0 дауыс
31.6k көрілді
Депортация дегеніміз не? жане депорт болған жағдайда қандай нәрсе болады?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Депортация (лат. deportatio - шығару) - мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.
0 дауыс


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Депортация (лат. deportatio - шығару) - мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады.[1]

Бұрынғы Кеңес одағында 1920-1940 жылдары тұтас халықтар депортацияға ұшыраған. Оларга жалған айыптар тағып, атамекендерінен күшпен жер аударды.[2]

1928-1936 жылдары Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 360 мыңдай адам жер аударылды.
1937 жылы Қиыр Шығыстағы мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сылтаумен онда тұратын корей халқын Қазақстан мен Орта Азиядағы өзге де республикаларға әкелді. Оның ішінде 20141 отбасы (95421 адам) Қазақстанға орналастырылды.
1940-1941 жылдары поляктар қоныс аударылды. II дүниежүзілік соғыс жылдары олардың саны 105 мыңға жетті. КСРО Жоғаргы Кеңесі Төралқасының 1941 жылы 28 тамыздагы "Еділ жағалауында тұратын немістерді көшіру туралы" №21-160 жарлыгына сәйкес, 1941 жылы күзде 1 млн. 120 мыңдай неміс Еділ бойынан көшіріліп,Қазақстанға 420 мыңы орналастырылды.
1943 жылы 12 қазанда Қарашай автономиясы жойылды да, 14 қазанда КСРО ХК К-і қарашайларды жер аудару жөнінде құпия қаулы қабылдады. Соның негізінде қарашайлардың 11711 отбасы (45529 адам) Қазақстанға қоныс тепті.[3]
1944 жылы 7 наурызда Шешен-Ингуш АКСР-ін жою туралы жарлық шықты. Қазақстанға 89901 отбасы (406375 адам) орналастырылды.
1944 жылы 5 наурызда балқарлардың тағдыры да осылай шешіліп, 4660 отбасы (21150 адам) Қазақстаннан бірақ шықты. Осындай қаулы, жарғылардың салдарынан 1944 жылы қалмақтар (2668 адам), түріктер (13260 адам), күрдтер (5530 адам) ата қоныстарынан аластатылды. Күштеп көшіру соғыстан кейінгі жылдары да жалғасын тапты.
1946 жылы басында Қазақстанға тек Солтүстік Кавказдан, Грузиядан, Қырым автономиялық республикасынан қоныс аударылғандардың жалпы саны 107272 отбасы (412191 адам) болды.
1954 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша, Қазақстанға қоныс аударғандардың саны 2 млн. адамға жетті. Депортацияға ұшыраған халықтардың жағдайы оте нашар болды. Азық-түлік, тұрғын үй, киім-кешек қат болды. Суықтан, аштықтан, жұқпалы індеттерден адам өлімі көбейді. КСРО ішкі істер басқармасының 1944 жылы есебі бойынша, қоныс аударылғандардан 144704 адам, оның ішінде Қазақстанда 101036 адам өлген. Депортацияға ұшыраған халықтар жаңа қоныстанған жерлерінде қатал тексеруден өтіп тұрды. Олар рұқсатсыз ешқайда да бара алмады. Тіпті, корші ауылдардағы туған-туыстарымен араласуға тыйым салынды. Қазақ халқы еріксіз қоныс аударылып келгендерге барынша қамқорлық жасады.
1956 жылы Сталиннің жеке басына табынуды айыптап, саяси-қуғын сүргін құрбандарын ақтау басталған кезеңде ғана депортацияланған халықтар тағдырына оң өзгерістер ене бастады.
1955-1956 жылдары заңды түрде құқықтық шектеулер алынып, шешен, ингуш, балқар, қарашай, қалмақ халқының окілдері өз тарихи отандарына қайтуға мүмкіндік алды.[4]

0 дауыс
Депортация қандай мағынаны білдіреді?
0 дауыс

Депортация қандай мағынаны білдіреді?

0 дауыс

Депортациялау-ықтиярсыз шығару,жер аудару.

Тіліміздің тазалығын сақтасақ, ұғынықты болуын ескерсек жер аудару деп қолдануымыз керек.

Жер аудару деп қолдансақ ырықсыз,күшпен жасалған іс екені өз өзінен түсінікті болып тұрады.

0 дауыс
Депортация алған жағдайда ақша төйлеп қайта кіргуге болама
...