0 дауыс
854 көрілді
Қай қалаларда өтеді? Жасына, дене бітіміне қарайды ма?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан Дауысы — көрсетілімнің басталуы Қазақстан телеарнасында 2013 жылдың күзіне жоспарланған вокалды телевизиялық шоу. 2010 жылы голландтық RTL4 телеарнасында жарық көрген The Voice of Holland түпнұсқалы форматының қазақстандық нұсқасы. Ережелер Қатысушылар тек дауысқа ғана сүйеніп бақ сынасады. Жүзден аса қатысушылардың ішінен Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Нұрлан Албан мен Медеу Арынбаев сынды қазақ эстарадасының жұлдыздары өз командасын жинайтын болады. Тыңдау сынағы кезінде жұлдызды әділ-қазылар алқасының мүшелері қатысушылырдың өздерін көрмей-ақ оларға баға береді. Қорытындысында төрт топ алға суырылып шығатын болады. Ал финалға солардың ішінен тек төртеуі ғана өтеді. Жобаның жеңімпазы халықтың онлайн дауыс беруі арқылы анықталады.
+1 дауыс
Ол жобаның екінші маусымы басталып кетті, енді екінші маусымына қатыса алмайсыз. Ал үшінші маусымына қатысу үшін, келесі жылы Алматы, Астана т.б. қалалардағы жарыстардан сүрінбей өтуіңіз керек. Жасыңыз 18 және 50 жас аралығында болуы керек. Дене бітіміңіз, түріңіз маңызды емес, бастысы ән айту шеберлігіңіз болуы керек.
0 дауыс
Анау мынау адамдар экранға шыға алады деп айталмаймын, 1-маусымның өзiнде кастингке 10000мың адам қатысты...
+1 дауыс
атышулы «Қазақстан Дауысы» музыкалық жобасының қарапайым ән байқауларынан айырмашылығы – қатысушылардың тек дауысқа ғана сүйеніп бақ сынайтындығы. Жүзден аса қатысушылардың ішінен Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кешкенбаев, Нұрлан Албан мен Медеу Арынбаев сынды қазақ эстарадасының жұлдыздары өз командасын жинайтын болады. Тыңдау сынағы кезінде жұлдызды әділ-қазылар алқасының мүшелері қатысушылырдың өздерін көрмей-ақ оларға баға береді. Қорытындысында төрт топ алға суырылып шығатын болады. Ал финалға солардың ішінен тек төртеуі ғана өтеді. Оларды SMS-дауыстар анықтайтын болады. Жобаға 18 жастан 45 жасқа дейінгі қатысушылар қатыса алады. Жоба «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі.
0 дауыс
Түрің әдемі болса, өзің жас болсаң, қалтаңда ақша болса болды. осылар жеткілікті.
Біздің елде көп нәрсені АҚША шешеді және таныс шешеді!
...