Психология | 580 қаралды
580 қаралды
Сіздің беретін анықтамаңыз қандай?

2 жауап

Көңіл (жүрек) тазалығы

 Жүрек – кеуденің сол тарапындағы жұдырықтай келетін ет бөлшегі. Жүрек жануарларда да болады. Ал көңіл адам жүрегінде болатын бір қуат. Көзбен көрінбейді. Лампадағы электр ағымы сияқты. Көңіл адамдарда болады, жануарларда болмайды.

Денедегі бүкіл мүшелер көңілдің билігінде. Сезім мүшелерімізбен сырттан алынған бүкіл мәліметтер көңілде жиналады. Сену, жақсы көру, қорқу адамның көңілінде болатын құбылыс. Иман келтіретін, кәпір болатын да көңіл. Көңілі таза болған адам дінге мойынсұнады. Көңілі қарайған, бұзылған адам діннен қашады. Көркем, жақсы мінездердің және жаман мінездердің орны көңіл. Аллаһу та’ала діндерді, пайғамбарларды көңілді тазалау үшін жіберді. Көңілі таза болған кісі адамдарға жақсылық жасайды. Дүниеде рахат, тыныш-тату өмір сүреді. Ахиретте де мәңгілік бақытқа қауышады. Жаман мінездер көңілді, рухты ауруға алдықтырады. Аурудың асқынуы көңілдің, рухтың өліміне себеп болады. Көңілдің, рухтың өлімі - адамның кәпір болуы деген сөз. Сол себепті алдымен көңілді тазалау керек. Хадис шәрифте: «Көңіл бұзық болса, дененің істері де үнемі бұзық болады» делінген. (Бәйһақи)

Адамды Аллаһу та’аланың разылығына, сүйіспеншілігіне қауыштыратын жол көңіл. Адамды Аллаһу та’аладан алыстататын нәрселердің ең зияндысы, көңілдің қараюы. Жаман достардан және қажетсіз, зиянды, күнә нәрселерді көруден көңіл қараяды. Пайдасыз кітап (роман, әңгіме, газет, журнал) оқу, пайдасыз өсек-әңгіме айту дүниеге деген зиянды сүйіспеншілікті арттырады. Әйел және әйел суреттері (суретті журналдар, кинолар, теледидар) көру, ән, сазды аспаптарды тыңдау бұл сүйіспеншілікті көңілге орнықтырады. Бұлардың барлығы адамды Аллаһу та’аладан алыстатады.

Көңіл – махаббатпен сүйіспеншілік мекені. Сүйіспеншілігі жоқ көңіл өлі деген сөз. Исламның әмірімен тыйымдарына мойынсұну керек. Көңілі ояу болмаған, Аллаһу та’аланың бар екендігін, ұлылығын және жәннат ниғметтерін, жаһаннам азабының ауырлығын ойламаған адамның денесінің исламға мойынсұнуы қиын болады. Дененің исламға өз қалауымен қиналмай мойынсұнуы үшін көңілдің таза болуы керек. Көңілдің таза және нәпістің тәрбиеленгенінің белгісі дененің Исламға қуана қуана мойынсұнуынан аңғарылады.

Намаз оқу – көңілді тазалайды. Күнәлардың кешіріміне себеп болады. Бірақ құлдық міндеті екендігін ойламастан, шәһуаттарын, дүниелік пайдаларын ойлап оқылған намаз, шарттарына сай және сахих (дұрыс) болса да, дүниеде және ахиретте пайдасы болмайды. Намаз оқығанда Аллаһу та’аланың ұлылығын, Оның әмірін орындап жатқанын ойлау керек. Тек осылай оқылған намаз көңілді тазалайды, адамды жаман, лас тірліктерді істеуден қорғайды.

Файз деп аталатын нұр көңілден көңілге өтетін, адамға Аллаһу та’аланың разы болған нәрселерін жасатқызатын нұр, қуат. Файздар Расулуллаһ алейһиссаламның мүбәрәк көңілінен (жүрегінен) таралуда, әулиелердің көңілдері арқылы әулиелерді жақсы көретін көңілдерге құйылуда. Файзға қауышқан адамның көңілі, ілімдер, марифаттар, кереметтер қазынасына айналады. Бұл бақытқа қауышу үшін әһли сүннет ақидасында болу және діннің әмірімен тыйымдарына мойынсұну шарт.

Денеге азық болатын ризықтар және көңілді тазалайтын файздар, әзелде (шексіз ертеде) тағдыр етілген, бөлінген. Бірақ бұларға қауышу үшін Аллаһу та’аланың әдетіне мойынсұну, себептерін іздеу, табу үшін еңбектену керек. Шарттарына мойынсұнып еңбек еткенге әлбетте нәтиже беріледі. Әһли сүннет ғұламаларының және әулиелердің кітаптарын оқу, мәселен біздің сайтта жүктеп алу бөліміндегі, “Түркістан баспа үйінің” осындай ғұлама-әулиелердің кітаптарынан аударылып дайындалған баспаларынан күнде бір немесе екі бет оқыған адам осы дін ұлыларынан файз ала бастайды. Файз – нұр деген сөз. Нұр көңілге құйылып, көңілді тазалайды. Оқыған сайын көңіл нұрланады. Оқығанын түсіне бастайды. Әулиелер Расулуллаһты жақсы танығаны үшін Оның мүбәрәк көңілінен (жүрегінен) файз алады және бұл файздар оларға байланғандардың көңілдеріне құйылады. Файз келіп жатқан көңіл тазарады. Мінез-хұлқы жақсарады. Әулиенің көңіліндегі файздар, нұрлар күннің сәулесі секілді таралады. Оны жақсы көрген мұсылмандардың көңілдеріне ағады. Олардың өздері осындай файзды алғандарынан хабарлары болмайды. Көңілдері тазарғанын түсінеді. Қарбыздың күннің астында пісіп жетілгені сияқты, кемелдікке қауышады. Сахабалар расулуллаһ алейһиссаламның сұхбатында осылайша кемелдікке жеткен

Анықтама беруге сөздік қорым жетпей жатыр...
118,511 сұрақ
305,598 жауап
153,302 пікір
68,018 қолданушы