+2 дауыс
Сайттағы қазіргі белсенді қолданушылар өмірде қандай деп ойлайсыз?
08.11.2014 416 қаралым

8 жауап

+1 дауыс
Басқалар туралы айта алмаймын. Өзім жайлы айтар болсам, қарапайым адаммын, мінезім салмақты, себепсіз ешкімге тиіспеймін, соқтықпаймын, кез-келген адам қалай мәміле жасаса солай жауап қайтарамын "какой привет - такой ответ", ешкімнің артынан жүгірмеймін, көңіл-күйім құбылмалы, көп жағдайда өзімнен кішілерге және құрдастарыма қызбалықпен көңіліне тиетін сөз немесе балағат сөз айтып қоямын, басқалардың ойы қызықтырмайды, бұйырғанын көрерміз деп жүремін, достарым көп деп айта алмаймын барымен базар, өміріме ризамын, болашаққа мақсаттарым көп. Тағы да өзім жайлы айта беретін нәрсе көп, жаза берсем "Абай жолы" роман-эпопеясынан да асып кетеді :)
08.11.2014
–1 дауыс
Өмірде белсенсіз деп ойлаймын.
08.11.2014
нағып?????)
............
+1 дауыс
Өмірде адам қандай болса, интернетте де сондай қолданушы болады. "Білсем, үйренсем" деген адам СЖ сайты сияқты әлеуметтік желілерге кіреді. Уақыт өткізгісі келгендерге де сайттар жеткілікті. Кейбіреулер бар, өмірде тұйық, көпшіл емес. Ондайлар интернетке тек кино көру үшін ғана кіреді.
08.11.2014
+1 дауыс
Бәрін айта аламын. Қазақтың қара домалақ баласы. Барлығы қарапайым Алланың құлы, Мұхаметтің үмбеті.
08.11.2014
0 дауыс
Өзiмдi аса белсенді қолданушы деп айта алмаймын және шын өмірде де сондаймын. Ретi келген жерде бар бiлетiн нәрсемдi пайдаға жарата алмаймын. Ендігi өзгермейтiн де шығармын.
08.11.2014
0 дауыс
Бұл жерде белсенділер ғана жауап беріп жатыр екенғой шыға тұрайық )
09.11.2014
0 дауыс
Көрмей жатырып ештеңе дей алмаймын.
18.12.2014
0 дауыс
Өмірде нашар адаммын, тілім мен жағыма сүйеніп қалғам содан талай кесірі тисе де) Асығыс шешім қабылдай берем, көп қателік жасаймын, артынан ойланамын) ТЕК адамның денсаулығына қатысты болса ғана шынайымын, Ойыма келгенін толық ойланбай айта салам, бұл жақта да жаза салам бәрі бір кім не ойласа да)
18.12.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,993Қолданушы