+2 дауыс
Жүрегі ауыратын адамның алақаны терлейді деген рас па?
07.11.2014 21.4k қаралым

5 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Алақан мен табанның терлеуін медицинада акрогидроз дейді. Өтпелі кезеңде жасөспірімдердің алақаны жиі терлейді. Ол өтпелі кезеңдегі гормональды өзгерістердің салдарынан. Алақанның терлеуі  жүйке және жүрек ауруларының алғашқы белгісі де болуы мүмкін. Эмоциясын іште сақтай алмайтын жандардың да алақаны терлегіш келеді.   Мұндай адамдар қолын ауық-ауық сабындап жуғаны дұрыс. Бірақ сабынмен жуа беру теріні құрғатып жібереді. Сондықтан дерматологқа көрінген жөн. Невропатологтар мен, эндокринологтар  бірлесе отырып, алақанның терлеуінің себебін анықтап, тиісті ем-дом жасайды.
07.11.2014
үздік деді
+1 дауыс
Мүмкін ондай адамда тахикардия,  гипертиреоз
13.02.2015
0 дауыс
Зоб ауруында жүрегі де ауырады, алақына да үнемі терлейді, оны анықтау үшін щитовидный железаны УЗИ-ге түсіруу керек және нақты диагноз үшін гормонға қан тапсыру қажет. Алақанның терлеуі көбінесе зоб ауруында кездеседі
13.02.2015
0 дауыс
Терлеуі мүмкін. Бірақ ол әр адамда әрқалай. Біреуінікі терлейді, басқасы басқа жері әсер етуі мүмкін. Бастысы дәрігерлік тексерістен өту. Жүрек ангинадан да ауырады.
13.02.2015
0 дауыс
рас болмауы мүмкін. Қолдың, табанның шамадан тыс тершеңдігі гипергидроз деп аталады. max-f деген антиперспиранттың көмегімен тершеңдікті жо
13.02.2015
юға болады.
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы