0 дауыс
17.4k көрілді
Әлемде қанша тіл бар?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
5al.kz - Қазіргі уақытта дүниежүзінде неше тіл бар екенін көпшілік нақты біле бермейді. Француздық ғалымдар «әлемде жеті млрд халық, 6551 тіл бар» деген ақпаратты жиі айтады . Бірақ нақты жауап емес , негізінде 8 500-дей тіл бар. Егер диалектілерді қосатын болсақ, әлем халықтары тілдерінің ұзын-саны 20 000 асып кетеді. Қазақ тілі болса әлемдегі сөйлеушісі ең көп 70 тілдің бірі. Ал дүниежүзінде барлығы 116 мемлекеттік тіл бар. http://5al.kz/ 2013-01-30 Жалғасын оқу http://kazlife.com/story/v/18654
0 дауыс

Дүние жүзі тілдері — Жер шары халықтары тілдерінің жиынтық атауы. “Халықаралық лингвистикалық энциклопедияның” (“The Іnternatіonal Encіclopedіa of Lіnguіstіcs”, 1992) дерегі бойынша, дүние жүзінде 1970 — 80 жылы 6604 тіл (оның ішінде 300 өлі тіл) болса, ал “Әлем тілдерінің атласы” (“Atlas of the World’s Languages”, 1994) әлемде 6796 тіл бар деп мәлімдеген. 20 ғасырдың 90-жылдарында дүние жүзінде 6 мыңдай тіл бар деу шындыққа неғұрлым сай келеді. Дегенмен, ғылымда Дүние жүзі тілдердінің ұзын саны 3000-нан 10000-ға дейінгі аралықта деген тұжырым да жоқ емес. Дүние жүзі тілдерінің санын анықтауда алшақтық болуының себептері мыналар:

бүгінгі таңға дейін әлемнің лингвистикалық картасында жете зерттелмеген “ақтаңдақ” аймақтардың болуы. Мысалы; Трансамазонка жол жүйесі іске қосылғалыАмазонка өзенінің аңғарында өмір сүріп жатқан бұрын белгісіз халықтар және тілдер ашылуда, сондай-ақ, Орталық Африка, Жаңа Гвинея, т.б. жерлердегі тілдерді қайта тіркеу барысында да жаңа тілдер табылуда. Бұдан басқа, тіпті лингвистикалық зерттеулер жүргізілмеген де елдер бар;
әлемде ортақ тілдердің қалыптасу процесі әлі жүріп жатыр (этникааралық тілдер, сол тілдердің лексикасы мен құрылымын жеңілдетіп, ортақ жақындығы арқылы бірегейлендіру, оның өзі халықтардың тарихи байланыста болуына да негізделеді);
айқын өлшем болмағандықтан, тірі тіл мен өлі тілдің ара жігін ажырату қиын. Жалпы бір адам болса да, ана тілім деп тұрақты сөйлеген тіл ғана тірі тіл деп қабылданады. Тілдердің жер бетінен жылдам жоғалып кетуіне экон. және саяси шешімдер қатты ықпал етуде. Соның салдарынан шағын қауымдастық тілдері зардап шегеді. Мысалы, 19 ғасырда Бразилияда 1000-нан астам үндіс тілдері болса, бүгінде олардан тек 200 тіл қалды. Тілдің өлу процесін тежеп, көпке дейін сақтайтын — аға ұрпақ өкілдері. Тілдердің өлу процесінің бірінші көрсеткіші — монолингвистердің (тек қана ана тілінде сөйлейтіндер) азаюы. Соңғы жылдары Дүние жүзі тілдерінің төрттен бірі 1000 сөйлеушіге, тең жартысы 10 000 сөйлеушіге азайған (лингвистердің болжамы бойынша, бұл тілдер жақын арадағы 50 жылда жойылады), сонымен қатар 455 тілді ана тілім деп есептейтіндер саны 100 адамнан аспаса, 310 тіл өлі тіл ретінде танылып отыр;
тіл мен диалектіге шекара қою қиын. Мысалы, Ұлыбритания, АҚШ, Жаңа Зелландия, т.б. жерлердегі ағылшын тілінің түрліше сөздік құрамы, сөйлеу, жазылу, айтылуы жөніндегі мәселелер әлі ортақ шешімін таппаған. Сондай-ақ, саяси, діни, әдеби алшақтықтар салдарынан хинди мен урду, бенгал мен ассам, серб пен хорват тілдері жеке-жеке дара тіл деп танылды. Ал қытай тіліндегі диалектілердің бір-бірінен алшақтығы соншалық, сол диалектіні ана тілім деп қабылдап, иероглифті танитындар ғана бірін-бірі ұғады;
Дүние жүзі тілдерінің қайсыбірінің арнайы атауы жоқ және кейбірінің атауы өзіне сай келмейді. Тілдер санын есептеу олардың атауларын есептеу арқылы жүрмейді. Мысалы, көптеген қауымдастық тілдерінің арнайы атаулары жоқ, атау ретінде сол тайпа өмір сүрген жердің, не өзеннің атауы, т.б. қолданылады. Дүние жүзі тілдерінде сөйлейтіндердің саны жайындағы мәлімет “Халықаралық лингивистикалық энциклопедияда” жинақталып берілген. Энциклопедияда көрсетілген 6604 тілдің ең үлкен тобын сол тілде сөйлейтін адам саны 1000-нан асатын 1631 тіл (25%) құрайды, ал ең аз тобын сол тілде сөйлейтін адам саны бір миллионнан асатын 283 тіл (4%) құрайды. Қазақ тілі миллиондық тіл тобына кіреді. 20 ғ-дың 80 — 90-жылдарындағы мәлімет бойынша, сөйлеушілерінің саны 15 млн-нан асатын тілдер саны 40-қа жетті. Дүние жүзі тілдерін жүйелеу мен сипаттау тілдердің жіктелімі түрінде жүргізіледі. Тілдердің жіктелімі генеалогиялық жіктелім және типологиялық жіктелім болып бөлінеді. Генеалогиялық жіктелім бойынша, Дүние жүзі тілдері өздерінің шығу тегінің бірлігіне, яғни туыстығына қарай тілдер шоғыры мен макрошоғырларғабөлінеді. Оған тірі тілдермен қатар өлі тілдер де енеді.

Халықаралық тiлдер[өңдеу]

Қазіргі халықаралық тілдермен саналадыҮлгі:Кем (ара тәртіп ортақ санның кемі иелен- тілмен):

 

 

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5_%D0%B6%D2%AF%D0%B7%D1%96_%D1%82%D1%96%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96

Халықаралық тіл http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%82%D1%96%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D1%80

0 дауыс
Ағылшын тілі қанша?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 11.04.2014 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
+1 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...