Көшеде, автобуста, демалыс орындарында қаншама қыз-келіншектер мен ер адамдарды көресіздер. Бірінің дене-бітіміне, тұлғасына қарап тамсанасыздар. Ал кейбірінің дене-бітімі тартымды болғанымен, ішінен артық майы шығып тұрады. Сіздерді бұрыннан іштегі артық май мазалап жүр ме? Қанша диета ұстасаңыз да нәтиже жоқ па? Онда сіздерге біздің ұсынғалы отырған кеңестеріміз көмектеседі деген ойдамыз.
1. Сумен емдеу шараларын қабылдаймыз
Сумен емдеу шаралары іштегі майдан арылудың бірден-бір шешімі болып табылады. Бірақ, біз сізді мықты спортсмендер шынығатындай, үлкен қашықтыққа жүзуді үйретіп, соны жасауға мәжбүрлейді деп ойлап қалмаңыз. Сумен емдеу шаралары тиімдірек болуы үшін сізге керегі – душ
Сіз душ қабылдап жатқаныңызда қарқынмен аққан суды, артық май жиналған орындарға, яғни, ішіңізге немесе беліңізге бағыттаңыз. Егер бұлай бағыттау сізге ыңғайсыздық туғызса, онда ішіңізге қолыңызбен массаж жасаңыз. Массаж нәтижелі болуы үшін арнайы қатты қолғап киіп жасағаныңыз жөн.
Іштегі артық майдан моншаның көмегімен арылуға болады. Тек алдын-ала келісіп алайық, моншаға өзіңізбен салқын шырын, сыра, балық алып кірмейсіз. Монша әбден ысығанда, бу жіберіп, сыпыртқымен ішіңізді булаңыз.
Моншадан шыққан соң, ішіңізге арнайы целюлитке қарсы крем жағыңыз. Егер, сіз моншадан шыққан сайын, ішіңізге крем жақпасаңыз, ішіңізде уақыт өте келе қатпарлар пайда болады да ішіңіздің терісі қартая бастайды.
2. Массаж жасаймыз
Массаж ішіңіздегі артық майды кетіруге өте жақсы көмектеседі және ішіңіздің терісін жұмсақ әрі иілгіш етеді. Әрине, массаж жасау шеберлеріне жүгінуіңізге болады, алайда оған жағдай келмесе, өзіңіз үйден де массаж жасасаңыз болады.
Дегенмен, өзіңіз жасайтын массажда ескере кететін жағдайлар бар. Есіңізде болсын, массажда қолыңызбен ішіңізді қатты басып, мыжудың қажеті жоқ. Массажды жеңіл, қатты баспай-ақ жасаңыз, массаж – бұл күшпен істелінетін әрекет емес, дәлірек айтқанда, жеңіл сипалау. Массаж сізге ауырсыну емес, жағымды ләззат сыйлауы керек.
Ішіңізге массаж жасағанда қолыңызбен дөңгелек жасай отырып, уқалағаныңыз жөн. Сонда ішіңіздің терісі біртіндеп жазылып, іштегі артық май қабаты біртіндеп азая түседі.
Дөңгелетіп уқалауды оңнан солға, солдан оңға, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары жасаңыз. Әр массаждан соң арнайы целюлитке қарсы крем жағыңыз. Екі аптадан соң, көзге көрінерліктей нәтиже байқайсыз.
3. Денемізді тік ұстаймыз және тік мүсін туралы бірер сөз
Сіз бүкірейіп отырудың, бүкірейіп жүрудің адам организміне кері әсер ететіні туралы хабардар шығарсыз. Сонымен қатар, адам бүкірейіп отырғанда, оның ішінің бұлшық еті де босаңсып тұрады да ақырындап май қабаты түзіле бастады. Сіз жүрсеңіз де, отырсаңыз да денеңізді тік ұстауға, және ішіңізді әрдайым тартып жүруге тырысыңыз, ол да бұлшық етке қысым түсіру болып табылады.
4. Физикалық жаттығулар жасаймыз
Іштегі майды кетіру жоғарыдағы айтылған кеңестермен аяқталмайды. Ішіңіз әрдайым тартылған, иілгіш, сау көріну үшін, әрдайым физикалық жаттығулармен шынығу керек. Ішіңізде төртбұрыш пайда болу үшін күнделікті пресс жасаңыз. Егер ішіңіз пресстен қатты ауырса, пресс жасауды бірнеше күнге тоқтатып, қайта жасаңыз. Егер сіз пресс жасап бастаған күннің ертесі бұлшық еттеріңіз ауырса, таңғалмаңыз, бұл пресс жасауды жаңа бастаған адам үшін түсінікті жағдай.
5. Іш-құрылысымызды шлак пен токсиндерден тазартамыз
Бұл әдіс іштегі майды кетіруге сирек қолданылатын әдіс болып есептеледі. Өйткені, іш-құрылысты тазалағанда адам түгелімен салмақ тастап, беті тазарып, жеңілдеп қалады. Айта кететін жайт, адамның ішіне май жиналуы іш-құрылыстың шлактар пен токсиндерге толып қалуынан да болады. Сол себепті, бұл әдісті жүргізу өте маңызды. Үйде демалыста жасалатын, кейбір адамдарға жағымсыз әдіс – клизма. Клизма жасаудан көп адамдар бас тартады. Бірақ, бұл іш-құрылысты тазартудың ең тез, оңай әдісі. Ол үшін 1,5-2 л тұз араласқан жылы су керек. Осылай клизманы 2 апта жасау керек. Осы кезде суды көп мөлшерде ішуді ұмытпаңыз.
6. Дұрыс және пайдалы тамақтанамыз
Қалай дұрыс тамақтануды кез-келген адам біледі деп ойлаймыз, тек соны көп адам орындай бермейді. Бастысы, тәтті тағамдар мен сыра қолданбаңыз, Өйткені бұлар ішке май жинағыш қасиетке ие. Кей күндерді айран мен ірімшікпен ғана тамақтанатын күнге айналдырыңыз. Бірақ, мұндай күндерді де жиі қайталамаңыз. Ол әлсіреу мен шалдығуға әкеп соқтырады. Мұндай әдісті аптасына бір рет жасап тұруға болады.
Сонымен, іштегі артық майдан арылу үшін пайдалы, дұрыс тамақтану мен әрдайым физикалық қозғалыста болу керек екенін білдіңіздер. Сұлу да сымбатты дене қаласаңыздар салауатты өмір салтын ұстаныңыздар!