Қаржылық пирамида[өңдеу] Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Пирамида (ағылш. pyramid; гр. pyramis (pyramidos) -монументальное сооружение) Қаржы компаниялары колданатын женіл табыс тәсілі, күдікті мәміле. Компания сатқан құнды қағаздарды алған «пирамиданын»төменгі қабатын құрайтын алаяқтыққа тартылған адамдардың ақша қаражаттары, одан бұрын құнды қағаздарды сатып алған адамдарға ішінара төленіп, сондай-ақ кең көлемді жарнамаға жұмсалады және қаржы компаниясының пайдасына алынады. "Пирамида" ерте ме, кеш пе әйтеуір бір кезде құлайды, бұл жағдайда теменгі қабаттағы қатысушылар өздерінің салымдарын жоғалтады, ал компания не күйрейді, не болмаса жаңа "пирамиданы" құруға кіріседі. Бірқатар елдердің заңнамасымен, пирамидалык қаржылыкоперацияларға тыйым салынған.[1] A. Пирамида — күмәнды мәміле, қаржы компаниялары қолданатын баю тәсілі. Мұнда “Пирамиданың” төменгі қабатын құрайтын алаяқтардың айласымен таратылатын бағалы қағаздарды компанияның сатуынан алынған ақшалай қаражат бағалы қағаздарды ертерек сатып алғандарға дивиденд түрінде ішінара төленіп, “Пирамиданың” жоғары қабатын құрайды, сондай-ақ кең ауқымда жарнамалауға жұмсалады және қаржы компаниясының табысына түседі. “Пирамида” ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күйрейді, сөйтіп, төменгі қабатқа қатысушылар өздерінің салымынан айырылады, ал компания тек күйзеліске ғана түседі, жаңа “Пирамида” құруға кіріседі. Бірқатар елдердің заңнамасында пирамидалық қаржы мәмілелеріне тыйым салынған. Өткен ғасырдағы 90-жылдардың басында ТМД елдерінде осындай “Пирамидалар” пайда болды. Олардың ең ірілері Ресейде “МММ”, “Русский дом Селенга”, “Властелина”, “Чара”, “Тибет”, т.б. Қазақстанда “Смағұлов және Ко”. Олардың бәрі де мемлекеттік органдардың жайбарақат жол беруімен әрекет етті, өздерінің ұзақ уақытқа созылған әрекетсіздігін “заңнамалық базаның” жоқтығымен ақтауға тырысты. “Пирамидалар” түрлі жасанды бағалы қағаздар шығарды. Дереккөздер[өңдеу] «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том