0 дауыс
466 көрілді
"Реал" ойыншыларының лақап аттарын білесіз бе?

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Икер Касильяс

Икердің бірнеше лақап аты бар: Галактико, Галактико Мостолес (Мостолес - Испанияның автономды қоғамдастығына кіретін қала), Қауын (ойын жейдесінің түсіне орай), бірақ бұлардың ішінде Қасиетті Икер ("San Iker") аты танымал болып қала беруде.

Оны кейде Кэп ("Capi") деп те атап жатады.

Бензема

Француздың Месье ("Monsieur"), сонымен бірге Мысық ("Gato"), Арыстан ("León"), Бенз деген лақап аттары бар. Командағы әріптестері әдетте оны Бенз деп атағанды жөн көреді.

Роналду

Криштиануды киіну бөлмесінде әдетте Көлік ("Máquina") деп және инженерлік өнердің өнертабысы деп санайды. Ромастың айтуынша, оны көбіне Крис деп айтады екен. Өйткені, бұл атау бәрінен қысқаша.

Өзге де есімдері: Ронни, Рон, КР7

Ди Мария

Оны Анхелито деп, яғни Анхель деген толық есімнің қысқартылған аялы есімі саналады. Сонымен бірге, оны Вермишель ("Fideo" - Испанияда арық адамдары осылай атайды екен) деп атайды.

Рафаэль Варан

Оны Рафа, кіші Йерро, Жираф, Жүрекжұтқан ("Varonil") деп атайды. "Реал" ойыншылары арасында көп таралған есімі - Раф пен Жираф.

Хедира

Ерекше лақап атқа ие болмағандықтан, бірінші есімі Сами деп атағанды жөн көреді.

Хаби Алонсо

Мінезі мен даналығы, киіну сәні үшін (киім таңдау үлгісі) Сеньор, не болмаса Маэстро деп аталады.

Коэнтрау

Фабионы Шылымқор мен Темекі деп атайды (суреттерде шылым шегіп тұрғандықтан).

Марсело

Марселоны Марс деп, кейде Жынданған ("El Loco") деп атайды.

Пепе

Пепені ойынға дайындық бөлмесінде Пепиньо дейді. Орталық бөлікте ойнағанда, Анти-Месси деген лақап аты тағы бар.

Серхио Рамос

Куки (тәтті тоқаштардың атауларының бірі), Комачи (үндістандық тайпа), Ат жақты ("Carapony"), Тарзан, Рэмбо, Қасқыр деген лақап аттары бар.
...