0 дауыс
2.2k көрілді
Бүкіл әлем бойынша ең құнсыз валюта?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ең арзан ақша қай елдікі?

Әлемде құны асқақтап тұр­ған ақшалармен қатар, бірлігінің құны қөк тиын татымайтын валю­талар да бар екен. Олармен сау­да жасау үшін миллиардан жо­ғары сандарды білген абзал. Мә­селен, әлемдегі ең құнсыз валю­та Зимбабве елінің долла-ры екен. Зимбабведе төл ақша­ларының құны түсіп кеткені сон­шалық, АҚШ-тың 1 доллары үшін артында 24 нөлі бар «642» бағамы белгіленген кезі болған. 1981 жылдан бергі ақша бірлігі есебінде келе жатқан зимбабве долларының елдегі үлкен инфля­цияның кесірінен 2009 жылы 100 триллиондық купюрасы шы­ғарылған. Кейіннен валютаға де­номинация жасап, 12 нөлін алып тастады да, 1 триллион ZWD 1-ге айналды. АҚШ дол­ла­рына шаққандағы бағамы – 0,25 долларға тең болды. Үкіметтің артық нөлдерді қайта-қайта сызып тастағанымен, уақыт өте келе нарық жылдам­дығымен құны құлдилап жатыр. Қазіргі кезде елде айналымға АҚШ доллары, британдық фунт, оңтүстік-африкалық рэнт ресми түрде енгізілген.

Ең кұнсыз ақшаның тізімінде екінші орынға жайғасқан – Со­малидің шиллингі. Өткен ға­сыр­дың ортасынан дағдарыстан көз ашпаған ел 1962 жылы шил­линг­ке өткен, содан бері валю­та­ның құны құлдырамаса көте­рілмепті. Бүгінде 1 АҚШ доллары 1500 шиллингке тең. Үшінші орын­да түрікменнің манаты тұр. Түрікменстан тәуелсіздігін ал­ған­нан кейін, 1993 жылы одақ бойынша айналымда болған рубльдің орнына төл ақшасы – ма­натты енгізді. Алайда валю­та­сының құнын жоғарылатып, бе­рік етуге әлі келмей жатыр. Сонымен қатар Въетнамның дон­гы, Индонезияның рупииі, Иран­ның реалы ең құнсыз валю­талардың қатарына кіреді. Тіпті кейбіреуі ақша басуға кететін қа­ғаздың құнын да ақтамайтын кө­рінеді.
+1 дауыс
Қазір осы рубль болайын деп тұр-ау демін
+1 дауыс
Мына елдің вальютасы құнсыз деп нақты айту қиын. Әр елдің вальютасы өзіне қымбат. Сол сияқты вальюталар бір деп ойлаймын.
...