+3 дауыс
1.3k көрілді
Өлім қорқынышты ма? Ауырған қорқынышты ма? ЖАЛҒЫЗДЫҚ қорқынышты ма?

11 жауап

+2 дауыс
Жеке өзім үшін жалғыздық қорқынышты. Өз өлімімнен және ауырғанымнан қорықпаймын, бірақ жақын адамдарымның өлімінен және ауырғанынан қорқамын, жақын адамдарымды жоғалтып жалғыз қалудан қорқамын, маған қымбат адамдардың өмірі ұзақ, денсаулығы мықты болғанын қалаймын.
0 дауыс
Жалғыздық қорқынышты
+1 дауыс
Өлім қорқынышты. Өйткені өлгеннен кейінгі жағдайыңның қандай болатынын білмейсің.
0 дауыс
Өлгенде ауырмай, жалғыз қалмай өлсем екен деп ойлаймын
+2 дауыс
Өлім дауасыз, оған қарсы ештеңе де істей алмаймыз. Жалғыздық ауыр, әсіресе қартайып, түрлі ауруларың шыға бастаған кезде. Ауырғаннан кейін жазылып кетпейтініңді білсең - тағдырыңа бойұсынасың. Ең ауыры - жақыныңның ауырмай-сырқамай кенеттен қайтыс болғаны.
0 дауыс
әрине жалғыздық қорқынышты біреулер өлім қорқынышты дейтін шығар бірақ әлемде жалғыз қалсаң өмір сүргің келмей қорқып өлесің емесе өзің өзі өлтіруі мүмкін
0 дауыс
Арманға жете алмай өлген қорқынышты
Дертi жоқ ауру қорқынышты
Қартайғанда жалғыздық қорқынышты...
+1 дауыс
"Өлім қорқынышты. Өйткені өлгеннен кейінгі жағдайыңның қандай болатынын білмейсің". -деп айтқан қолданушымен келісемін. Тек өлгеннен кейін жағдайымыз өзімізге байланысты деп түзетуге болады. Мен де білемін, өлгеннен кейін жағдайым жақсы болу үшін, қазірден бастап Құран, намаз оқу керек екенін. Ойда бар, ниет жоқ болып тұр әзірше. Осы сұраққа келгенде өзім де білмеймін, әлде намазды тастап кетем деп ойлаймын ба. Мойындау керек бұл кім көрінген оқи беретін зат емес. Сондықтан да қорқатыным намаз оқымай өлу. Қалған ауру, жалғыздық қорқынышты емес. Бәрі уақытша, өткінші бұл дүниеде.
0 дауыс
Жалғыз қалу қорқынышты. Ал өлімнен ұят күшті.
0 дауыс
Өлім де, ауру да - жалғыздық.
0 дауыс
менің өлгім келеді, себебі жалғыз қалдым.

Ұқсас сұрақтар

...