0 дауыс
301 көрілді
Темірлан Сандыбаев кім?

2 жауап

0 дауыс

Кімді сұрап отырғаның белгісіз. Интернетте мынау жүр.

+2 дауыс

Міне бір бала бар аты жөні ұқсас:

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - облыстың ІІД-де мәйіті Заречный кентінің Келешек шағынауданындағы өзеннің маңынан табылған 5 жасар Темірлан Сандыбаевтың ісіне қатысты брифинг өтті.

«Нақты қашан және қалай көз жұмғанын сот-медициналық сараптама анықтайды. Алдын ала тексеру нәтижесі бойынша баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Бала жоғалған кездегі киімінде табылды. Шамамен 10-15 күн бұрын қайтыс болған, түрлі нұсқалар пысықталуда. Баланың мүрдесі ата-аналарына берілді», - дейді ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.

Баланың мәйітін сол күні өзен маңынан өткен саяжай тұрғындары тапқан.

Полицияға хабарлаған 45 жастағы қала тұрғынының айтуынша, олар бұдан бұрын да осы жерден өтіп жүрген, алайда баланы көрмеген. Осы жерді еріктілер де тексерген болатын.

 

...