+3 дауыс
2.0k көрілді
Ислам діні- ең таза дін . Теледидардан жылан етін жеп, бақа- шаян қуырып жатқан қысық көзді көршілерді көрсетіп жатқанын көргенде , бір түйір харам ас жеуге тыйым салған Ислам дінінің ұлылығына бас иіп, мұсылман болып туылғаныма Аллаға мың  мәрте шүкіршілік етемін. Осы қасиетті Ислам дінін қабылдаган көптеген атақты адамдарды білеміз. Атақты боксшы темір Тайсон. Мұхаммед Әли. Поп әнші Майкл Джексон. Олардың Ислам дінін қабылдауына не себеп болды екен? Мәселен Жак иф Кусто Құранда жазылған бір-біріне қосылмай бірге ағып жатқан теңізді көріп Ислам дінін қабылдаған деседі.

3 жауап

+3 дауыс
Майк ТАЙСОН: «Тозаққа түсемін бе деп қорқамын»
 Марфуға Шапиян

Көзі тірісінде аты аңызға айналып, бокс әлемінде шексіз даңққа бөленген боксшылардың бірі ғана емес, бірегейі – Майк Тайсон. Тайсон десе елең етпейтін жан жоқ шығар. Өйткені, ол секілді бір соққымен қарсыласын жер жастандыруды армандамайтын боксшы кемде-кем. Ендеше, бокс әлемінде «Темір Майк» атанған спортшының Исламды қалай қабылдағаны, ақиқатты қалай танығаны жөнінде аз-кем сыр шертіп көрелік.

Бұзақы Майктың боксшы болуына Мұхаммед Әли әсер еткен

Майкл Джерард Тайсон 1966 жылдың 30 маусымында Нью-Йорктың Браунсвилль ауданында дүниеге келген. Әкесі Майк дүниеге келместен бұрын отбасын тастап кетіп қалғандықтан болар, боксшы анасының бірінші күйеуінің фамилиясын алыпты.

Майктың балалық шағы қиындықта өтеді. Мінезі тым жұмсақ, өзі толық Майкты ағасы Родни да, ауладағы балалар да, мектептегі сыныптастары да мазақтай беретін. Арасындағы ересектері қолындағы барын тартып алатын. Онға келгенше өзгеден таяқ жей берген Майктың бір күні төзімін әбден тауысқан оқиға болады. Ол кішкентайынан кептер асырағанды жақсы көретін еді. Бірде жергілікті бұзақылардың басшысы Майктың қолынан кептерін тартып алып, құстың басын жұлып алады. Ашуға булыққан Майк өзінен үш жас үлкен жаңағы баланы аяусыз ұрып тастайды. Міне, дәл осы сәттен бастап жергілікті бұзақы балалардың арасында құрметке бөленген Тайсон солар секілді кішігірім ұрлықтарға қатыса бастайды.

 Жекелеген адамдардың қалтасына түсіп, реті келсе дүкендерді де тонап кетіп жүреді. Мұндай істің соңы жақсылыққа соғушы ма еді? Ақырында Майк бар-жоғы 13 жасында түзету колонияларында болып, кәмелетке жетпеген балаларды түзететін қатаң режимдегі мектепке бара бастайды. Дәл осындай мектептердің біріне сол кезде атағы аспандап тұрған Мұхаммед Әли кездесуге келеді. Кейінгі бір сұхбаттарында Тайсон өзінің боксқа қызығушылығы Мұхаммед Әлимен мектепте өткен кездесуден кейін басталғанын айтады.

Майк оқитын жаңағы мектептің дене шынықтыру пәнінен беретін мұғалімі Бобби Стюарт бұрынғы боксшы болатын. Әдеттегідей бұзықтық істеп карцерге түскен Майк аяқ астынан Стюартпен сөйлескісі келетінін мәлімдейді. Өзін іздеп келген ұстазына боксшы болғысы келетінін жеткізген еді, ол тәртіпке бағынса ғана жаттықтыратынын айтты. Осы жағдайдан кейін тәртібі күрт өзгерген Майкпен Стюарт арада біраз уақыт өткенде тағы бір келісімшарт жасайды. Сабақтағы үлгерімі қаншалықты жақсарса, Стюарт Майкты соншалықты көп жаттықтыратын болып келіседі. Жаттықтырушысының бұл тәсілі нәтижесін берді. Тайсонның сабағы жақсара бастайды. Ал боксқа деген ықыласы мен қызығушылығы тіпті ерекше еді. Оны іздегендер таңғы сағат 3-4 кезінде де жаттығу залынан табатын. Стюарт шәкіртінен мықты боксшы шығатынын бірден түсініп, оны атақты Кас Дамато атты жаттықтырушының қолына тапсырады. Майкқа бүкіл жағдайды жасаған Кас оны боксшы ретінде әлемге әйгіледі.

