Алақан мен табанның терлеуін медицинада акрогидроз дейді. Өтпелі кезеңде жасөспірімдердің алақаны жиі терлейді. Ол өтпелі кезеңдегі гормональды өзгерістердің салдарынан. Алақанның терлеуі жүйке және жүрек ауруларының алғашқы белгісі де болуы мүмкін. Эмоциясын іште сақтай алмайтын жандардың да алақаны терлегіш келеді. Мұндай адамдар қолын ауық-ауық сабындап жуғаны дұрыс. Бірақ сабынмен жуа беру теріні құрғатып жібереді. Сондықтан дерматологқа көрінген жөн. Невропатологтар мен, эндокринологтар бірлесе отырып, алақанның терлеуінің себебін анықтап, тиісті ем-дом жасайды.