+3 дауыс
1.0k көрілді
Жалпы менің жаным жаралы... Бір қызды өле сүйгем, сүйе беремін де... Бірақ білесіңдер ме, мен оған төрт жыл бойы сырттай ғашық болдым, төрт жылдан соң ғана сезімімді білдірдім... Неге сонша көп ойланып жүргенімді өзім де түсінсем бұйырмасын... Әйтеуір оны көргенде тілім байланатын да қалатын... Сөзімді, өзімді ұмтытып тек соның жанарына, қадалып қалушы едім... Төрт жылдан кейін оған сезімімді айттым, сондағы алған жауабым: К Е Ш І Р..., Енді міне әлі жүрмін сол қызды аңсап,сағынып... Жалғыз мен ғана емес қой дәл осындай халде жүрген, қазақтың қара домалақ жігіттері қаншама...  Менің сұрағым осындай жағдайлардың болуына кім кінәлі деп ойлайсыңдар: Сезімді тұншықтырған мен кінәлімін бе, менің сөзімді қабылдамаған қыз  кінәлі ме әлде жүректі жаралаған өмір кінәле ме?

10 жауап

+3 дауыс
Екеуинизде киналисыздар.кыз сиздiн сезиминизди кабылдамады..неге дейсиз гой...сиз 4 жыл журмей сезиминизди билдирип 4жургенде мумкин казир сиз сол кызбен журер единиз.
+8 дауыс
Меніңше сіз кінәлі сияқтысыз себебі. мен сені сүйем деп айта айтпаған жігітке қыз келіп мен сені сүйем деп айта алмас, сіз кешіккен боларсыз. ол мүмкін сіз ештеме айтпай жүре берген соң басқа жігітке уәде беріп қойған да болар.
+8 дауыс
Қызды кінәлі деп айта алмаймын...Менің ойымша, сені қаламаған қыз жүрегі кінәлі!  Жүрекке әмір жүрмейтіні баршаға аян!
+7 дауыс
Ассаламағалейкум ағасы! Сені түсініп отырмын өзімде де осындай жағдай болған, қыздың айтқаны кешір дос болып қалайық, талай жылдар сезімімді қалай жеткізем деп жүргенде арада талай жылдар өтіп кетеді. Егер жақсы көріп ұнатсан араға жыл салмай 1-3 айдың ішінде сезімінді білдірген жақсы... ол қыз ойлауы мүмкін мған қарамады деп, мүмкін қазір жігіті бар шығар өзі сүйетін, кетем деген қызды ұстама бақытын тапсын саған керегі оның да бақытты болғаны емес пе? Саған сезімі болса гордостьқа қарамай іздеп келеді
Рахмет кеңесіңе
+5 дауыс
иа сізді оте жақсы түсініп отырмын адамдар коп нарселерге заманды тағдырды кінәлайды бірақ ең біріншіден  адам озінен кінә іздегені дұрыс  сіз шынымнеде кешігіп те қалған шығарсыз бірақ тағыда бірнеше рет өз бағыңызды сынап көргеніңіз дұрыс сияқты
+6 дауыс
Сүйгеніңізге бостандық беріңіз егер саған қайтып келсе сендік болғаны,келмесе ешқашан сендік болмақ емес.
Шын махаббат тапқың келсе шынайы достықты жасай білу керек. Сүю деген бір біріңнің бетіңе қарап отыру емес өмірге болашаққа бір көз қараспен қарау ал сен болсаң жауапсыз сезімнің кінәсін іздейсін.
Өмір деген алтын сарайдың күміс кілті әйел махаббаты. махаббат бірде баянды,бірде баянсыз,бірде аяулы,бірде аяусыз тауың шағылмай келген жеріңнен жалғастыр немесе жаңадан баста.
+7 дауыс
