Ассалаумағалейкум барша Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары!
Менің бұл жайды жазуға құқым бар ма, жоқ па білмедім, бірақ ішімдегіні сыртқа шығарғым келді. Менің сайтта 1-2 ай белсенділігім жоғалды, өзімнің жағдайларыма байланысты. Және сіздерден кешірім сұраймын. 1-2 айдың ішінде сайтта үлкен өзгеріс болыпты, яғни дизайн, баллдық жүйенің өзгеруі, ай үздіктері тағы сол сияқты өзгерістер. Сайт дизайнына сөз жоқ, бірақ ай үздіктерін анықтау маған сәл-сәл ұнаңқырамады. Себебі, сайтта "қажеті жоқ" сұрақтар мен жауаптардың көбеюіне себепші болады. Қазір сайтты бақылап отырсам, сайтта тіпті өте, өте оңай сұрақтар белең алуда, ол не үшін, әрине балл жинау үшін, оның үстіне ай үздіктеріне қосылу үшін.
Ал сіздің ойыңыз ше?