Тайсон Исламды түрмеде қабылдаған

1985 жылдан Тайсонның спорт әлеміндегі жұлдызды сәті басталды. Осы жылы 15 кездесу өткізген Майк бәрін де нокаутпен жеңген еді. Өмірінде 50 жекпе-жек өткізген ол 44-ін нокаутпен жеңсе, тек алтауында жеңілген. Жанкүйерлері оны қатты жақсы көрді. Оның соңынан көптеген лақап аттар ерді. Біреулер «Темір Майк» деп атаса, енді біреулер «Нокауттар королі», тағы бірі «Капитализмнің темір машинасы» деп жатты. Оның аты нокауттарының көптігі әрі әлемнің ауыр салмақтағы ең жас чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына да енген. Осындай атақ-даңққа бөленген Тайсонның өмірі 1991 жылы күрт өзгереді. Оған «Американың қара миссін» зорлады деген айып тағылып, түрмеге түседі. Майк «мұның бәрі жала» деп қанша шырылдағанмен, Америка соты бәрібір оны ақтамады, алты жылға бас бостандығынан айырды.

Майк түрмеге түскен алғашқы уақыттарда біразға дейін өз-өзіне келе алмай жүрді. Түрме бандыларының мүшелерімен байланысып, оларды ұрып тастаған кезі де кездесті. Дегенмен, біраздан соң сабырға келіп, түрмедегі уақытын кітап оқумен өткізетін болды. Міне, дәл осы кездері түрме имамы Мұхаммед Сыддықтың көмегімен Исламды қабылдады. Исламға үлкен қызығушылық танытқан Тайсон діннің көптеген мәселелерін имаммен талқылайтын еді. Мұхаммед Сыддық бір сұхбатында ол туралы: «Тайсонның білімге, білуге өте құштар екенін байқадым. Зеректігі сондай, үйреткен дүниелерімнің бәрін демде қағып алатын», – деген болатын.

Тайсон түрмеден 1995 жылдың наурызында, үлгілі тәртібі үшін мерзімінен бұрын босап шықты. Бостандыққа шыға сала көп ақшаны садақа еткенін батыс басылымдары жарыса жазып жатыр еді.

Ол мұсылман болғаннан кейін есімін Малик Абдул Азиз деп өзгертеді. Діни көзқарасын сұрағандарға: «Өмірімде жасаған жамандығым басымнан асады. Сол әрекеттерім үшін Алла мені тозаққа тастай ма деп қатты қорқамын. Күнделікті өзімнің күнәмді жуып-шаю үшін Алладан кешірім сұрап, құлшылық етемін. Мен үшін мұсылман деген «Ассалаумағалейкүм» деп амандасып, жылына бір рет мешітке барып, жаман қылықтарын жалғастыра беру емес
+1 дауыс
Алла жүрегiне иман берген...
+2 дауыс
Жак Ив Кусто ғалымдардың бір симпозиумында: Мен өмір бойы мұхиттар мен теңіздерді зерттеп, сонда ұққаным, мұхиттардың сулары бір-бірімен араласпайды екен, - депті. Сонда аравиялық бір ғалым: Ол туралы Құранда жазулы тұр, - деген екен. Жак Ив Кусто Құранның аудармасын оқып, бірден Ислам дінін қабылдапты. Бұл Құранның ғылыми кітап екендігінің бір ғана дәлелі. Негізі, Құранда атом құрылысы, космосты игеру, генетика, астрономия салаларынан да көп мәліметтер бар. Бірақ, олар поэтикалық жанама сөздермен келтірілген.
...