0 дауыс
8.6k көрілді
Қағаз ағаштан жасалады деп естіп едім. Сол қандай ағаш фотосы мен ақпараттар болса

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қағаз (парсыша: كاغد‎ — «кағоз») — өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Италиянша bambagіa, яғни мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді.

Тарихқа үңілер болсақ, қағаз жасау өнері ежелгі замандардан-ақ халыққа белгілі болған. Алғашқы қағаз Қытай жерінде пайда болды деп айтылып жүр. Олар кәдімгі шөптерді өңдеп, осы өнерді меңгерген еді. Кейінірек бұл технология Еуропа жеріне жетіп, сол жақта тарала бастады. Бұл шамамен 1000 жылдар еді. Дегенмен бұл технологияның кемшілігі сол - қағазды жасап шығару өте күрделі жұмысты талап ететін. Ақыры, ғалымдар қағазды тек шөптерден ғана емес, сонымен қатар, ағаштардан да жасауға болатындығын тапты. Осылайша қазіргі кезге дейін пайдаланылып келе жатқан жаңа технология пайда болды. Енді осы әдіс туралы аз-кем түсінік беріп көрелік.

Қазіргі заманда қағазды қарағай немесе емен ағаштарынан жасау көп белең алған. Фабрикаға осы ағаштарды кесіп әкелген соң, оларды сыртқы қабықтарынан тазартып, қырады.

 

Содан соң, арнайы үгіткіш машина арқылы өңделген діңдерді үгітіп, ұсақтайды. Діңдер керекті деңгейде үгітілген соң, оны електен өткізіп, көлеміне қарай үгінділерді бөледі. Осылайша өңделген шикізатты арнайы қазанға салып, қайнатады. Қайнау үстінде қазанға арнайы қышқыл қосылуы керек.

 

Пайда болған ақшыл ботқаны арнайы машиналар арқылы лента күйіне түсіреді. Осылайша бірнеше рет өңделіп пайда болған лента таспаларға оралып, оларды қиып, дәптер күйіне түсіру үшін типографияға жібереді.

 

Қағаздар типографияда арнайы қайшылар арқылы қиылып, бізге жол тартады.

Қарағай, емен ағаштары.
Ақпарат алынды: мына жерденмына жерден.
 

+1 дауыс

Мынв видеодан көруге болады

...