Сіз айтқан қара домалақ баланың бірі менмін бес жыл бойы жақын сөйлесе де, кездесе де алмай, сырттай ғашық болатынмын сіз сияқты мен де дәл сондай жауап алғанмын. Білсеніз ғо сондай сәтте, сәтте жүрегін жарылып кетердей өмірден күдерінді үзесін. Жүрегіндегі сезімді де, жылулықты да сөндіріп жібереді. Қыздар балдардың жүректерін жараламай ең басында үміт отын сыйламандаршы....
)) дұрыс қызлардын көбі бірінші жігітті өзіне қаратып, содан сон оған көзінің қиығында салмай кетеди..мен сондай қыздарды жек көремін
+5 дауыс
Өміріңнің барлық уақытын сол қызды ойлаумен босқа кетірме... Әйтпесе қатты өкінесің...(facepalm)! Басқа қыздармен таныс. Шамаң келгенше ұнатқан қызға сезіміңді өшіретіндей жағдай жаса. Айтайын дегенім өз-өзіңе қол жұмса дегенім емес. Сыртыңнан өзіңді сол қызды ойламайм деген ұстанымды бекіт. Іштей жүрегің оны қалап тұрсада! Сүйгенді сүй сүймегенге жалынба, тіпті оның қасына, маңына жолама. Құрып кеткір?! (headbang)
Ербол, дурыс айтасыз! Әдетте кыздар болашагын уйлегенше ойлайды, ал жігіттер уйленгеннен сон ойлайды. Махаббатпен омір бойы сурген кай аталарынызды коріп едініздер? Қыздар махаббатты емес алдағы борлашағын ойлайды, озіне қорған бола алар жанды ойлайды. Шыны керек, өздеріңіз ойланыздаршы махаббат бір бала туғанға дейін емес пе? Ербол айтқандай суйгенді суй, суймегенге жалынба деген мақал қыздарға емес, жігіттерге айтылған себебі еркекті гул ететін де, құл ететін де айел емес пе? Өзінізді сүйген қызды байқасаңыз сізде оны сүюге, сыйлауға умтылыңыз, сонда бакытқа жетесіз. Бақыт демекші, назік жандылар сүйгені үші бәріне де даяр, тек сонысын арам пиғылмен пайдаланатын жігіттер де бар. Міне, осыған алданып қалмауы үшін қыздар сақтықта қорлық жоқ деп жүре береді. Қызды өзіңізге ғашық етуге де болады, тек сезіміңіздің шынайы екенін далелдей білсеңіз болғаны....(handshake)
+3 дауыс
Ассалаумағалейкум бауырым! Сенің өмірің әлі алда, Алла нәсіп етсе бәрі жақсы болады. Тек босаңсы ма, тек үлкен үмітпен алға қарай жүр. Әр бір істің хайырлысы бар, хайырлы еместері бар. Құран Кәрімнің Бақара сүресінде керемет бір аят бар мағынасы келесідей; Сендер бір нәрсені жақсы деп ойлайсыздар, бірақ оның арты жаман. Және сіздер бір нәрсені жаман деп ойлайсыздар, бірақ арты жақсы. Нағыз білуші Алла.
Болған жағдайға еш өкініш білдірменіз, мүмкін ол қыз сізге хайырлы болмаған шығар. Шындығында қарасаңыз сізге оның сіздің махаббатыңызды қабылдағаны маңызды ма, әлде келешекте жылы жанұя құру ма.
Сондықтан да әрқашан Алладан хайырлы жар кездестіре көр деп дұға тілеңіз, еш мойымаңыз. Иншалла Алла сізге өмірде өзіңіз қалап жүрген жарыңызды кездестіртеді, иншалла.
+3 дауыс
Бұл енді махаббат,сөз жоқ шынайы махаббат. "Махаббат тілі үнсіз тіл,жүрекпен ұқта түсіне біл"- деген осы шығар.
Бұл таза махаббат,әрине сен тарабынан.Сен бақыттысың,бұлай ғашық болу кім болса соның еншісіне бұйырмаған.
Сен бақыттысың бауырым!!!

Ұқсас сұрақтар

...