0 дауыс
409 көрілді
Қаржы перамида сенімді ма, сенімсіз ба? қаншалықты сенуге болады?

2 жауап

+1 дауыс

Қаржы пирамидасы (сондай-ақ инвестициялық пирамида) – ақшалай қаражатты тарту мақсатында құрылым қатысушыларын кірістермен қамтамасыз ету әдісі.

   Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов Twitter-де былай деп жазды: "Таяуда қаржы пирамидаларына тыйым салынады. Заң жобасының тұжырымдамасы түсті. Оған қатысқандарды да жазалауды ұсынамын".

Қалай айтқанда да қателіктен халық сабақ алған жоқ. Өткен ғасырдың 90 -жылдары Ресейді дүркіреткен Мав­родидің "МММ" қаржы пира­мидасы­нан миллиондаған адам зардап шекті. Әйтсе де халық ауадан ақша жасағысы келеді. Қаржы пирамидасындасын құрғандар ешқашан өздерін "алаяқпыз" деп есеп­темейді, ал халық "кәсібі" күмәнді болса да оларға сенеді. Бірақ әлемдік қаржы нарығындағы қандай жағдайға да көз салып қарасақ та, құрылған қаржы пирамидасының ешқайсысы да ха­лық­қа опа бермеген. Өткен тарих та осыны қаузайды.

Әлемде ең алғаш рет қаржы пира­мидасын Францияда Джон Лоу құрған. Қаржы саласына жандандыру үшін жасаған ол, байып - 1719-1720 жылдары компанияның акцияларын сата бас­тайды. Акцияның құны артады. Қызыққан көптеген жандар өздерінің негізгі жұмысын тастап, оның құнды қағаздарын сатумен айналысады. Ақы­рында компанияның жұмысы кері кетіп, бір-ақ күнде банкрот болады.

1919 жылы италияндық Чарльз Понти пошта мар­каларын сату және сатып алудан пайда табуға кіріседі. Алғашында одан жақсы дивиденд алып тұрды. Сөйтіп, мил­лиондаған долларды айналдырды. Ақы­рында шағым түскен соң құқық қорғау органдары компанияны тексерген сәтте фирманың ешқандай инвес­тициялау ісімен айналыспағаны анық­талған. Сөйтіп, ауадан ақша жа­сағысы келген Чарльз Понти соңында талай адамға қарыз болып қалды

.

+1 дауыс
Қаржы перамидасының қай кезде тоқтап қалатынын білсең әрине ақша алуға болады, Қаржы перамидасының қалай жүзеге асатынын қарапайым түсіндіріп көрейін.

Мысалы сен қаржы перамидасын құрдың, маған 1000 ақша төле, ал үш адам алып келсең ақшаны екі есе қылып қайтарасың дейсің, мен саған үш адам алып келем де 2000 теңге ақша алам, (1000 теңге саған қалады) мен алып келген үш адамға да солай айтасың (олар саған тоғыз адам алып келеді) олардан саған 12000 мың теңге ақша түседі (солай солай кете береді).

Бірақ олар мәңгілік созыла бермейді, бір күні тоқтатып тастайды, сонда ең соңынан тіркелгендер, ақша ала алмай қалады, мысалы МММ миллиондаған адам жинап миллиардттаған ақша төлемей қалған
...