0 дауыс
1.9k көрілді
Азамат Сатыбалды ұлы туралы толық ақпарат керек? қанша баласы бар семиясы туралы толық ақпарат керек?

1 жауап

0 дауыс
Азамат Сатыбалдыұлы Сұраппаев - 1977 жылы Жамбыл облысының Рысқұлов ауданы (кезіндегі Луговой) Құдалық ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Үйдің тоғызыншы баласы. Мектеп бітірген соң, Қарағандыдағы Суворов атындағы әскери училищеде оқиды.

Алайда оны бітірмей, 1997 жылы Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының актерлер бөліміне оқуға түседі. 2001 жылы Қазақ Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа орналасады.

Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің бірнеше мәрте жүлдегері.

ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты

Сахнадағы негізгі рөлдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда – М.Әуезовтің «Абайында» Айдар, «Қарагөзінде» Нарша (реж. Б.Атабаев), «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Х.Әмір-Темір), «Қилы заманында» Хлыновский (реж. Ә .Рахимов), Д. Исабековтің «Жаужүрегінде» Долгоносов (реж. Е.Обаев), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») Қозы (реж. Қ. Сүгірбеков),

Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Құмар (реж. Б. Атабаев), Т. Нұрмағанбетовтің «Қожанәсір тірі екенінде» Түрікмен (реж. О. Кенебаев), «Ескі үймен қоштасуында» Доскел (реж. Е. Обаев), Ә. Таразидің «Ақын… Періште… Махаббатында» Медбрат (реж. Ә. Рахимов),

И. Сапарбайдың «Қыз мұңы» қойылымында Ғазиз (Реж. Е. Обаев, Т. Аралбай), Е. Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба» комедиясында Коля (реж. М. Ахманов), Т. Әбдіковтың «Ардагерінде» Ұлы (реж. Е. Обаев, Е. Нұрсұлтан), Р. Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарысында» Бейбарыс, т.б.

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда – Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Тибальт (ауд. Ә. Кекілбаев, реж. О. Салимов), «Гамлетінде» Гамлет (реж. Ю. Ханинга-Бекназар), Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Эгмонт Клаузен (реж. Р. Андриасян), Н. Хикметтің «Фархад-Шырынында» Фархад (реж. А. Әшімов), М. Байджиевтің «Қылмысында» Сағын (реж. О. Ақжарқын-Сәрсенбек), т.б.

 Кинорөлдері:

«Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Встречная проверка» фильмінде Дәулет, «Доктор Ахметовада» Доктор, «Парыз» телехикаясында Нартай және т.б.

Белгілі актер «Хабар» телеарнасындағы «Көшбасшы» және «Таң қалмаңыз…», «Іске сәт» бағдарламаларын әрлендіре, түрлендіре жүргізудегі шеберлігін танытты.
Отбасы туралы айтпайды

Ұқсас сұрақтар

...