–1 дауыс
4.0k көрілді
Миранда дегеніміз не ол?

2 жауап

0 дауыс

Мына жерде миранда ережесі туралы жазылған:Жаңа редакциядағы жобалар­дың тағы бір жаңалығы бар. Ол – «Миранда ережесі». Егер шет­елдік шытырман оқиғалы киноларды көрсеңіз, құқық қор­ғаушылардың күдіктілерді құрықтау кезінде «Сіздің үнсіздік сақтауға құқыңыз бар…» деп келетін жаттанды сөздерін жиі естіген боларсыз. Америкалық «Миранда ережесі» дегеніміз осы. Демек, алдағы уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау кезінде оның құқықтары мен міндеттерін, атап айтқанда, адвокат жалдау, үнсіздік сақтап қалу құқықтары барын тізбелеп айтып, барлық айтқандары күдіктінің өзіне қарсы қолданылуы мүмкін екенін ескертуі міндеттеледі. «Бұл заңсыз ұстау фактілерін болдырмау мақсатында қолға алынып отырған іс. Өйткені, бұл ережелер ұстау тәртібін бұзған кезде ұсталған адамның қатысуымен жүргізілген тергеу амалдары нәтижесінде алынған дәлелдемелерге жол бермейді», деді Иоган Давидович.

0 дауыс
Миранда деген программа - Майл-агент, ICQ, ДругВокруг, Ватсап, Скайп сияқты хабарласуға арналған мессенджер.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
–1 дауыс
0 жауап
...