Мына жерде миранда ережесі туралы жазылған:Жаңа редакциядағы жобалардың тағы бір жаңалығы бар. Ол – «Миранда ережесі». Егер шетелдік шытырман оқиғалы киноларды көрсеңіз, құқық қорғаушылардың күдіктілерді құрықтау кезінде «Сіздің үнсіздік сақтауға құқыңыз бар…» деп келетін жаттанды сөздерін жиі естіген боларсыз. Америкалық «Миранда ережесі» дегеніміз осы. Демек, алдағы уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау кезінде оның құқықтары мен міндеттерін, атап айтқанда, адвокат жалдау, үнсіздік сақтап қалу құқықтары барын тізбелеп айтып, барлық айтқандары күдіктінің өзіне қарсы қолданылуы мүмкін екенін ескертуі міндеттеледі. «Бұл заңсыз ұстау фактілерін болдырмау мақсатында қолға алынып отырған іс. Өйткені, бұл ережелер ұстау тәртібін бұзған кезде ұсталған адамның қатысуымен жүргізілген тергеу амалдары нәтижесінде алынған дәлелдемелерге жол бермейді», деді Иоган Давидович.
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы