+6 дауыс
611 көрілді

Құрметті сайт қолданушылары.

Кеше түнделетіп мен сайттағы балл жинау жүйесін өзгерткен болатынмын. Олай еткендігімнің басты себебі сайтта шын белсенді, сайтқа пайдалы ақпарат көзін ұсынушы қолданушыны ай сайын анықтап отыр мақсатында жасалған болатын.

Алдын сайтымызда: https://surak.baribar.kz/faq#faq5

Сұрақ және Жауап сайтында тіркелген әр қолданушының жеке бетінде жинаған баллы көрсетілген. Сайтта алғаш тіркелгенде автоматты түрде +50 балл қосылады. Әр қойылған сұраққа +3 балл алады. Әр жауап берген жауабына +3 балл қосылады. Қолданушының сұрағыңа жоғары немесе төмен дауыс бергенге сізге балл қосылмайды.

Бағалау (Балл жүйесі)

- Сұрақ қойғанға: +3 балл

- Сіз сұрағыңызға жақсы жауап таңдасаңыз: +5 балл

- Жауап бергенге: +5 балл

- Сіздің жауабыңыздан кейін жақсы жауап болып белгіленсе: 10 балл

- Сіздің жауабыңызға жоғары/төмен дауыс:± 1 балл

- Барлық қолданушыға бастапқы балл қосу: 50 балл

Осындай жүйе арқылы жұмыс жасайтын. 

Қазіргі кезде балл жинау жүйесі біршама өзгеріске ұшырады. Енді балл жинау жүйесі келесі көрсеткіш бойынша жұмыс істемек.

Бағалау (Балл жүйесі)

- Сұрақ қойғанға: +2 балл

- Сіз сұрағыңызға жақсы жауап таңдасаңыз: +5 балл

- Жауап бергенге: +3 балл

- Сіздің жауабыңыздан кейін жақсы жауап болып белгіленсе: +20 балл

- Сіздің жауабыңызға, сұрағыңыз жоғары/төмен дауыс:± 1 балл

- Барлық қолданушыға бастапқы балл қосу: 50 балл

Сайттағы ешқандай қолданушының баллы азайтылып немесе көбейтілген жоқ. Тек балл сандарын анықтау үшін балл сандар өзгеріске ұшыраған соң, осы уақытқа дейін қолданушының істеген іс-әрекеттеріне байланысты жинаған баллы өзгеріп шыға келді. Мұны бұлай еткендігімнің себебі алдағы уақытта оң жақтағы Ай сайынғы белсенді қолданушыларды шынымен де пайдалы, Жақсы жауаптарына қарай анықтап бағалықты сыйлықты берерде анықтауда қолдансам ба деген ниет. Қазірзі кезде мен өзгерткеннен кейін жүйе дұрыс жұмыс істемей қалды. Алғашқы 3-тікті дұрыс анықтап, қалған ақпарат дұрыс көрсетпей тұр. Келесі ай яғни 1-нен бастап жүйе дұрыс анықтайды деген ойдамын. Барлық бағалау жүйесі дұрыс жұмыс жасаса, мен өз кезегінде сайтта конкурс өткізуді жоспарлап отырмын. Конкурсты өткізбестен бұрын сайттағы бағалау жүйесі нақты, қажетсіз дұрыс жұмыс істегенін анықтап алуым керек.

Тағы қосымша ұсыныс:

Сайттағы жинаған баллы бойынша Атақ-дәреже жүйесін орнатуды жөн көріп отырмын. Сондықтан мына жүйе бойынша анықтауды ұсынамын.

Атақ-дәреже аттары мен қанша балл жинау керектігі

- Жоғары ойлаушы - 40,000 балл

- Жасанды Интеллект - 30,000 балл

- Профессор - 20,000 балл

- Данышпан - 15,000 балл

- Доцент - 10,000 балл

- Кандидат - 8,000 балл

- Ойшыл - 6,000 балл

- Шебер - 4,000 балл

- Аға оқытушы - 3,000 балл

- Оқытушы - 2,000 балл

- Мұғалім - 1,000 балл

- Студент - 500 балл

- Оқушы - 300 балл

- Үйренбеген - 80 балл

Егер мақұлдасаңыздар осы балл бойынша анықтауды қосамын. 

Айтқандай @Meddi не үшін минус басып тастағансыздардар. Шынымен де дұрыс сұрақ ойып отыр. https://surak.baribar.kz/504621/ Орынсыз сайттан шеттеуге болмайды, қайта бір-бірлеріңізге бауырмал болып, бір жанұяның баласындай болайық достар.

Рахмет!

Үйренбеген деген қызық екен.Не сайтқа келгеннің бәрі 80 баллдан аз жинаса топ болғаныма?
@Meddi Сұрағы қандай болды?

8 жауап

+1 дауыс
Жасағаныңыз дұрыс. Бірақ, баллдары бойынша үйренбеген, жасанды интеллект деген біртүрлі сияқты. Бұл менің ойым. Рахмет.
+1 дауыс
"Жасанды интеллект" деген ыңғайсыздау сияқты. Осы аттас фантастикалық фильм бар )) Оны "Интелектуал" деп өзгерткен дұрыс сияқты. Сонымен қатар, "Үйренбеген" деген дәреже де қолайсыз естіледі. Оны "Жаңа қолданушы" деп ауыстырған жөн деп ойлаймын. Менің Интернетті пайдаланып келе жатқаныма 15 жыл болды. Әлсін-әлсін өзгерістер енгізе беру көптеген танымал сайттардың қолданушыларының азайып кетуіне әкеліп жатады. Себебі, одан сайттың тартымдылығы төмендейді. Мысалы: www.mahabbat.kz, www.birge.kz, www.my.nur.kz сияқты кезінде өте танымал сайттардың көп қолданушылары басқа әлеуметтік жүйелерге ауысып кетті.
Рахмет ағасы. Жақсы ұсыныс. Өзім де ыңғайсыз екендігін байқап отыр едім, сол сіздер алып қосар ойларыңыз болса қарастыруға дайынмын деген мақсатта жазып отырмын. Егер ертеңге дейін басқа ұсыныстар болмаса Жаңа қолданушы, Интелектуал сөздерін қолданатын боламын.
–1 дауыс
БӘРIimage .............
0 дауыс
- (Внеземной разум дегендей бір ерекше атақ дәреже керек сияқты және балл 50 000 болса) - 40,000 балл

- Жоғары ойлаушы - 30,000 балл

- Профессор - 20,000 балл

- Данышпан - 15,000 балл

- Доцент - 10,000 балл

- Кандидат - 8,000 балл

- Ойшыл - 6,000 балл

- Шебер - 4,000 балл

- Аға оқытушы - 3,000 балл

- Оқытушы - 2,000 балл

- Мұғалім - 1,000 балл

- Жас маман (немесе " Машықтанушы") - 500 балл

- Студент - 300 балл

- Оқушы - 80 балл
Жоғары ойланушы дегенді сəл өзгерту керек сияқты.
0 дауыс
Админ мырза, ұсыныс маған ұнады! Сосын М.вирус, Ако деген қолданушылармен келісемін.)
0 дауыс
Админ мырза өзімді редакторлыққа ұсынып едім, жауабын  ала алмадым сізден?
Редакторлыққа лайықты емессің.
Неге????????????
Сіздің ойыңызша кім лайықты редактор болуға?
0 дауыс
Бәсе, бір саты жоғарылап кетіппін.
0 дауыс
Барлықтарымен келісемін.
...