіз ел болдық. Қазақ мемлекеттілігінің тарихи тамыры тереңде жатыр. Көптеген Еуропаның халықтары әлі қалыптаспай жатқанда, біздің тікелей ата-бабаларымыз – түріктер 551 жылы тәуелсіздігі жолында көрші жатқан жужандардың бодандығынан құтылып, Қара теңіз бен Корей теңізіне дейін Еуразияның ұлан-ғайыр далаларын алып жатқан ұлы империяның негізін қалады. Түркі заманында ерекше көшпелі әлемнің мемлекеттілік нышанына айналған – қағанат жүйесі қалыптасып, көрші жатқан моңғол мен угор халықтарының мемлекеттілік негізі болды. Бұған дәлел – Хазар, Авар қағанаттары. Ұлы жаулаушы Шыңғысханның өзі қаған атанған.

Көшпелі әлемнің екі алпауыты – түркі мен моңғол халықтарының тарихының сабақтастығы анық. Шыңғысхан мен оның ұрпақтары құрған империя тек моңғол халқы үшін туған орда болған емес, бұл империя – бүкіл көшпелі әлем үстемдігінің символы. Ата-бабаларымыз Шыңғыс ханның мұрасын, оның ұрпақтарын – төрелерді ерекше қадірлеп, өзіндей көрген. Қазақ халқы моңғол ұлыстарын, Алтын Орданы – бөтен, жаулаушы халықтың емес, өз мемлекеттілігі деп таныған. Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керейдің өздері Шыңғыстың ұрпақтары еді.

Қазақ хандығының дәуірі – қазақтың ұлттық егемендігі мен тәуелсіздігінің шарықтаған шыңы. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» – тайға таңба басқандай қазақ мемлекеттігінің нышандары, қазақ тәуелсіздігінің айқын айғағы. Жәнібек пен Керей, Қасым мен Хақназар, Тәуекел мен Есім хандардың жетекшілігімен халқымыз 300 жылдық тәуелсіз хандық дәуірінде өмір сүрді. Осы дәуірді халқымыз «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» бейбітшілік пен азаттық дәуірі деп еске түсіреді. Алайда, халқымыздың бейбіт өмірі тәуелсіздік үшін күреске түскен сындармен қатар жүрді. Тәуелсіздік жолында қазақ халқы қайталанбас ерліктің үлгілерін көрсетті. ХVIII-ші ғасырдағы қазақ тарихы ел тағдыры үшін шешуші сәттерге толы, қайғылы да қасіретті кезең. Бұл қазақтың өз мемлекеттігі мен тәуелсіздігі үшін күресте жанталасқа түсіп, «найзаның ұшына, білектің күшіне» жүгінген қиын-қыстаулы тарих беттері. Тәуке ханның өлімінен соң басталған ішкі саяси бытыраңқылық қазақ халқының басына төнген сыртқы қауіппен қосталды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, оның қол астындағы башқұрт, қалмақтардың,  шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасады. Қалыптасқан саяси жағдай мен ішкі алауыздық қазақ халқының тарихында өшпестей із қалдырған – Ақтабан-шұбырынды қасіретіне әкелді.

Зар-заман шығармашылығындағы дәуір сипатын ашатын халық мұңының жолдарын келтіретін болсақ:

Бақ дегенім сорға айналды,

Тақ дегенім көрге айналды,

Көкірегіме шер байланды,  толайым

Жер дегенім кебенек пе,

Ел дегенім ебелек пе,

Ер дегенім көбелек пе,  ағайын

Атамекен — алып тозақ,

Мойыныңды қамыт қажап,

Мойыдың-ау, ғарып қазақ, аһ ұрып.

Найзағайлы намыс қайда,

Қайта бізбен табыспай ма,

Ата жаумен алыспай ма,  ақырып – деген өлең жолдары заманның бүкіл келбетін, халықтың мұң-сырын ашады.

Дәл осы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туды. Сол кездің өзінде халқының болашағы үшін бүкіл күш-жігерін салатын суырыла сөйлейтін шешендер, топты бастар көсемдер, ту ұстайтын батырлар, елді ерлікке шақыратын жыршылардың бастауымен тәуелсіздікті сақтап қалдық. Халқымыз тәуелсіздігі мен болашағы үшін Бұланты мен Аңырақай шайқастарында ұлы жеңістерге қол жеткізіп, құрып кетуден аман қалды.

Ресейдің отаршылдығы мен Кеңестік дәуірлерде халқымыз тәуелсіздік жолындағы 300 жылдық ұлы күресі мен қажырлы еңбегінің арқасында бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында Ресей империясы мен басқа да отаршыларға қарсы екі жүзден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққаны — халқымыздың тәуелсіздікке ұмтылысының айғағы. Тарихымыздағы Сырым мен Исатайдың, Кенесары мен Жаңқожаның ұлт-азаттық күрестері,

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты,— деп халқының болашағы үшін жан азабына түскен кешегі Алаш зиялыларының күресі, Желтоқсанда қазақтың болашағын аңсаған қазақ жастарының алаңға шығуы, – тәуелсіздік жолындағы күресіміздің айғағы.

Тәуелсіздіктің тұғырының нығаюына Елбасымыздың – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлесі аса зор. Президентіміздің басшылығымен бүгінгі күні егеменді еліміз бүкіл әлемге танымал, қарқынды дамып жатқан елге айналып, Мәңгілік Ел идеясы аясында халқымыз бірігуде.

Тәуелсіздік – ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлы құндылықтарымызды: ділімізді, тілімізді, дінімізді жаңғыртуға мүмкіндік берген асыл қазына.

Тәуелсіздік – біз үшін көпті берді, ал біз тәуелсіздік үшін не бердік? Ойланайық, ағайын! Тәуелсіздік – бақта өскен гүл сияқты, әрбіреуіміздің нәр себуімізді талап етеді. Тәуелсіздіктің тірегін нығайту елдің әр азаматының қолында.

Елдігі мен бірлігі жарасқан Қазақстан.

Иә, қазіргі таңдағы еліміздің осындай жетістіктерге жетуіне басты себеп, әрине, 130-дан астам этностық топтар бірауыздан қазақ топырағын туған еліміз деп әрдайым ардақ тұтып, қазақ шаңырағының биік, татулық пен бейбітшіліктің арқасы деп білемін. Бірлігі мен ынтымағы бар мемлекеттің ғана болашағы кемел. Қаншама қан төгіс, маңдай тер, ғасырлар бойғы асыл арманмен қол жеткізген тәуелсіздіктің әр таңы мен үшін қымбат. Иә, кешегі күнге көз жіберсек, қазақ халқы басынан қаншама ауыр күндерді өткізді. Тәуелсіздіктің арқасында бабалар аңсаған азаттық пен егемендікке қол жеткіздік. Көкте қыраны қалықтаған бүгінгі бейбітшілік аспанында өмір сүріп жатқан көпұлтты халқымыз бір шаңырақтың астында бірлік пен ынтымақтың бесігінде тербеліп күн кешуде. Тіліміз бен дініміз, діліміз бен салт-дәстүріміз қайта жаңғырып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Әлем таныған жасампаз көшбасшымыз халықтар арасындағы достық пен келісімді сақтай отырып, татулық пен тұрақтылықтың алтын арқауы болып табылатын бейбітшілікті орнатты.

Тәуелсіздік қазақ халқының, Қазақстан мемлекетінің тарихына алтын әріптермен жазылған, яғни ақ түйенің қарны жарылған күн. Осы күннің арқасында біз төрт құбыламызды түгелдеп, тәуекелдің кемесіне мініп, нық қадаммен алға басып келеміз. Отаны үшін отқа түсіп, елі мен жері, халқы үшін қасық қанын қиған ата-бабаларымыз қалдырған осынау кең, шексіз байлықтың мұрагері, әрине, біз!

Әлемдегі дамыған мемлекеттердің экономикасын дүрбелеңге салған дағдарыстың қаншалықты қиындықтарына қарамастан, Қазақстан тұрақты даму жолында. Елбасымыз әлем таныған жасампаз көшбасшы ретінде дүние жүзін шарпыған дағдарыс кезінде батыл қадам жасап, еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындап берді.  Қазақстан соңғы жылдары өзінің батыл шешімдерімен, ойға алған істерін ойдағыдай жүзеге асыруымен нық қадам басып келеді. Басына бостандық алып, тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы еліміз жер шарындағы барша мемлекеттермен терезесі тең. «Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік. Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды» деген Елбасымыз өз Жолдауында.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі талай жетістіктерге қол жеткізіп, асқар шыңдардың белестерін бағындырды. Алғашқы белестері болып Елбасымыздың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» Заң қабылданды, төл теңгеміз айналымға енгізіліп, Сарыарқаның сайын даласы мен Есілдің жағасында келбеті мен дәулеті келіскен Астана қаласы бой түзеді.   Алайда, ең үлкен жетістік деп, өткен 2010 жылы өткізілген Саммитті айтар едім. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы – дүниежүзілік үлкен ұйымдардың бірі, әлбетте, Қазақстан сияқты жас елдің осындай ұйымға төрағалық ету мүмкіндігін алудың өзі – үлкен мәртебе деп білемін. Осы ұйымның он бір жыл бойы болмаған Саммитін ұйымдастырып өткізу – бұл біздің әлем тарихының алдындағы үлкен ерлігіміз, халқымыз үшін мақтаныш ететін табыс деп есептеймін.

Әрі қысқа, әрі ұзақ 23 жыл ішінде елдігімізді, ерлігімізді танытар талай ауқымды істер жасалынды. Тәуелсіз елімізді әлемдегі өзіндік орны бар, салиқалы, беделді мемлекетке айналдыру Елбасымыздың ұлы мақсаты. Соның бірі, біздің, яғни жастардың білім алуынан бастап, мемлекет пен қоғам өміріне белсене араласуына дейін қадағалауы, көңіл бөлуі – көрегендік деп білемін. Әлемдік стандартқа сай білім алуымызға нақты мүмкіндіктер беріліп отыр. Бұл орайда халықаралық деңгейдегі жаңа оқу орны «Назарбаев Университетін» айтуға болады.

Тәуелсіздіктің 23 жылдығына жұлдызымыз жарқырай жанып, мәртебесі асқан, мерейі тасқан мемлекет ретінде қадам бастық.  ҮІІ қысқы Азия ойындарының өткізілуі осы сөзімнің бір ғана дәлелі. «Азиада – Тәуелсіздік тойының беташары болды!» деген еді бір сөзінде Елбасымыз. Сонымен бірге қоян жылында Қазақстан Ислам Конференциясы ұйымын басқарғалы отыр. Алдағы уақытта талай атқарар істер, бағындырар белестер бар.  Сол себептен берік қаланған іргетасымызды одан ары қарай мықтап бекітуіміз керек.

...